Жиырма алтыншы тарау: Сәуегей-балгерлер мен солар секілділер туралы



бет3/7
Дата21.07.2020
өлшемі145 Kb.
#63629
1   2   3   4   5   6   7
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:

Ырым туралы
Аллаһ Тағала былай деді:

مَعَهُ أَلا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لا يَعْلَمُونَ (١٣١)

«Ақиқатында, олардың сәтсіздіктері Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 131-аят).
قَالُوا طَائِرُكُمْ مَعَكُمْ أَئِنْ ذُكِّرْتُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ (١٩)

«(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті жаман ырым деп санайсыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер", - деді» («Я Син» сүресі, 19-аят).
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Бұл тарау осы кітапта келтірілуінің себебі ырымға сену көпқұдайшылыққа жататындығында. Ырымға сену таухидтің толықтығына қарама-қайшы келеді. Әрі шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, оның қауіптілігін көрсету үшін және адамдарды оған түсіп қалудан сақтандыру үшін осы тарауды арнайы бөлек етіп белгіледі.


Ырым – бұл адамның (әлдебір нәрсені істеуден бас тартуға шынайы (негізді, объективтік) себеп болып табылмайтын) қандай да бір нәрсені көріп немесе естіп, соның негізінде істейін деп жатқан нәрсесін істемей қоюға себеп болған негізсіз сенім.

Бұл аяттарда Пәк және Қасиетті Аллаһ ырымды Исламға дейінгі надандық дәуірі мен көпқұдайшылдардың амалдарының бірі болып табылатынын айтты. Әрі Аллаһ Тағала оларды осы үшін сөкті және жек көрді.


Аяттардан алынатын пайдалар:

  1. Аяттарда ырым Исламға дейінгі надандық дәуірінің және көпқұдайшылдардың амалдарына жататынына нұсқау бар.

  2. Аяттарда Аллаһтың тағдырына иман келтіру бекітіледі.

  3. Аяттарда адамның басына келетін сәтсіздіктер мен бақытсыздықтар оның күнәларының себебінен екеніне нұсқау бар.

  4. Бірінші аятта надандықты айыптау келген, өйткені надандық адамның не нәрселер көпқұдашылық болып табылатынын және оған алып баратын жолдарды білмеуіне алып келеді. Ал мұның салдары оның міндетті түрде соған барып түсіп кетуіне жеткізеді.

  5. Екінші аятта ықыласты насихатты қабылдау міндетті екеніне нұсқау бар, өйткені оны қабылдамау кәпірлердің сипаттарының бірі болып табылады.

  6. Аяттарда елшілер алып келген нәрселерде оларға ілесетіндер үшін тек игілік пен жақсылықтар бар екеніне нұсқалады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Індет өздігінше тарамайды, жаман ырымдар (ешбір нәрсеге) ықпал етпейді, жапалақтың жылауы – өтірік, сапар айының сәтсіз екені де – өтірік» (әл-Бухари, 5757, Муслим, 2220, 102). Муслимнің келтіретін нұсқасында келесідей қосымша бар: «...Жұлдыздар (әлдебір нәрсеге) әсер етпейді әрі жауыз рухтар да (тылсым күштер де еш нәрсеге) әсер ете алмайды» (Муслим 2220, 102).


Бұл хадисте ырымның негізсіз екене нұсқау бар, өйткені ол надандық дәуірінің наным-сенімі болып табылады.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте ырымға сенбеуге нұсқау бар.

  2. Хадисте ауру-індеттер Пәк Аллаһ Тағаланың қалауымен емес, өздігінше жұғады деп сенетін надандық дәуіріндегі адамдардың наным-сенімдерінің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  3. Хадисте жапалақпен және сапар айымен байланысты жаман ырымдарға сенудің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  4. Хадисте жұлдыздар әлдебір нәрселерге ықпал етеді деген сенімнің негізсіз екеніне нұсқау бар.

  5. Хадисте адамға зиян тигізе алатын әлдебір жауыз рухтар (тылсым күштер) бар екеніне сенетін надандық дәуірі адамдарының сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

  6. Хадисте Аллаһ Тағалаға тәуекел етудің және оған пана тілеп сиынудың міндетті екеніне нұсқау бар.

  7. Хадисте бірқұдайшылықтың іске асуының көріністерінің бірі ширкке алып баратын барлық жолдарды жабу екеніне нұсқау бар.

  8. Хадисте адамдардың қара немесе қызыл сияқты белгілі бір өңдермен, немесе (13 сияқты) сандармен, немесе мүгедектер сияқты кейбір адамдармен, т.с.с. ырым-сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Әнастан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Індет өзінен-өзі тарамайды, жаман белгілер әлдебір нәрселерге ықпал етпейді, әрі маған жақсы белгі (нышан) ұнайды». Одан: «Ал жақсы белгі (нышан) не болып табылады?», - деп сұрағанда, ол: «Жақсы сөз», - деп жауап берді (әл-Бухари, 5756. Муслим, 2224).
Бұл хадисте жақсы нышан ырымға жатпайтынына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:

  1. Хадисте игі нышан (жақсы белгі) тыйым салынған ырымға жатпайтынына нұсқау бар.

  2. Хадисте игі нышанның (жақсы белгінің) түсіндірмесі келген.

  3. Хадисте Аллаһ туралы жақсы ойлардың заңды екеніне және Ол туралы жаман ойлаудың тыйым салынғанына нұсқау бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет