Жыл басы Наурыз!



Дата20.06.2018
өлшемі141,3 Kb.
#43775
"Жыл басы - Наурыз!"

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.Балалардың ойлау,қабылдау,зейін қабілеттерін дамыту.Елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,шарлар,

Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні, келді ағайын.

Той құтты болсын!

-Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар,балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған "Жыл басы - Наурыз" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ортаға екі бала шығады.

Рысбек: Ассалаумағалейкум,

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

Мақсат: Уағалейкумссалам

Ұлыс оң болсын

Пәле -жала жерге енсін!

Екі бала төс қағысып,аман-саулық сұрасады.



Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға шығады.Әжесі шашу шашады) Диана мен Жанайым.



Әжесі: Наурызым, құт әкелсін елімізге

Береке, ырыс кірсін жерімізге

Қуанышпен шығарып сап «Маймылды»

Бақыт боп "Тауық" кірсін елімізге



Наурыз қыз: Жасай бер жаңа күн!

Туа берсін, жаңа күн.

Дүр сілкінсін дала бір,

Құтты болсын жаңа жыл!



Ән: " Наурыз"

Жүргізуші: Келесі кезекте оқушылыларымыздың Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдап көрейік.

Бексұлтан: Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.



Данияр: Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар

Ән салуға құштар.



Жазира: Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді еркелеп.



Ғалымжан: Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен.

Көңіл гүлдей жайнасын.

Жүргізуші: Айтыскер ақындарымызды ортаға шақырайық.

Ерасыл мен Фатима

Ерасыл: Ерасыл ұлың мен болам,

Әке шешем мақтаған.

Жарыс десе жайнаймын,

Намысымды қорғаймын.



Фатима: Өнердің ашып есігін,

Шешендік сөзбен көсілдім.

Таныстырсам өзімді,

Фатима менің есімім.



Ерасыл: Ал, Фатима сұлу қыз

Қандай күшті бұрымың

Қасындағы қыздардың

Ішіндегі сұлу қыз



Фатима: Мені мақтап не істейсің,

Білем өзім сұлумын.

Дайынсың ба мектепке,

Соны айтып білдіргің.



Ерасыл: Көріп тұрсың сұлуым,

Жігіт деген атым бар.

Болашақта халқыма,

Призиден болу арманым.

Фатима: Әнде айта аламын.

Биде билей аламын,

Өзім бала болсамда,

Таудай үлкен талабым.



Екеуі бірге: Еркем, еркем еркем-ай,

Еркелеге еркем - ай.

Бүгін болған мереке,

Болсын тағы ертең-ай.



Жүргізуші: Келесі кезекті тақпаққа берейік.

Есбол: Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар, ел енді.

Райымбек: Наурыз той - салтымыз,

"Көгерсін" - деп халқымыз,

Көшеге тал, егеміз.

Томирис: Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш,

Күн нұрына кеңелді.

Малика: Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.



Еркеназ: Сүті көп те, көмірі аз,

Болады ғой Наурыз!



Батыр: Түрлі-түсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап.



Жүргізуші: Би: " Қара жорға"

Қазақ халқы қонақжай халық. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Өзіміздің салт-дәстүрімізге байланысты тойларды атап айтатын болсақ "Шілдехана", "Бесікке салу", "Тұсау кесу" т.с.с. тойларымыз көп екен. Ендеше ортамызға үлкен әжелеріміз бен сәбиізді шақырайық, "Тұсау кесу" рәсімін жасайды.



Жүргізуші: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі- бата тілек білдіру.

Қыдыр атамызды ортаға шықырып бата сұрайық.

Даниал: Армысың қонақтар, балалар!

"Батаменен ел көгере, Жаңбырменен жер көгерер" демекші,

Сұрасаң бата берейін.

Үстем болсын мерейің,

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын.

Қуаныштарың көп болсын!



Әумин!

Жүіргізуші: "Наурыз" мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет