Аспаптық зерттеулер [6,12, 16, 19]: • ФЭГДС: атрофиялық дуоденит, еюнит, жіңішке ішек қыртыстарының болмауы («түтік»көрінісі), шырышты қабаттың бозғылт-сұр түсті болуы, қыртыстырдың көлденең жоғалуы, ұсақ фрагменттену, жұқа ақ жабынды («қырау» симптомы), лимфо-фолликулярлы дисплазия;
• Corazza и Villanacci (2005 г.) гистологиялық жіктелуі бойынша, ЖІШҚ биоптатының зерттелуі [4]:
– A дәрежесі: 100 энтероцитке 26 артық емес ЭАЛ инфильтрациясы;
– В1 дәрежесі: парциальды и субтотальды емізікшелердің атрофиясы, крипта/емізікше тереңдігі қатынасы 1-ден кем;
– В2 дәрежесі: тотальды и гипопластикалық емізікше атрофиясы, крипттердің тереңдігі айқын байқалады.
Мамандардың кеңесі үшін көрсеткіштер:
• стоматологтың кеңесі- тіс жегі мен ауыз қуысын санациялау мақсатында;
• невропатологтың кеңесі – неврологиялық симптоматика болса;
• эндокринологтың кеңесі – бойы аласа болса, гормональды бұзылыстар болса (қалқанша безі, жыныс бездері және т.б.);
• кардиологтың кеңесі ЖҚТЖ бұзылыстар болса.
Дифференциалды диагноз
1-кесте. Мальабсорбция синдромымен жүретін ауруларының сараланған диагностикасы
Ауру атаулары
Сараланған диагностика көріністері
Муковисцидоз (аралас, ішектік формасы)
Себебі: Ішек шырышты қабатының және ұйқы безінің экзокриндік бұзылысы.
Тұқым қуалау: жақан туыстарының муковисцидозбен ауруы.
Аурудың басталуы: көбіне емшекпен емізуден аралас тамақтандыруға көшкенде.
Клиникалық көріністері: сырт көрінісі: құрғақ сұр-жер түстес тері, аяқ-қолдарының арықтығы, саусақтарының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі,
Өзгерген кеуде қуысы, іш кепкен, бауыр ұлғаюы.
Созылмалы бронх-өкпелік үрдіс, іш өтуі, полифекалия, жаман ерекше иісі бар, жылтыр нәжіс, стеаторея, тік ішектің түсуі мүмкін.
Диагностика әдістері: нәжістегі панкреатикалық эластаза-1ге: деңгейі төмендеген;
копрограмма: бейтарап майлардың жоғары, қорытылмаған талшықтардың болуы, рН<5,0;
нәжістегі трипсин шоғырлануын анықтау: төмен не нөлдік;
Дуоденальды сұйықтықты зерттеу: липаза төмендеуі не болмауы, амилаза, дуоденальды сұйықтықтағы трипсин тұтқырлығының жоғарылау;
Ұйқы безінің УДЗ: ацинустардың атрофиясы мен фиброзы,
микрокисталлдардың болуы ;
тері тесті: оң (тердегі хлоридтер мөлшері 60 ммоль/л жоғары).