Жылдамдық және оның футболдағы орны


Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы



бет5/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

1.1 Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы
Қазіргі футболда жылдамдықтың маңызы зор. Футболдың кең алаңында ойыншыларға тар келуі мүмкін, сол кезде техникалық әдістерді орындауда кім жылдамдық танытпаса, сол ойыншы әрдайым уақыт шегінен шығып кетеді.
Футболшылар қозғалыс қызметін орындағанда (жылдамдықты арттыру, секіру, допты ұру, жүгіру-тоқтау) негізгі ауыртпалық аяқтың бұлшықеттеріне түседі. Бұл футболшылардың жылдамдығын арттыру қажеттілігін және маңызын айқындайды. «Ойыншыларды қызметіне қарай бөлу олардың дайындығының жан-жақтылығына негізделеді. Бұл олар бәрін бірдей орындауы керек дегенді білдірмейді. Бірақ әр футболшы ойынның барлық тхникалық әдістерін меңгеруі керек және шабуыл мен қорғауда дұрыс әрекет ету қажет. Әсіресе ойыншы жеке қызметтерін жақсы орындауы керек [2, 51 б.].
Футболшылар қызметіне қарай қақпашы, артқы қорғаушы, ортаңғы қорғаушы, орта сызықтағы ойыншы, артқы және ортаңғы шабуылшы деп бөлінеді» [3, 212 б.].
Қақпашы. Қақпашы–бұл орта бойдан жоғары, атлетикалық дайындығы жақсы, реакциясы жылдам ойыншы. Жылдамдығы өте жоғары ойыншы.
Артқы қорғаушылар–өз командасының шабуыл әрекетінде қорғаушы ретінде сенімді әрі шебер ойынды үйлестіруші. Атлетикалық дайындығының деңгейі жоғары. Ойыншылар қозғалыстары жылдам әрі жерде де ауада да күресе білуі керек.
Ортаңғы қорғаушылар. Қорғаныстың ортаңғы жерінде әрекет ететін футболшыларды негізінде басты ойыншылар деп атайды. Себебі олар едәуір қауіпті алаңда қақпаны алу үшін күреседі.
Орта сызықтағы ойыншылар. Орта сызықтағы ойыншылардың әрекеті команданың жеңісі көбінесе соларға байланысты болғандықтан маңызды ойыншылар ретінде қарастырылады. Бұл ойыншылардың барлық матч кезінде жоғары қабілетке ие функционалды дайындығы жақсы болуы керек. Олар шабуыл және қорғаныс әрекеттерінде белсенді болулары керек және ойынның жоғары темпін сақтауы қажет.
Артқы шабуылшылар. Шабуыл сызығының басқа да ойыншылары сияқты артқы шабуылшылар футболда жылдам, епті және төзімді болулары қажет. Олардың маңызды қасиеті–әрекеттің темпін ауыстыра білу, қарсыласы үшін аяқастынан «шұғыл» әрекет ету болып табылады.
Ортаңғы шабуылшылар–бұл футболшының басты міндеті шиеленіскен шабуылдардың жалғасуында үздіксіз іздену, «өткір» шабуыл жасау, команданың шешуі ойыны кезінде белсенділік таныту болып табылады.
Л. Качани жылдамдықты мынадай бөліктерге бөледі:
1. Ойлау және әрекет ету жылдамдығы. Жылдамдық оның сұрақты қабылдап, оған жауап беру уақытымен анықталады. Ол жүйке жүйелерінің жылдамдығына және сезімталдыққа байланысты. Спорттық ойындарға күрделі реакция тән. Тәжірибелі ойыншыға өте жылдам әрекет ету қарсыласының әрекетін болжауға көмектеседі. Оның негізінде ойын тәжірибесі барысында жинақталған дағдылы әрекет жатыр.
2. Қарапайым ойын қимылдарын орындау жылдамдығы. Жоғары жылдамдықпен орындалатын қарапайым қимылдарда екі түрге бөлеміз: өспелі жылдамдық түрі (старттық жылдамдық) және тұрақты жылдамдық түрі (спринттік жылдамдық). Ойыншы дамыта алатын ең жоғарғы жылдамдық тек қана оның жылдам әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар динамикалық күшінің даму деңгейі мен қозғалу техникасының деңгейіне және т.б. байланысты болады.
3. Күрделі ойын қимылдарын орындау жалпы қозғала алу дағдысына байланысты. Доппен қозғалуда ойыншы техниканы меңгеру деңгейін көрсетеді. Дәл осы ойынның техникалық жағын меңгеру футболшыға жылдам ойын ойнауды көрсетуге көмектеседі.
4. Футболшылардың өзара әрекетінің жылдамдығы әдеттегі ойын кезінде футболшылардың өзара байланысына құрылған ойынды ұйымдастыруға байланысты. «Ойынды ойнап шығу әдісі команданың стилін, ойыншылардың өзара әрекетінің барлық құрылымын сипаттайды» [3, 223 б.].
Футболшылардың ойында барлық көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз қолдануы футболдың дамуының бір беталысы деуге болады. Сондықтан ойыншылардан жоғары жылдамдықта допқа ие бола алу қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет жасау қабілеті талап етіледі. Бойында шапшаңдық қасиеті болмаса керемет командадағы ойынға үміттену қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы жылдам әрекет ете білуде және қозғалыстарды орындауда байқалады.
Күш пен жылдамдықты тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі ол әртүрлі секіру жаттығулары. Футболист үшін ең маңыздысы ол өзінің қимыл-қозғалысын қадағалай алуы.
Қазіргі футболда әдістерді жылдам орындау өте маңызды. Кең футбол алаңы ойыншыларға таршылық етсе, техникалық әдістерді жылдам орындай алмайтындар әрдайым уақыт шегінен шығып кететін болады .
Футболшылардың қозғалыс әрекетінде (жылдамдықты күшейту, секіру, допты ұру, жүгіріп тежелу) негізгі жүк аяқ бұлшықеттеріне түседі. Бұл жарысқа түсетін ойындарда футболшылардың шапшаңдық қабілеттерін көтеру керектігін және оның маңыздылығын айқындайды. Сол себепті жас футболшылардың шапшаңдығын дамытуға ерекше назар аударылуы керек. Қазіргі уақытта ойыншыларды бөлу олардың дайындықтарының жан-жақтылығына қарай жүгізіледі. Бұл барлығы бәрін бірдей орындауы қажет деген сөз емес. Алайда әрбір футболшы ойынның барлық техникалық әдістерін игерген болуы керек және шабуыл мен қорғаныс кезінде дұрыс әрекет ете білуі керек. Әсіресе жеке ойын функцияларын футболшы жақсы орындауы қажет.
Жылдамдық футболшылардың өзара әрекеті. Яғни, жылдамдық ойынның ұйымдастырылуына байланысты болып келеді. Балалық және жасөспірімдік жаста жылдамдық қозғалыстарын игеруге ерекше назар аудару қажет, себебі бұл жаста осы маңызды дене қасиетін меңгеру мүмкіндіктері мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет