Жіктемесі Клиникалық жіктелуі: Целиакия жіктелуі, балалар гастроэнтерологтары XI съезінде қабылданған (Мәскеу, 2004) [2,16, 19]: Түрлері


Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер



бет2/11
Дата14.05.2024
өлшемі64,91 Kb.
#202190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Целиакия

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы глиадинге Ig А-ны анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы глиадинге Ig G-ны анықтау;
• ИХЛ әдісімен қан сарысуындағы целакияға Ig А-ны анықтау;
• ИХЛ әдісімен қан сарысуындағы целакияға Ig G-ны анықтау;
• молекулярлы-генетикалық әдісімен II топ қанына целиакияға HLA-типтеу жүргізу;
• қанның биохимиялық талдауы (глюкоза, жалпы ақуыз и ақуыздық фракциялар,холестерин, жалпы липид, фосфолипид, амилаза, липаза, темір, кальций, натрий, калий, фосфор, магний, мырыш, ферритин, трансферрин, СЖТБҚ, жалпы билирубин және фракциялар, АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, сілтілі фосфатаза);
• нәжісті зерттеу (копрограмма);
• иммунограмма;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы ТПО-А,ТГ-ге АТ анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы ТТГ, Т3, T4 анықтау;
• ИФТ әдісімен қан сарысуындағы СТГ анықтау;
• гепатобилиарлы-панкреатикалық аймақтың УДЗ;
• қалқанша безінің УДЗ;
• саусақ рентгенографиясы;
• кеуде қуысының рентгенографиясы;
• ЭКГ;
• ЭхоКГ.

Жедел медициналық көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар: жүргізілмейді

Диагностикалық критерийлер:
Шағымдары и анамнез:

Шағымдар:
Ерте жастағы балаларда: тәбеттің төмендеуі не болмауы, жүрек айну, құсу, метеоризм, жаман иісі бар сұйық, ботқа тәрізді және көп мөлшердегі нәжіс, іш ауруының қайталануы, іш көлемінің ұлғаюы, бой өсуінің тежелуі, салмақтың артта қалуы, бұлшықет гипотониясы, әлсіздік, шаршау, пассивті болу жүйке-психикалық артта қалу, емге көнуі қиын анемия.
Жасы үлкендеу балаларда: бойы аласа, темір жетіспеушілік анемия, тырнақ сынғыштығы, ангулярлы хейлит, рецидивті афтозды стоматит, жыныстық жетілудің төмендеуі, полиартралгия, геморрагиялық синдром, сүйек деформациясы, көптеген тісжегі, бұлшықеттік құрысулары, жүйке неврологиялық дамудағы артты қалуы, аллергиялық аурулар және т.б. [2, 3,12, 16, 17, 18, 19].

Анамнез:
Жаңа туылған балалардағы клиникалық симптомдар құрамында глютені бар тағамдарды қабылдаған соң 1,5–2 айдан кейін көрінеді (кейде 5-6 айдан 2 жылға дейін);
Целиакияға қауіп факторлары:
• физикалық не/немесе жүйке-психикалық дамуда артта қалуы, жыныстық жетілудің артта қалуы, эпилепсия, тұрақты анемия, остеомаляция, остеопороз, геморрагиялық диатез, артропатия, аменорея;
• целиакиямен ауыратын жақын туыстығы бар адамдар;
• «целиакиямен байланыстырылатын» аутоиммунды аурулар: қант диабетінің І типі, тиреоидит, гепатит, герпетиформды дерматит, склеродермия, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, идиопатиялық дилятациялы кардиомиопатия, алғашқы билиарлы цирроз, ішек ісіктері және т.б. [2, 3, 6, 12, 16, 17, 18, 19].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет