فَلا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ (٧٥)وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ (٧٦)إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ (٧٧)فِي كِتَابٍ مَكْنُونٍ (٧٨)لا يَمَسُّهُ إِلا الْمُطَهَّرُونَ (٧٩)تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ (٨٠)أَفَبِهَذَا الْحَدِيثِ أَنْتُمْ مُدْهِنُونَ (٨١)وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ (٨٢)
«Жұлдыздардың орындарымен ант етемін. Егер білсеңдер, ол – зор ант. Шын мәнінде, ол Сақтаулы Кітаптағы (Ләух әл-Махфуздағы) Ардақты Құран. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. Әлемдердің Раббысынан түсірілген. Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме? Ақиқатты жасынға шығаруларыңды өздеріңе ризық етесіңдер ме?» («әл-Уақиа» сүресі, 75-82 аяттар). Муслим (73).
Зейд ибн Халид, оған Аллаһ разы болсын – бұл танымал сахаба.
Бұл хадисте жаңбырдың жаууын әлдебір жұлдызға телудің тыйым салынғанына әрі бұл күпірлік пен өтірік деп аталғанына нұсқау бар.
Хадистен алынатын пайдалар:
Хадисте жаңбырдың жаууын әлдебір жұлдызға телудің тыйым салынғанына әрі бұл күпірлік деп аталғанына нұсқау бар.
Хадисте адамдарды оқытудың және оларға дұрыс наным-сенімге (ақидаға) қайшы келетін нәрселерді нұсқап көрсетудің заңды екеніне нұсқау бар.
Хадисте Аллаһ Тағаланың берген нығметі үшін Оған шүкіршілік білдірудің міндетті екеніне, әрі нығметті Аллаһтан басқаға телудің тыйым салынғанына нұсқау бар.
Хадисте адамдарды сұрақ-жауап тәсілімен оқыту әдісіне нұсқау бар, өйткені бұл білімнің оқытылып жатқан адамның жүрегіне терең енуіне ықпал етеді.
Хадисте егер біреуден өзгелер оның білмейтін нәрсесі туралы сұраса, ол жауап беруден қалыс қалуға және мұны білетін адамның түсіндіруіне ұсынуы керек екеніне нұсқау бар.
Хадисте Аллаһ Тағаланың мейірім деген сипатпен сипатталғанына нұсқау бар.
Хадисте адамды діннен шығармайтын күпірлік бар екеніне нұсқау бар.
----------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |