қойылғанын
куәландыратын
құжаттың
телнұсқасын
алған
кезде
Қазақстан
Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.
4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке
қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi
қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының
немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай
негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның аты
бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атымен
айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке
қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн алым
төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат
агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпарат
агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмiрi мен жылы, айы,
күнi көрсетiлмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және
тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi
есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi
баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот
шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң
меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен
бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.
5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған
күннен бастап үш ай iшiнде мерзiмдi баспасөз басылымының өнiмiн шығаруға кiрiсу
құқығын
сақтайды.
Ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап алты
ай iшiнде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсу құқығын
сақтайды.
Мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң шығарылуын сот
тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi баспасөз басылымының және (немесе)
ақпарат агенттiгiнiң өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз
басылымының және (немесе) ақпарат агенттiгiнiң өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған
жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе)
ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
6. Мерзiмдi баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттiгi меншiк иесi ауысқан не
ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымының және
(немесе) ақпарат агенттiгiнiң аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тiлi,
таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты және шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген
жағдайларда
қайта
есепке
алынуға
жатады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.06
N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн
2-баптан
қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: