Жиырма алтыншы тарау: Сәуегей-балгерлер мен солар секілділер туралы



бет2/7
Дата21.07.2020
өлшемі145 Kb.
#63629
1   2   3   4   5   6   7
ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Сиқырды алып тастау (нушра) туралы
Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осыдан бұрыңғы тарауларда сиқыр мен сәугейлік туралы баяндаған болатын. Ал осы тарауда ол сиқырды алып тастау (кетіру) туралы баян етеді, өйткені сиқырды алып тастау шайтандар мен сиқыршылар тарапынан жасалуы да мүмкін, әрі бұл таухидке қарама-қайшы болады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Жәбир, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сиқырды (басқа бір сиқырдың көмегімен) алып тастау туралы сұрағанда, ол: «Бұл шайтанның істерінің бірі», - деп жауап берді” (Ахмад, 3/294; Абу Дауд, 3868).

Абу Дауд былай деді: “Бұл туралы Ахмадтан сұрағанда, ол: "Ибн Масғуд бұған толығымен тыйым салатын», - деп жауап берген”.
Нушра – бұл сиқырланған адамнан сиқырдың зиянын (кесірін) алып тастау. Бұл сөздің өзі «жайып ашу» деген мағынаны білдіретін «нашара» етістігінен шыққан есім болып табылады. Оның мағынасы әлдебір ауру қандай да бір нәрсеге оралған болып, одан емделу үшін оны жайып ашу керек екенінде. Өз негізінде сиқырды алып тастау («нушра») шариғи әдістермен жасалса, жақсы амал болып табылады.
Бұл хадисте сиқырдың кесірлерін құрамында шайтани амалдары бар тәсілдермен, яғни Исламға дейінгі надандық кезінің әдістерімен алып тастауға тыйым салынғанына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:


  1. Хадисте сиқырдың зиянын надандық дәуірінің әдістерімен кетіруге тыйым салынғандығына нұсқау бар, өйткені бұл да сиқыр болып табылады, ал кез-келген сиқыр күпірлік болып табылады.

  2. Хадисте әлдебір харам нәрсеге түсіп қалмау үшін, білмегеніңді ғалымдардан сұрау міндетті екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------
Әл-Бухари Қатаданың мына хадисін жеткізген: «Мен Ибн әл-Мусайябтан: "Сиқырланған әрі (сондықтан да) әйеліне жақындай алмайтын адамды емдеумен айналысуға болады ма, әлде бұған тыйым салынған ба?», - деп сұрадым. Ол: "Бұда тұрған ешбір қорқынышты нәрсе жоқ, өйткені ол осынысымен игілік жасауды қалап жатыр, ал пайдалы нәрсеге тыйым салынбайды", - деп жауап берді».

Сондай-ақ әл Хасан әл-Басридің: «Сиқырды тек сиқыршы ғана кетіреді», - деп айтқаны жеткізіледі (Ибн әл-Жәузи «Жәми' әл-Масанид»).

Ибн әл-Каййим былай деді: «Сиқырланған адамнан сиқырды алып тастау екі түрлі болады:

Біріншісі – (сиқырды) өзі сияқты сиқырмен (кетіру). Бұл шайтанның амалдарының бірі болып табылады, әрі әл-Хасанның сөздерінде (дәл осы) меңзеледі. Мұнымен сиқырды кетіруші де, сиқырланған адам да шайтанға оған сүйікті болған іс арқылы жақындайды, әрі сиқыр осылайша кетіріледі.

Екіншісі – сиқырды дем салумен (руқиямен), Аллаһқа дұға етумен әрі басқа да рұқсат етілген тәсілдермен кетіру».
Қатада – бұл Қатада ибн Диама әс-Садуси әл-Басри. Жақсы жады (есте сақтау қабілеті) болған сенімді жеткізуші. Ол тума зағип болған деп айтылады. Шамамен һижраның 110 жылы қайтыс болды.
Бұл асарлар арқылы шейх сиқырдан емделудің шариғи үкімін түсіндірді, әрі олардың қайсысы тыйым салынған, ал қайсысы рұқсат етілгенін баяндап берді.

------------------------------------------------------------------------------------------------





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет