Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып


«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет8/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#106373
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы (4)
7 нед срсп, 7 нед срсп, 6 апта срс

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау




Сөйлеу әрекетінің түрлері



Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды

(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту


Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді

  • Тыңдарманның назарын аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады



Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.

Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол алтын уақытымыз. Ол ешқашан қайта айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық жұмсай аласың.



  • Мәтін не туралы?

А) уақыттың құны туралы

В) уақыттың қадірі туралы


    1. уақыттың бөлігі туралы

    2. уақыттың пайдасы туралы



  • «Алтын уақыт» деп неліктен айтады?



  • Мәтіндегі уақытқа қатысты айтылған пікірлердің қайсысымен келісесің? Неліктен?



2-тапсырма

Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, өз ойыңмен бөліс.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді

1

мәтіннің тақырыбын анықтайды;

1

сөздің мағынасын түсіндіреді;

1

мәтінде берілген пікірге қатысты өз көзқарасын білдіреді;

1

өз ойына дәлелді пікір айтады;

1

Тыңдарманның назарын аудару үшін қаратпа

сөздерді қолданады



2


тақырыпқа сәйкес жүйелі сөйлейді;

1

ойын дәйектер келтіре отырып, нақты

жеткізеді;



1

сөйлемнің құрылымын сақтайды;

1

қаратпа сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1

Барлығы






9

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет