Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып


-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет3/6
Дата13.11.2019
өлшемі459,44 Kb.
#51697
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
!22-ОШ БЖБ Физика 8-сын қаз
7-сынып қмж обнавленка

2-ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау

8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну



Бағалау критерийлері

Білім алушы • Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады • Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды • Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды

• Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану



Орындау уақыты

Тапсырма

20 минут



  1. Изотермиялық сығылу кезінде газ қоршаған денеге 800 Дж жылу мөлшерін береді. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай?

[2]

  1. Белгілі бір процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға кемиді.

    1. Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз.

[2]

    1. Газға қандай жылу мөлшері берілгенін есептеңіз.

[1]



  1. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 300 Дж жұмыс атқарылады, ал тоңазытқыш температурасы 280 К.

    1. Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтаңыз.

[1]

    1. Машинаның ПӘК-ін есептеңіз.

[1]

    1. Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазыңыз.

[1]



  1. Мотоцикл 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 100 км жолда 1,7 л бензин жұмсайды, ал қозғалтқыштың ПӘК-і 20 %. Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3. Бензиннің меншікті жану жылуы 46∙106 Дж/кг.

    1. Бензиннің массасын анықтаңыз.

[1]

    1. Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз.

[1]

    1. ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы жұмысты анықтаңыз.

[1]

Жалпы балл: 11



Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады



1

Термодинамиканың бірінші заңын қолданады;

1

Газдың ішкі энергиясының өзгерісін анықтайды;

1



Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды



2

a) Қай процесске байланысты екендігін анықтайды;

1

Термодинамиканың бірінші заңының формуласын жазады;

1

b) Газға қандай жылу мөлшері берілгенін анықтайды;

1

Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды

3

a) Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтайды;

1

b) Машинаның ПӘК-ін есептейді;

1

c) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазады;

1

Жылу қозғалтқышының

пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады



4

a) Бензиннің массасын анықтайды;

1

b) Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді;

1

c) ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы жұмысты анықтайды.

1

Жалпы балл







11

«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады

Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолдану қиындықтар тудырады.



Термодинамиканың бірінші заңын кез келген нақты жағдаяттарда қолданғанда қателерге жол береді.



Термодинамиканың бірінші заңын кез келген нақты жағдаяттарда дұрыс қолданады.



Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды



Жылу

қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау қиындық тудырады.



Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттауда кішігірім қателерге жол береді.



Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды.



Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды

Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін түсіндіруге қиындық тудырады.



Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін түсіндіреді, бірақ жауаптарында кішігірім қателерге жол береді.



Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципі дұрыс қалыптасқан.



Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсына алады

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін арттыру жолдарын ұсыну қиындық тудырады.



Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсына алады, тұжырымдама жасағанда қателерге жол береді.



Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын дұрыс ұсынады.



14


«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау

8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану

8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы

ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру



8.4.1.10 - конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау



Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Үйкеліс арқылы денені электрлендіру құбылысын сипаттайды

  • Кулон заңын есептер шығаруда қолданады • Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды

  • Конденсаторлардың құрылысын және

қолданылуын сипаттайды



Ойлау дағдыларының

деңгейлері



Қолдану



Орындау уақыты

25 минут



Тапсырма



  1. Эбонит таяқшаны құрғақ жүнге үйкегенде ол теріс заряд алды. Неліктен эбонит таяқша теріс зарядқа ие болды?

    1. Таяқша жүннен электрондар алды

    2. Таяқша жүннен нейтрондар алды

    3. Таяқша жүнге электрондар берді

    4. Таяқша жүнге нейтрондар берді

[1]

  1. Кеңістікте орналасқан екі нүктелік зарядтар көрсетілген. Олардың зарядтары сәйкесінше -12 мкКл және 4 мкКл. k = 9·109 Н∙м2/Кл2.

Нүктелік зарядтар вакуумда орналасқан және олардың ара қашықтығы 8 см деп есептеп әсерлесу күшінің сандық мәнін анықтаңыз.

[2]


  1. -q теріс электр заряды тудырып тұрған электр өрісі тарапынан С нүктесінде орналасқан зарядқа 𝑞= 3·10−7 P Кл зарядқа 0,035 Н күш әсер етеді. Осы С нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар.

[2]




  1. а) Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіріңіз.

[1]


b) Суретте конденсаторларды жалғау тәсілдері көрсетілген.



    1. сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз.

[1]

    1. сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз.

[1]

Жалпы балл: 8

16




Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Үйкеліс арқылы денені электрлендіру құбылысын сипаттайды

1

Үйкеліс арқылы дене қалай электрленетінін анықтайды;

1

Кулон заңын есептер

шығаруда қолданады





2

Кулон заңын жазады;

1

Зарядтардың әсерлесу күшін есептейді;

1

Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық

мағынасын анықтайды





3

Зарядтардың электр өрістерінің күш сызықтырын суретке салып көрсетеді;

1

С нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтайды;

1

Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды

4

Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіреді;

1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 1 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтайтын формуласын жазады;

1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 2 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтайтын формуласын жазады.

1

Жалпы балл







8

«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

төмен

орташа

жоғары

Үйкеліс арқылы денені электрлендіру

құбылысын сипаттайды





Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын сипаттау қиындық тудырады.



Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіргенде қателерге жол береді.



Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіре алады.



Кулон заңын есептер

шығаруда қолданады





Кулон заңын біледі, бірақ есептер шығарғанда қолдану қиындық тудырады.

Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады, бірақ есептеулерде қате жібереді.



Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады.



Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды



Кернеуліктің векторлық шама екенін ескермей, қателіктерге жол береді.



Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі.

Есептеулерде кішігірім қателерге жол береді.





Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі. Есептеулерде қателер жібермейді.



Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын

сипаттайды





Конденсаторлардың құрылысын біледі бірақ қолданылуын сипаттау қиындық тудырады.



Конденсаторларды жалғау тәсілдеріне қатысты есептеулерде кішігірім қателер жіберді.



Конденсаторлардың құрылысын біледі және қолданылуын сипаттайды.



18




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет