Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#55280
  1   2   3   4

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс


Қазақстан тарихы
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы:§10. 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына Білімділік: қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар (бағалау)
III. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
3. Кенесарының хандық билігі
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

Көтерілістің басталу себептері:


ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б

Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;

Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.

Көтеріліс қамтылған аймақ:


Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды

Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)


«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді.

Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан – таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен – Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», - дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.

ІҮ. Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:


Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.

Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.


Оқиғалар. Жылдар.
Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 - 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 - 1845. ж. ж)

Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)


«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып ждатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

• Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді


Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.
- Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды

Жылдар. Оқиғалар


1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты

Көтерілістің жеңілу себебі:


- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
V. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.” Венн диаграмма”
Деңгейлік тапсырмалар (таратып беру)

VI. Бекіту сұрақтары:


1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан, Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
3. Кенесары хандығыны4 құрылымы мен ХVI - ХVII ғ. қазақ хандығын салыстырыңдар?

VII. Үйге тапсырма: § 10. Оқу, түсінік бер


Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, Тест жұмысы
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу






Сабақтың тақырыбы : Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



Сабақтың мақсаты:

1.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайлы жан-жақты мағұлмат беру.Көтерілістің мақсатын,барысын, нәтижесі, тарихи маңызы жөнінде білі беру.

2.Патша үкіметіне қарсы бұған дейінгі білімдерін толықтыра отырып өзіндік ой қорытындыларын жаңа білімді меңгеруде пайдалану.

3,Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті»баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру


Сабақтың барысы:

1.Өткенді қайталау (тақтаға 10 сұрақ ашылады оқушылар жауап бергеннен кейін,төмендегі бағалау нормаларына қарап өзін-өзі бағалайды.)
Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі(тақырыбы)

1.Жаңаелек шебі қашан құрылды?

2.Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?

3.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?

4.Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады?

5.Қандай ережеге сай қазақтар тағыда 4млн десятина жерінен айырылыды?

6.1825ж жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусызбқырып жойды?

7.Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп-қонып жүрді?

8.Елек өзені бойында негізі қаланғанбекініс-қорғандарды ата.

9.Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметінің әскеріне ашық шабуылға шықты?

10.Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?

Дұрыс жауаптар:

1.1810ж


2.1822-1825жж

3.600 мың десятина

4.Көкшетау округі,аға сұлтан

5.1835ж8-наурыз «Орынбор губернисыныңқырғыз (қазақ)даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы»

6.Бұлдырты.Шиелі,Тамды

7.тама,табын

8.Изобильная,Боранды,Жаңаелек,Линев,Көмірлі,Вятлянская,Бердянская

9.1826ж31-қаңтар

10.1822ж

Бағалау


10,9- «5»

8,7,6-«4»

5,4- «3»

2,1- «2»
Еске түсірейік!

Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық?
Міне сондай көтерілістердің бірі!

Сабақтың тақырыбы:

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Жоспар:

Біз бұл сабақта мынадай мәселелерді қарастырамыз:

1.Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.

2.Кенесары Қасымұлы- аса көрнектімемлекет қайраткері.

3.Көтерілістің басталуы.

4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

5.Ханның алым-салық және сауда саттық саясаты.

6.Қарулы күштердің құрылуы.

7.Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.

8.Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі.

9.Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.

10.Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі.

11.Көтерілісшілердің Қырғызыстан аумағындағы қимылдары.

12.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.Көтерілістің тарихи маңызы.


1.Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.

Көтерілістің себебі:




Көтерілісшілердің мақсаты:

Қозғаушы күштер:

ұлттық құрамы.

2.

Кенесары кім?



Абылай хан

___________________________________

Альджан Тохта Тобыш Рыс (қалмақ) Сапай Сайман(қарақалпақ) Зора(ходжа)

Қамбар


Қасым


1.Ағатай

2.Саржан


3.Көшек

4.Есенгелді

5.Кенесары

6.Наурызбай



3.Көтерілістің басталуы.


Кенесары көтерілістегі шабуылды кімдерден бастады?- деп ойлайсыңдар.

Кезеңдері


1.Патша үкіметінежағынған 2.Шекара шебіндегі 3.Патша үкіметінің әскери

сұлтандар мен билердің Жасақтарына

шабуыл жасады

ауылын шауып алудан

Сұрақтардың жауабын тап.(оқулықпен жұмыс)

1.Көтерілісті тезірек бастаудың себебі неде?

2.Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы деген кім?

3.Көкшетау округіндегі ауылдарға шабуыл жасаған кім?

Ақмола бекінісіне басып кіру

Патша үкіметі осы әрекеттерді шешу үшін қандай амалдар қолданды деп ойлайсыңдар?

Орынбор губернаторы -В.Перовский

Батыс Сібір губернаторы-П.Горчаков





Уақытша бейбіт келісім жасалды


4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

1841 жыл Кенесары Қасымұлы хан сайланды

Бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды

Оны ханның өзі басқарды.

Кеңесші орган құрамы

? ? ? ? ? ?



6.Қарулы күштердің құрылуы.(сөздердің мағнасын ашу өзіндік жұмыс)

-20 мың сарбаз

-Жүзбасылар

-Мыңбасылар

-Айырым
7.Патша үкіметінің жазалау әрекеттері!!!

-1842 жылы Перовскийді Обручаев алмастырды.

-1842 жылы Сотниковтыңотряды Кенесарының ауылына шабуыл жасады.(Күнімжан)

-1843 жылы қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарылды.(3мың сом)
8.Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі.

1.Мақсаттары ?

2.Неге патша үкіметі күресті жалғастыра бермеді?

Кенесарыға қойылған талаптар:

1.Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды.

2.Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды.

3.Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді.

4.Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1 сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды.

5.Ресейге ұнамайтын шет елдермен қарым-қатнас жасауға рұқсат етілмеді.

9.Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

Кенесары Қасымұлы Қоқан хандығымен неге күресті?

1836 ж-інісі Сержан сұлтанды

Өлтірді.

1840ж -әкесі Қасым төрені




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет