«Жыланды орта мектеп-лицейі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата31.12.2019
өлшемі32,58 Kb.
#55181
«Жыланды орта мектеп-лицейі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мағжантану» факультативтік курсы
(Авторлық бағдарлама)

Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық

Сыныбы: 11

Құрастырған: Жанахметова Ғ.Ж.

2015 жыл

Бекітемін: Келісемін:

Алакөл аудандық Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы әдістемелік кабинеттің аға

_________А.Н.Бекболатова әдіскері

___________К.А.Калияева

«____»_________2015 «____»_________2015



Тақырыбы: Мағжантану

Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық

Сағат саны: 34

Сыныбы: 11

Түсінік хат


Қазақ әдебиетінің дарынды өкілдерінің ішінде асқан талантты, көркем

сөздің зергері, не жазса да жүрегінің әмірімен жазатын Мағжан

Жұмабаевтың есімін ерекше атауға болады. Аса қабілетті Мағжан өзінің

ұлы ақын екенін жыр сүйер қауымға көзінің тірісінде – ақ мойындатқан.

Бүгінде сыршыл ақынның әрбір туындысы нақты талдауды, сөз құдіретін

танытудағы өзіндік шеберлік өрнегін кеңінен әңгімелеуді керек етеді.

Ұсынылып отырған «Мағжантану» курсы Мағжан мұрасын зерттеуші

әдебиеттанушы-ғалымдар Шериаздан Елеукенов,Бақыткамал Қанарбаева,

Тұрсын Жұртбай, Зейнолла Қабдолов , Айгүл Ісмақованың зерттеу

еңбектерін, ақынның туыстары Ғаділша Қаһарманұлы Райхан Жұмабаеваның

естеліктерін пайдалана отырып, оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен

шығармашылығы жайлы толығырақ мәлімет беріп, жас ұрпақты әсемдікке,

ойлылыққа, асқақ адамгершілікке тәрбиелейтін Мағжан поэзиясымен

сусындату.

Жоспарға М.Жұмабаевтың ақындығы, қоғам қайраткері екендігі, өскен

ортасы,ақын шығармаларының тақырыбы, мазмұны, өзіне тән қайталанбас

сөз саптаулары, тіл көркемдігі, ақын туралы жазылған естеліктер негіз

болды.



Мақсаты:
Қазақ халқының ұлтжанды ақыны М.Жұмабаевтың өмірі және
шығармашылығымен тереңірек таныстыра отырып,
көркем шығармаға сыни тұрғыдан қарауға және шығармашылық жолға
бағыттау.


Міндеттері:


  • Мағжанның қазақ әдебиетінде өзіндік жолы, үлгісі бар, ұлттық



  • санамыздың оянып, өрістеуіне зор ықпал еткен ақын екенін



  • шығармалары арқылы ұғындыру;



  • Мағжанның ақындық шеберлігіне, ой ұшқырлығына, тіл



  • орамдылығына, сезім байлығына ақын шығармаларын поэтикалық



  • тұрғыда талдау арқылы көз жеткізу;



  • М.Жұмабаевтың көркем туындыларынан үзінділер жаттату, ақын



  • өлеңдерін сазына келтіріп, мәнерлеп оқыту арқылы елжанды, ұлтын



  • сүйетін мәдениетті, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу;



  • оқушылардың білім деңгейін , ой-түсінігін тереңдету, талдау, ойлау,



  • салыстыру, өз ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, әдеби-



  • шығармашылық жұмысқа баулу.


Күнтізбелік жоспар




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

күні

Сабақтың өткізілу түрі

Көрнекілік




І тоқсан













1

М.Жұмабаевтың өмір өткелдері, өскен ортасы

1




лекция, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы,

бейнефильм



2

Мағжан – Абайдан кейінгі бас ақын. (А.Байтұрсынұлы)

1




лекция, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Газет-журнал

3

Сағындырған сұлу жыр (Мағжан өлеңдеріне шолу)

1





талдау, жеке және топтық жұмыс

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

4

Мағжан және халық ауыз әдебиеті. «Жұмбақ» (мәнерлеп оқу)

1





мәнерлеп оқу, өзіндік ізденіс





5

Балалық шақ (жаттау)

1




ой шақыру, пікір алысу

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

6

Асық иіру (мәнерлеп оқу)

1




мәнерлеп оқу

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

7

Жүсіп хан

(кейіпкерлеріне талдау, мінездеме беру)


1





талдау,

проблемалық іздендіру



Таңдамалы шығармалар жинағы

8

Қайталау

1




сынақ жұмысы

тест тапсырмасы




ІІ тоқсан













9

М.Жұмабаев – белгілі қоғам қайраткері

1




лекция, сұрақ-жауап, пікірлесу

Газет-журнал

10

Мағжан-мәдениеті зор ақын. (М.Әуезов)

1




лекция, сұрақ-жауап, пікірлесу

Газет-журнал

11

М.Жұмабаев туралы жазылған естеліктерге шолу

1




түсіндіру, саралау,пайымдау

Ақын жайында жазылған мақалалар

12

М.Жұмабаевтың табиғат лирикасы

(өлеңдерін талдау)



1




талдау,іздену, топтық жұмыс

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

13

Мағжан шығармаларындағы көркем сөз айшықтары

«Есімде.. тек таң атсын», «Айға»

(көркем сөз айшықтарын табу)


1




талдау, берілген мәтіннен көркем сөз айшықтарын табу.

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

14

Ескендірдің екі мүйізі

(мазмұндау)



1




ой шақыру, проблемалық -іздендіру

Таңдамалы шығармалар жинағы

15

«Оқжетпестің қиясында» поэмасы

1




талдау, топтық жұмыс

Таңдамалы шығармалар жинағы

16

М.Жұмабаев – поэзияның хас шебері (шығарма жазу)

1




шығармашылық жұмыс







ІІІ тоқсан













17

Мағжан және Батыс-Шығыс классикасы

1




лекция, сұрақ-жауап, пікірлесу

Таңдамалы шығармалар жинағы

18

Мағжан шығармаларындағы символдық белгілер

1




лекция, сұрақ-жауап, іздендіру

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

19

Мағжан –сыншыл ақын

1




лекция,зерттеу- іздендіру

Таңдамалы шығармалар жинағы

20

Мағжанның махаббат лирикасы . «Жұлдызды-жүзік, айды алқа ғып берейін» өлеңі

1




талдау, топтық жұмыс

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

21

Жан сөзім (мазмұндау)

1




зерттеу, іздендіру

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

22

Мағжан аудармалары

Орман патшасы (Гетеден)



1




талдау, салыстыру, ой түйіндеу

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

23

Сұңқар жыры (М.Горький)

1




мәнерлеп оқу, ой түйіндеу, салыстыру

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

24

Александр Блок (мазмұндау)

1




салыстыру, пікір алысу

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

25

Тұғыры биік тұлға (шығарма жазу)

1




шығармашылық жұмыс







ІҮ тоқсан










26

Мағжан және Күншығыс

1




лекция, түсіндіру, сұрақ-жауап

Таңдамалы шығармалар жинағы

27

Мағжанның ақындығы туралы (Ж.Аймауытов)

1





түсіндіру, ой шақыру, пікір алысу

Газет-журнал

28

Мағжан поэмаларын қайталау «Қорқыт», «Батыр Баян», «Қаныш бай қиссасы» поэмалары

1




топтық жұмыс, талдау

Таңдамалы шығармалар жинағы

29

Ақынның саяси лирикасы

(осы тақырыпта жазылған шығармаларына талдау)



1




зерттеу, іздендіру жұмыстары

М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағы

30

Мағжанның мақалалар жинағына жалпы шолу

(Ақан сері,Бернияз Күлеев,Әбубәкір ақсақал Диваев, Базар жырау)



1




лекция, зерттеу, іздендіру жұмыстары

Газет-журнал


31

Мағжанның педагогикалық еңбектері (ғылыми еңбектеріне шолу)

1




лекция, зерттеу, іздендіру жұмыстары

«Педагогика»,

Орынбор,1922жыл



32

Мағжан әндері

1




ән тыңдау, Мағжан әндерін орындау




33

Мөлдір сезім, биік парасат

(Р.Нұрғалиев)



1




зерттеу, іздендіру жұмыстары




34

Қайталау

1




Сынақ жұмысы

тест тапсырмасы

Шығарманы оқып талдауға – 30 сағат

Шығармашылық жұмыс – 2 сағат

Жинақтап қорыту, қайталау – 2 сағат

Оқушылардың білім - білігіне қойылатын талаптар:

-Мағжанның өмірбаянынан толық мағлұматтары болуы;

-ақын қалдырған мол мұраны терең меңгеру;

-ақын поэзиясын поэтикалық тұрғыда талдай білуі;

-ақын өлеңдерін құрылысына қарай талдай білуі;

- ақын өлеңдерін сазына келтіріп, мәнерлеп оқи білуі;

-лирикалық кейіпкердің толғанысын, жан күйзелісін өлеңдерінен сезінуі,

жүрегімен ұғынуы;

-Мағжанның аудармашылық шеберлігін, ой ұшқырлығын, тіл орамдылығын,

сезім байлығын, кей шығармаларды дәлме-дәл, кей шығармаларды еркін

аударғанын мысалдар арқылы салыстырып, көз жеткізу;

-оқушының әдеби-шығармашылық жұмыспен айналысуы.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жүсіпбек Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. "Лениншіл жас"



№5 журналы , 1923жыл
2.Шериаздан Елеукенов. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі. "Астана-полиграфия" баспасы, 2008жыл
3.Мүтәллап Қанғожин. Менің Мағжаным. Қызылжар, 2010 жыл
4.Тұрсынбек Кәкішұлы. "Мағжан - Сәкен" Ғылыми-эссе, Алматы,"Қазақ университеті" баспасы,1999жыл
5.Бақыткамал Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. М.Жұмабаевтың шығармашылығы хақында. Алматы, "Ана тілі" баспасы,1998жыл.
6.Ғаділша Қаһарманұлы. Жәжеке. Естеліктер мен деректер. Алматы, "Қазығұрт", 2005
7.Зейнолла Қабдолов. Мағжан Жұмабаев . "Таңшолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналы. 2007,1. қаңтар-ақпан, Алматы
8.Айгүл Ісмақова. Алаш әдебиеттануы. Алматы , "Мектеп", 2009
9.Ұлттық поэзия падишасы: Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармагерлігі туралы / құрастырған Ф.Қ.Бектұрбекова. Алматы, Орталық ғылыми кітапхана, 2001

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет