Жеткіншек жас психологиясы Жоспары: Жеткіншектік жасқа өтудің психологиялық алғы шарттары Жеткіншектік жастағы негізгі жаңа құрылымдар



бет2/6
Дата16.10.2022
өлшемі37,32 Kb.
#153246
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жеткіншек жас психологиясы
Младший школьный возраст, 12 май праздник - Поиск в Google
Қосымша әдебиеттер:
1.Айсмонтас Б.Б.Общая психология: Схемы.—М:Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС,2002
2.Ананьев Б.Г.Психология и проблемы человекознания.\Под.ред. А.А.Бодалева.-М.,-Воронеж,1996
3.Аверин В.А.Психология детей и подростков.-М., 1998
4.Александрова М.Д. Проблемы социальной и психологической геронтологии.-Л:Изд-во Ленингр.ун-та,2004
5.Анциферова Л.И.Поздний период жизни человека: типы старения и возможности поступательного старения личности. Психологический журнал.1996.№6
6.Асеев В.Г.Возрастная психология: Учебное пособие.-Иркутск,1999
7.Братусь Д.С.Психологические аспекты нравственного развития личности.-М., 2005
8.Бурменская Г.В., Обухова Л.Ф. Современная американская психология развития: учебное пособие.-М., 1996
9.Выготский Л.С.Вопросы детской психологий.-М.,1997
10.Гальперин П.Я. Введение в психологию.-М.:Изд-во МГУ,1999
11. Гиппенрейтер Ю.Б.Введение в психологию.-М.:Изд-во МГУ,1996
12.Годфруа Ж.Что такое психология: в 2-з т.-М: Мир,1992
13.Ждан А.Н.История психологии. От античности до наших дней.-М.:Изд-во МГУ,1996
14. Кон И.С.Психология ранней юности.-М.,1999
15.Леонтьев А.Н.Деятельность.Сознание.Личность\\Избранные психологические произведения: В 2-х т.-М: Педагогика,1983.
16.Немов Р.С.Психология, т 2.-М., 1998
17. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории,факты,проблемы.-М.,1995.
18.Овчарова Р.В.Практическая психология в начальной школе.-М.,1998.
19.Эльконин Д.Б.Избранные психологические труды.-М.: Педагогика,1989.-560с.
20. Қойшиев Қ.Е. Жеке тұлғаның танымдық үрдістері.-Шымкент, 2010.
21. Малдыбаева А.О. Жеке тұлға диагностикасы.-Шымкент, 2010.
22. Таутаева Г.Б. Жас ерекшелігі психологиясы.- Шымкент, 2014.


1.Жеткіншектік жасқа өтудің психологиялық алғы шарттары
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуыдағы орны ерекше оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атаулармен бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болаты , өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айқындалады.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері туады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11 – 13 жаста, ер балаларда 13 – 15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10 – 11, ер балалар 12 – 13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11 – 15 жаста болады, дегенмен нақ осы жастан мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. Жамбас сүйектерінің бекуі 20 – 21 жаста аяқталады. Биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Моторика аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6 – 7 жастан 13 – 14 – ке дейінгі шақ - көптеген қозғалыс сапалары дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл – ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар эндокриндік қолайсыздықтар және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұқының бұзылуынан байқалады.
Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе – теңдік бұзылады да, жаңа тепе – теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл – мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет