Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет10/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды, заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды игереді.

Игереді: Математикалық жұмбақтарды шешуді, логикалық есептерді шешкен кезде талдай алуды, бір-біріне ұқсас екі суреттің айырмашылықтарын табуды.

Меңгереді: логикалық тапсырманы көрген мәліметтерін сүйене отырып шешуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №32

Күні:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Математикалық жұмбақ.Цифр туралы өткенді пысықтау.Кең,тар.Жыл мезгілдері».

Мақсаты: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді әрі қарай жалғастыру, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету, сандардың арасындағы байланысты түсіндіру, «тез», «баяу» ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру,заттарды еніне қарай салыстыруды үйрету, логикалық тапсырмаларды шешуді үйркту.

Қажетті көрнекті құралдар:карточкалар, заттық суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: математикалық жұмбақтар шешу

Қостілділік компонент/билингвальный: жыл мезгілдері-времена года

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

«Математикалық аукцион» ойын жаттығуы

Педагог балаларды математикалық аукционға қатысуға шақырады.

-Мен сендерге лоттар, яғни карточкалар ұсынамын.Оны тек заттың санын білдіретін цифрды жылдам көтерген бала ғана «сатып» ала алады.

Педагог лоттарды көрсетеді.

Ойын соңында нң бақытты «Сатып алушы» анықталады.

Балалар заттың санын білдіретін цифрды көрсетеді
Балалар жеңімпазды құттықтайды

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Суреттегі балапандарды санауды сұрайды.

Балаларға тапсырма:

-Суреттегі балапанның санын білдіретін цифрды нүкте бойымен қос.

2-тапсырма.

-Цифрларды тиісті карточкалармен қосыңдар.

Содан соң балалардан сұрайды:

-5 цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?

- 4 цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?

- Қанша сурет болса, сонша дөңгелекті бояңдар

3-тапсырма

Педагог кең жолды сары қарындашпен , тар жолды жасылмен бояу туралы тапсырма береді.

-Кең жолда не келе жатыр?

-Тар жолмен ше?

Педагог олардың мәреге асығып бара жатқанын айтады. Содан

соң балардан сұрайды:

-Мәреге бірінші қайсысы келеді?

-Неге?

Педагог балалардан жарыс жеңімпазын бояуды өтінеді.

4-тапсырма

-Суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Оң жақтан жаз мезгіліне сәйкес келетін суреттерді атап, нені бояйтындарыңды анықтаңдар.

-Ал қай суреттер артық? Неге артық?


Балалар балапандардың саны төотеу екенін анықтағаннан кейін , 4 цифрын көрсетеді бжәне бастырып сызады.
5 цифрын 5 гүлдің суреті бар карточканамен қостық .

4 цифрын 4 көбелегі бар карточкамен қостық.

Балалар 5 және 4 дөңгелекті бояйды.

Кең жолда жылқы келе жатыр.

Тар жолмен ұлу келе жатыр.

Жылқы бірінші келеді, өйткені ол тез шабады,ал ұлу баяу жүреді.
Жаз мезгілі бейнеленген .

Көбелек пен гүлді бояймыз .

Ағашты сызып тастадық, өйткені жапырақтар күзде түмеді.

Ал аққала тек қыста болады.


Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 пен 5 цифрларын салыстыруды ; «тез», «баяу», «кең» «тар» ұғымдарын;

Игереді: 5- ке дейін санауды , заттар санын цифрмен сәйкестендіруді ; заттарды еніне қарай салыстыруды.

Меңгереді: 4 және 5 цифрлары туралы түсінікті ; сандар арасындағы байланысты түсіне білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №33

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Реттік сандар туралы білімін нығайту.Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау».

Мақсаты: 5-ке дейін манауды жалғастыру, реттік және есептік санауды ажырата білу, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету,цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету,кеңістік байланысы(сол, оң жағында) туралы түсінігін нығайту , геометриялық фигуралар- Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.

Қажетті көрнекті құралдар:сандар карточкасы, ойындарға берілген суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: математикалық жұмбақтар шешу

Қостілділік компонент/билингвальный:бес-пять, тіктөртбұрыш-прямоугольник.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


Сандық қатармен жұмыс істейміз.

1-5-ке дейінгі цифрларды ретімен орналастыруды сұрайды
.

Балалар сандарды рет-ретімен орналастырады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балалардан сұрайды:

-Бөшкеде неше бақа бар?

-Ал 5 бөшкеде неше бақа болады? Балаларға дәптерлерін ашып, бес бөшкеде нещше бақа болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді.

Содан соң сұрайды:

-Қане, балалар қанща дөңгелек боядыңдар?

2-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Тақия толған сөк,

Күндіз тұрсам жоқ.

-Балалар,жұмбақтың жауабын табу үшін 1-5-ке дейінгі цифрларды түзу сызық арқылы рет-ретімен қосу керек.

-Не пайда болды?

3-тапсырма

Педагог балалрға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-Сол жақтың жоғарғы бөлігіндегі тіктөртбұрышқа ненің суреті салынған?

-Неше дана орамжапырақ бар?

-Сәбіз нешеу?

-Ал алма ше?

-Неше шиенің суретін көріп тұрсыңдар?

-Оң жаққа дөңгелек салыңдар. Сол жақтағы суретте неше жеміс пен икөкөніс болса, оң жақтағы шеңбердің саны содан біреуге артық болуы тиіс.

4-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Қандай геометриялық фигуралар бейнеленген?

-Бұл геометриялық фигуралар қандай заттарға ұқсайды?Фигураларды өздерің таныс заттардың суретін айналдырыңдар.

-Дөңгелектен қандай сурет шығаруға болады?

-Тіктөртбұрыштан қандай сурет шығаруға болады?

-Ал шаршыдан ше?

Сұрақтарға жауап береді.

Біреу.

Бесеу.
Бес дөңгелек.

Балалар цифрларды ретімен сызық арқылы қосып шығады. Жұлдыздың суреті пайда болды. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Бір.

Екі.

Үш.

Төрт.

Балалар дөңгелектерді салады.

Балалар сұрақтарға жауап береді, тапсырманы орындайды.

Сопақша, шеңбер, шаршы...

Дөңгелекті күн, шар, допқа ...айналдыруға болады.

Шкаф, терезе, есік...

Теледидар,сыйлық, портрет...



Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

-Балалар, еске түсіріңдерші, бес бақаға неше бөшке қажет болды?

-1,2,3,4,5 цифрлары нені білдіреді?

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандық және реттік санауды, реттік сандар туралы;

Игереді: кеңістікте бағдарлай білуді (солға, оңға), заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды;

Меңгереді: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша,тіктөртбұрыш туралы білімді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №34

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға».

Мақсаты: 1,2,3,4,5 цифрларын заттың санымен сәйкестендірудіс жалғастыру, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету,заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру, екі топтағы заттарды сәйкестендіруге жаттығузаттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен жеткізу (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде,арасында).

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: математикалық жұмбақтар шешу

Қостілділік компонент/билингвальный: сандар-числы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Педагог үстелге 1-ден 10 ға дейінгі цифрларды қояды. Содан соң балалардың бірін шақырып , бір цифрды алдырады және сол туралы өлеңді оқып беруін сұрайды.

Балалар цифр туралы өлеңді еске түсіреді .

Бұл-1 цифры...

Бұл-2 цифры...

Бұл-3 цифры...

Бұл-4 цифры...


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балаларға суреттерді мұқият қарап шығып , цифрларды сәйкес келетін суретпен қосуды тапсырады.

2-тапсырма.

Педагог балаларға суретті көрсетеді және сұрайды:

-Мұнда неше бала бар?

-Неше машина бар?

-Балалардың бәріне жете ме?

-Неге?

-Машиналар мен балалардың саны туралы не айтар едіңдер?
-Балаларға машина жету үшін ,неше машинаның суретін салуымыз керек?
3-тапсырма.

Педагог балалардан үй мен жұлдызшаның арасында , қолшатырдың үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстінде не тұрғанын сұрайды.
Педагог суреттерді бояуды ұсынады: жоғарғы оң жақ бұрыштағы суретті сары түспен, төменгі сол жақ бұрыштағысын қызылмен , ал төменгі оң жақ бұрыштағысын көк түспен бояу керек.
4-тапсырма

Педагог балаларға суретін көрсетеді. Бір-біріне өте ұқсас болғанымен, олардың айырмашылығы да бар. Балалар қанша айыырмашылық тапса, сонша дөңгелекті бояуы керек.
-Сендер мына суреттерден қандай айырмашылықтар таптыңдар?

Егер тапсыырма дұрыс орындалған болса, бес дөңгелек боялуы керек.




Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.

Төрт

Үш

Жоқ

Өйткені машинаға қарағанда балалар артық ал, машина балалардан кем.

Бір машинаның суретін саламыз.


Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды: жұлдызды сарымен, қолшатырды
қызылмен, баскиімді көк түспен бояйды.

Балалр айырмашылықтарын табады: суреттің бірінде күннің суреті бар, екіншісінде жоқ, сол жақтағы баланың жидесінің қалтасы бар, ал оң жақтағыда жоқ, сол жақтағы баланың шұлығының жолағы бар, оң жақта жоқ, оң жақтағы баланың шарында жолақ бар және қасында машина тұр, ал оң жақта олай емес.

Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар, сендер бүгін қандай цифрлар туралы тақпақ айттыңдар?

-Суреттердің арсында неше айырмашылық бар екен?

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.


1,2,3,4 цифрлары туралы.

Бес



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды;

Игереді: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

Меңгереді: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №35

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «5 цифры туралы өткенді пысықтау. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. «Үлкен», «кіші», «кішкентай» ұғымдарын бекіту».

Мақсаты: 5 көлемінде санау қабілетін күшейту, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, әртүрлі арақашықтықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыру, аяқталмаған фигуралардан геометриялық фигураларды көру қабілетін арттыру, «үлкен», «кіші», «кішкентай» түсініктерін нығайту.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, демонстрациялық, әңгімелесу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: екі топтағы заттарды салыстыра білу

Қостілділік компонент/билингвальный:үлкен-большой, кіші-маленький

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

«Сан және цифр» ойыны.

Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды үлестіреді.

Педагог балаларға 1,2,3,4,5 зат бейнелген карточкаларды кезек-кезек көрсетеді.

Педагог белгілі бір карточканы көтерген кезде балалар соған сәйкес санды көтеруі тиіс.



Балалар заттың санына сәйкес келетін цифрды көтереді.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-Балалар, аяқкиімдерге қараңдаршы, нешеу екен?

-10 қонақ келді деп айтуға бола ма?

-Тиісті цифрлар қоршаңдар?

-Қандай цифрды бастырып, сыздыңдар?
2-тапсырма

Педагог балаларға пойыздың суретін көрсетеді. Пойыздың вагондары жаңа және оларды нөмерлеуді ұмытып кетіпті. Педагог вагондарды нөмерлеуді ұсынады.

-Пойыздың неше вагоны бар?

-Пойыз қай бағытқа қарай бара жатыр?

Сергіту минуты.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Айналып билейміз,

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам,

Айналып білейміз.

3-тапсырма

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек-кезек тебеді

Ол тынымсыз зымырап,

Зыр жүгіре береді

Педагог балалрға суретпен мұқият танысуды ұсынады және сұрақтар қояды:

-Доп нешеу?

-Доптардың көлемі қандай?

-Бұдан да кішкентай тағы бір доптың суретін салыңдар.
4-тапсырма

Педагог балаларға геометриялық фигуралардың қабырғаларын көрсетеді.

Содан соң фигуоалардың қабырғаларынан шаршы, шеңбер, сопақша, үшбұрыш, төртбұрыш, шығатындай етіп суретті аяқтаңдар деген тапсырма береді.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:

Он аяқкиім.

Жоқ, әр бала аяқкиімді жұбымен киеді.

5қонақ келді.

5 цифрын бастырдық.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді

Бес.

Пойыз солға қарай кетіп барады.

Балалар жаттығу жасайды: Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Айналады,

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам,

Айналады.


Балалар шешуін табады: доп.

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды.

Үш доп.

Үлкен, кіші, кішкентай.


Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

-Сендер үшінші вагонға қандай цифрды жаздыңдар?

-Сендер салған доптың көлемі қандай еді?



Үш цифрын
Ең кішкентай




Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифрын, геометриялық фигураларды

Игереді: заттардың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіруді

Меңгереді:геометриялық пішіндер туралы түсінікті, «үлкен», «кіші», «кішкентай», «ең кішкентай» деген өлшемдерді ажырата білуді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №36
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «1-ден 5 ке дейінгі цифрлар. Цифрды заттың санымен сәйкестендіру».

Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету. Кеңістіктегі қарым-қатынастар туралы түсінік қалыптастыру. Заттар әртүрлі ара-қашықтықта орналасқан жағдайда топтарды теңестіру, балаларды 5 заттың арасындағы сәйкестікті табу,оларды бес-бестен топтастыруға үйрету.

Қажетті көрнекті құралдар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Логикалық тапсырмалар орындау

Қостілділік компонент/билингвальный :Жоғары-высоко, төмен-вниз

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Цифрды тап» д/ж.

Педагог 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды үстелге орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек шақырып, кез-келген бір цифрды алуын және сол туралы тақпақ айтып беруін сұрайды.

Балалар цифрлар туралы тақпақтар оқиды.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балалардан: «сендер қандай цифрларды білесіңдер?» деп сұрайды. Содан соң суретпен танысып, тек қана цифрларды бояуға тапсырма береді.

-Сендер қандай цифрларды боядыңдар?

«Гүлдесте жасаймыз» ойыны

2-тапсырма

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Балалар далада өсіп тұрған түймедақтарға қараңдаршы. Келіңдер, бәріміз бес-бес гүлден алып, гүлдесте жасайық та, достарымызға сыйлайық.

«Түрлі жіпті ...» сергіту минуты

Түрлі жіпті көк тауып ,

Кесте тікті ақ тауық

Қуандықта ақ қораз

Дайындады қақ біраз.
3-тапсырма

Педагог жұмбақ жасырады:

Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар,

Ағаш түбінде тұрағы бар.

-Балалар, суретке қарасаңдар, заттар саны біртіндеп көбейіп отырады. Заттарды санының өсуіне қарай бағыт сызығымен
сызып көрсеттіңдер.

4-тапсырма

Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

-Сол жақтағы жоғарғы суретте ненің суреті салынған?

-Оң жақтағы жоғарғы суретте ненің суреті салынған?

-Сол жақтағы төменгі суретте ше?

-Шаршылардың қасындағы заттарды мұқият қарап шығыңдар және жетпей тұрған фигураны бояңдар.

-Кәне, балалар, нені боядыңдар?

Балалр сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
1,2,3,4,5.


Балалр бес гүлден қоршап, оларды бір топқа біріктіреді.

Балар мәтін бойынша жаттығу жасайды

Балалар жұмбақтың шешуін табады:

Саңырауқұлақ

Балалар 1-ші саңырауқұлақтан бастап екіншіге, т.с.с. ретімен
сызып көрсетеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Алма ағашы

Алма
Шырша
Шыршаның бүрінің суретін боядық.

Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, затты топтастыруды.

Меңгереді: кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта,жоғарыда, төменде) туралы түсінікті.
Каталог: uploads -> doc -> 0563
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0563 -> «Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет