3. Пәннің қысқаша мазмұны. «Математикадан қазіргі заманғы сабақты ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің мақсаты студенттерді орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектеп математика курсын оқытуға дайындау, яғни жаңартылған мазмұндағы математикадан үлгілік оқу бағдарламасына және ұзақ мерзімді оқу жоспарына сәйкес орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құрастыруға, математиканы оқытудың белсенді әдістері мен оқу процесін ұйымдастырудың жаңаша формаларын үйретуге бағытталған.
Пәннің негізгі міндеттері: Студенттердің пәнді оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктер мен кәсіби дағдыларды қатар қалыптастыру; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен математиканы оқытудың нормативтік-құқықтық және оқу әдістемелік қамтамасыз етуді, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша жаңартылған білім мазмұны мен оқыту мақсаттарын құрылымдауды үйрету, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орта мектепте математиканы оқыту процесін ұйымдастыруға қабілетті мамандарды даярлау, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми және шығармашылық қызметке дайындау, нәтижелерді сыни тұрғыдан талдауға үйрету, еркін, демократиялық және құқықтық мемлекеттегі өз кәсіби қызметіне деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар:пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.