Эйлер дөңгелектері- кез келген пікірлердің ақиқаттығының жиындарын кескіндеуге арналған логикалық есептерде де және басқа көптеген жағдайларда да жақсы қолданылады. Есептер шартын Эйлер дөңгелектерінде кескіндеу есепті шешу жолын ықшамдайды, жеңілдетеді. 3. Жиындардың қиылысуы және оның қасиеттері.Жиындардың бірігуі және оның қасиеттерітері.
4. Жиындардың айырмасы.Толықтауыш жиын.Жиындардың декарттық көбейтіндісі.
5. Граф туралы түсінік.Графтар туралы Эйлер теоремасы .Жазық графтар.Байланған және байланбаған графтар.
Графтар теориясы-шектеулі математиканың кейбір мәселелерді шешуге геометриялық тұрғыдан келу тән бюолып табылатын бөлім. Граф теориясының негізгі мазмұны графтарды зерттеу болып табылады. Граф – «граф» — «жазамын» деген мағанадағы грек сөзінен алынған. Жазықтықта әртүрлі бес A,B,C,D,E нүктелерін белгілейік. Осы нүктелерді графтың төбелері, ал оларды қосатын сызықтарды \түзу немесе қисық\ графтың қабырғалары деа атайды.Бұл графты A,B,C,D,E нүктелерін қосатын сызықтар осы нүктелерден басқа ешбір нүктелерден қиылыспайтындай етіп те кескіндеуге боладыв. Қабырғалары тек төбелерінде ғана қиылысатын графты жазық граф деп атайды.