Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып


Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының сипаттамасы



бет8/18
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93518
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
1-ЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының сипаттамасы







Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Жанды табиғат Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)




Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

6

2

Оқылым

3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

2

5+6

3-4

Жазылым

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

2

5

Барлығы

4

16






11
    1. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі


«Әдебиеттік оқу» пәнінен


1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Мәтінді түсініп оқы. Cұрақтарға жауап бер.

Қызғаныштың кесірі


Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті айналдырды. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей сезінді.
Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрды да:

  • Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған да бере тұр,-деді.

  • Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де секіре бер,- деді Назым тыржиып.

Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.
Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап алды да, қабағын түйіп үйіне келді.
Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:

  • Қызым, саған не болды?-деп сұрады.

  • Ойын қызық емес - деді Назым.

  • Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді, - деді апасы жай ғана.

Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы көрінбеді.



  • Назым үйіне неге көңілсіз кірді?

  • Назымның Шынарды іздеуіне не себеп болды?

  • Шынар неліктен кетіп қалды?

  • Назымның қылығы дұрыс па? Өз ойыңды айт.

  • Назымға мінездеме бер.

  • Орфографиялық ережені сақтап жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет