Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Олай болса балалар біз бүгін сендермен мысық жайлы әңгәмелейтін боламыз.Балаларға мысықтың ойыншығын көрсету. Мысық қалай дыбыстайды.Мысықтың қылықтары сұрау,мысықты сипаттау.
Балалармен сурет арқылы жұмыс жасау.
1 суреттен не көріп тұрсыңдар?
Біз оны балалар «тентек» мысық деп айтамыз
2 мысық не істеп жатыр?
Біз оны ұйқышыл мысық деп айтамыз. «Ұйқышыл» қайталап айтқызу.
3 мысығымыз не істеп жатыр? Біз оны ойынпаз мысық деп айтамыз. «Ойынпаз» қайталау.
Енді балалар ойыншығымызды ұстап жүнін сипап көрейікші.Мысықтың жүні қандай?
Сергіту сәті:
Д/О: «Менің сүйікті мысығым»
|
Балалар тәрбиешіге назар аударып,тыңдайды.
Мысық жайлы білетіндерін айтып береді.
Суретте мысық сүтті төгіп тастапты .
«тентек» деп қайталайды
Ұйықтап жатыр
«Ұйқышыл» деп қайталайды
Доппен ойнап жатыр
«Ойынпаз» қайталайды
Мысық ойыншықты ұстап,жүнін сипап көреді.
Жұмсақ,үлпілдек
Балалар тапсырманы орындайды
|