«Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы «Жерге орналастыру негізі» пәні №5 Дәріс Жерге орналастырудың құқықтық негіздері Аға оқытушы Ахметкеримова Г.Е.
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларды жерге орналастырудың құқықтық негіздері ұғымымен таныстырып, жерді басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласы екендігін түсіндіру.
Қазақстан Республикасының Жер құқығы -жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Жер құқығының жүйесі дегенімізжер-құқықтық институттарының жер қатынастарың реттеудегі рөліне сәйкес ғылыми негізделген түрде орналасуы. Жер құқығы жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады. Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды. Барлық субъектілердің жерге қатысты тиісті және мүмкін жүріс-тұрысын анықтай отырып, жер құқығының бұл бөлімі барлық жерлердің санатына, олардағы меншік нысанына және мақсаттарына қарамастан құқықтық реттеуіне ортақ белгіні білдіреді.