Жертану ғылымы туралы жалпы түсінік. Географиялық қабық, географиялық ғылымдардың жүйесі- салалары



бет2/4
Дата16.12.2023
өлшемі40,66 Kb.
#197319
1   2   3   4
Байланысты:
емтихан сурактары

Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздікжәне құрлықтық болып екіге бөлінеді
Ауа массалары мен ауа фронттары арасындағы шекара «ауа фронты» деп аталады. Бұл фронттар ауа массаларының конвергенциясына байланысты пайда болуы мүмкін және температура мен ылғалдылық әр масса арасында әр түрлі болады.
Әуе фронттары әлемнің кез келген жерінде кездеседі және олардың ауа райы жағдайлары мен болжамдарын анықтауда маңызы зор.
Атмосфераның күрделі динамикалық жүйе екенін және фронттар ауаның қозғалысы мен өзгеруін түсінудің бір жолы екенін түсіну маңызды.
Сондықтан оқушылардың география және жалпы ауа райы туралы түсініктерін арттыру үшін осы тақырыпқа байланысты сабақтарды қайталауды ұсынамыз.

Циклон дегеніміз – дауылға ұқсас ауа массалары. Аумағы орасан зор. Диаметрі 100-ден 1000 шақырымға дейін аумақты алып жатуы мүмкін. Оны тек ғарыштан ғана көруге болады.
Антициклон орнаған кезде күн жылы, шуақты, ашық болады. Қыс кезінде тұман шығып, түнде аяздатуы мүмкін. Жазда антициклон кезінде жаңбыр жаумайды, соңы қуаңшылыққа баруы ықтимал.
Климат[1] (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс[2]) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның жүйелі өзгеріп отыруы.
Негізгі климат қалыптастырушы факторлар. Әр аймақтың климаты бір-біріне ұқсамайды. Жер бетінің кез келген бөлігінің климаты географиялық ендікке ғана емес, оның жер бедерінің пішініне, беткі жамылғысына, жергілікті жердің географиялық орны мұхиттар мен теңіздерге, мұхит ағыстарына қатысты жағдайына да байланысты. Климат мұхит немесе материктің ұлан-байтақ кеңістігі жақтан келетін ауа массаларының қасиеттеріне тәуелді.
Климаттың пайда болу себептері климат қалыптастырушы факторлар деп аталады.
Климат қалыптастырушы факторлар 4-ке бөлінеді. Олар: географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың әсері.


  1. Өсімдіктер организімінің құрылысы. Өсімдіктердің клеткасы. Клетканың құрылысы



Клетка-өте кішкентай тіршілік қабілеті бар тірі организмнің құрамдас бөлігі, жеке функционалды бірлігі. Клетка-тұтас организмнің барлық заңдылық қасиетін сақтайтын негізгі кішкентай бөлігі. Барлық тірі организмдер денесі, ең қарапайымынан бастап күрделі құрылыстарына дейін клеткадан тұрады. Клетка-өз бетімен тіршілік ете алатын, көбейетін, дамитын тіріжүйе. Клетка – аса маңызды тіршілік процесі жүретін орын. Клетка- көмір қышқыл газын, суды, күн сәулесі энергияның арқасында бойына сіңіріп, органикалық және биологиялық активті заттар қорын жинап, ылғи да зат алмасу процестері болып жататын орын, сонымен қатар клетка тұқымқуалайтын заттың құралуын қамтамасыз ететін орын. Клетка-өте кішкене әлем, тіршілік мәйегі.
Өсімдік клеткасын (1665 ж) ашып, оған алғаш сипаттама берген ағылшын ғылымы Роберт Гук (1635-1703). Ол өсімдіктердің жұқа кесіндісін 270 есе үлкейтетін микроскоппен қарап, олардың тор тәрізді не араның ұясына құрылымы бар екенін көріп, оны клетка деп атады. Клетка жөніндегі ұғымның одан әрі қарай дамуы ағылшын ғылымы Н.Грю (1672-1781) және итальян зерттеушісі М. Мальпигидің есімдерімен тығыз байланысты. Олар өсімдік клеткаларының формалары мен сабығына көңіл аударған.
Ағылшын ботанигі Р. Браун 1833 жылы клеткадан ядроны ашып, оған сипаттама берді, неміс ботанигі Х. Моль цитоплазманы ашты. Неміс оқымыстылары М.Я. Шлейден мен Т. Шван өсімдік клеткалары мен жануарлар клеткасының арасындағы сабақтастықтың, бірдейліктің бар екенін дәлелдеді.
2.Организмнің клетка құрылымының күрделеніп дамуы көбіне оның ядро аппарытының құрылысына байланысты. Клетка тірі заттан және тіршілік әрекетінен құралған заттардан тұрады. Клетканың тірі затын протопласт деп атайды, ол цитоплазмадан, ядро мен ядрошықтан, хлоропластан, лизосомадан, рибосомалардан, Гольджи аппаратынан, эндоплазмалық тордан, плазмодесмадан, микротүтікшелерден, байланысқан рибосомалардан, бұжырлы эндоплазмалық тордан, ядро қабықшаларынан және пластидтерден тұрады.
Цитоплазма –жас клетка кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, қоймалжың кілігейлі, түйіршікті зат. Цитоплазманы алғаш рет чех ғалымы Ян Пуркинье, 1840 ж. Неміс ботанигі Х. Моль 1846 жылдары ашып сипаттап жазды. Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласатын ерекше қасиеттері бар. Цитоплазманың басқа қасиетінің бірі үнемі қоғалыста болуына, қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. Цитплазманың барлық жағдайы, қозғалысы ортамен тығыз байланысты. Оның қозғалысын хара балдырдан, не элодея мен валиснерия өсімдіктерінен байқауға болады.
Ядро – цитоплазмада орналасқан клетканың басты органоидының бірі. Ол барлық эукариотты организмдердің клеткасына тән. Алғаш рет ядроны ағылшын ботанигі Р. Браун 1833 жылы ашып, сипаттап жазды. Ядроның сыртын белокты липоидтан құралған үлпек қабықша – мембрана қаптап жатады, ол екі қабаттан тұрады. Ядроның өзі кариолимфа деп аталатын ядро шырыны мен ядро заты –хроматин жіпшелерінен және бірнеше шар терізді денешік – ядрошықтар тұрады. Ядро цитоплазма сияқты түссіз, қоймалжың зат, бірақ цитоплазмаға қарағанда одан тығыз, жабысқақ болып келеді. Ядроның хроматин заты құрамында фосфоры бар күрделі, белок пен нуклеопротеидтен тұрады. Ядро –клетканың қажетті құрам бөлігі, зерттеулерге қарағанда ядросыз клетка тіршілігі бұзылады. Ядро цитоплазмамен бірге отырып клетка қабықшасының құрылуына және эндоплазмалық тордың пайда болуына, клетканың бөлінуіне, нуклеин қышқылы мен белок заттарын синтездеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет