Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Ажар. Бүгін менің туған күнім.
Туған күніме ауылдан атам мен әжем келді. Анам дәмді тағамдар дайындады. Маған көп сыйлықтар берді. Ағам маған ертегілер кітабын сыйлады. Мен оған қатты қуандым. Мен кітап оқуды өте жақсы көремін.
Менің туған күнім көңілді өтті.
Ажардың туған күніне кімдер келді? А) анасы мен әкесі В) ағасы мен сіңлісі С) атасы мен әжесі
D) мұғалімі мен досы
[1]
Ағасы не сыйлады? Белгіле ().
[1]
Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін суретті белгіле ().
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |