Себебі: сиыр сүтіндегі ақуызға иммунды реакция.
Тұқым қуалау жақын туыстарында аллергиялық аурулар болса.
Ауру басталуы: жасанды тамақтандыруға көшкенде дамиды.
Клиникалық көріністері: сиыр сүтін қабылдаған соң 1-3 сағаттан кейін кекіру, құсу, іш ауруы, шырыш не қан аралас іш өтуі, гипотензия, аллергияның терілік не респираторлы көрінуі. Ауыр жағдайда энтеропатиялық синдромдамиды: диарея нәтижесінде салмақ тастау, анемия, гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гипопротромбинемия.
Диагностикалық әдістер: Диеталық әдіс: күдіктенген ақуыз тағам құрамынан алып тастаса, көріністердің жойылуы;
иммунологиялық тест: тағамдық аллергендерге спецификалық Ig (казеинге, альфа- және бета-глобулиндерге); сарысулық IgG антиденеге;
копрограмма: сілтілі реакция, май қышқылдарының көбею көрінісіндегі стеаторея, белок пайда болуы мүмкін, трипсин активтілігі төмен;
ФЭГДС және ЖІШҚ биоптатының гистологиялық зерттеуі: шырышты қабық ойық жаралы, тез жараланады, ішек емізікшелерінің субтотальды атрофиясы байқалады. Интраэпителиалды және өзіндік пластинкада қабынулық және некротикалық өзгерістер, эозинофильді және плазмалық инфильтрация.
Дисахаридті жеткіліксіздік
Себебі: лактоза мен сахарозаны ыдырататын ферменттер синтезінің генетикалық ақауы.
Тұқым қуалау: жақын туыстарында лактаза жетіспеушілігі.
Ауру басталуы: лактозаны қабылдай алмаушылық баланы емшекпен емізгенде бірден дамиды, ал сахароза қабылдай алмаушылық сүт ботқаларын, жеміс шырындарын қабылдағанда көрінеді.
Клиникалық көріністері: бала беймаз, кекіру, жиі, сұйық, көпіршікті, қышқыл иісті нәжіс, метеоризм, іш кебуі, ауруы. Диарея нәтижесінде дегидратация, гипотрофия, гиповитаминоз және т.б. жетіспеушіліктер дамиды.
Диагностикалық әдістер: диетодиагностика: дисахаридты қабылдамаса диспепсиялық симптомдардың жойылуы;
жүктемелік тесттер: дисахаридтармен
2 г/кг мөлшерде жүктеме жасағанда
тегіс гликемиялық қисық (гликемия өсуі 1,1 ммоль/л-ден кем);
нәжістегі жалпы көмірсу мөлшерін анықтау: қалыптыда 1 жасқа дейінгі балаларда
0,25% 1 жастан асқанда теріс болады;
копрограмма: крахмалдың, талшықтардың, шырыштың көбеюі, рН<5,0;
ЖІШҚ биоптат белсенділігін анықтау:
лактаза, сахароза активтілігі болмауы;
тыныс алатын ауадағы сутегі, метан, көзделген көмірсу көлемін анықтау: лактозамен жүктемеден кейін ауадағы сутегі мөлшерінің 20 ррm ұлғаюы.