Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет9/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Күтілетін нәтиже:

Біледі:5 көлеміндедегі сандарды реттік санауды;

Игереді:сандық және реттік санауды айыра білуді, «қанша?», «нешінші»сұрақтарына дұрыс жауап беруді;цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;

Меңгереді: 1-5-ке дейінгі сандар туралы,заттың орналасуы жөнінде түсінікті(жоғары,төмен,арасында);ұзындығы бойынша 5 заттың арасындаңы сәйкестікті қоюды;ұзындығының артуына және кемуіне байланысты заттарды қатаға қоя білуд
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №28

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.Баланың зейінін дамыту».

Мақсаты: цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;математикалық жұмбақтарды шешу; баланың зейінін дамыту.

Әдіс- тәсілдері: : сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: заттық суреттер,санау материалдары,сандар карточкасы

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Зейін дамытуға арналған жаттығулар орындау

Қостілділік компонент/билингвальный/: жұмбақ-загадка


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Тыңда,сана,көрсет» ойын-жаттығуы.

-Балалар үстелдеріңде цифрлар жатыр.мен қол шапалақтаймын,ал сендер мұқият тыңдап,соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.

Балалардың алдына 1-5-ке дейінгі цифрлар жатыр.педагогтың тапсырмасын орындайды.

Цифрларды көрсетеді.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


«Математикалық жұмбақтар»ойыны.

1-тапсырма.

Педагог балаларды дәптерлерін ашып,ойын ойнауға шақырады.педагог математикалық жұмбақтар жасырады:

-Үш мысықтың құйрығы нешеу?

-Қоянның құйрығы нешеу?

-Екі балада неше құлақ бар?

-Екі есектің мұрны нешеу?

-Бес сиырдың басы нешеу?

Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

2-тапсырма.

Педагог балаларға әр картояканы тиісті цифрмен қосу туралы тапсырма береді.

-Суретте неше дөңгелек бар?оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Тіктөтрбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар.

3-тапсырма.

Педагог мысықтарды мұқият қарап, айырмашылығын табуды

сұрайды.Балалар қанша айырмашылық тапса,сонша дөңгелек салуы керек.

-Неше дөңгелек салдыңдар?



Балалар дәптердегі суретті басшылыққа ала отырып сұрақтарға жауап береді.

3мысықтың құйрығы 3
Қоянның құйрығы 1-еу.

2балада 4 құлақ.

2есектің мұрны 2-еу.

5сиырдың басы 5-еу.

3дөңгелек бар.

4үшбұрыш бар.

1 сопақша бар.

5шаршы бар.

2тіктөртбұрыш бар.

4 айырмашылық бар.2-ші суреттегі мысықтың кекілінде сызықтар жоқ,мұрты жоқ,мойынында галстук бар және құйрығында жолақтар бар.


Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балалардан сұрайды:

-Мысықтардың қасына қандай цифр жаздыңдар?

-Сиырлардың қасына ше?

-Екі цифрын қай жануардың қасына жаздыңдар?

Педагог тапсырмаларды белсенді орындағандары үшін балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

Үш.
Бес.

Есектердің қасына.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:3 пен 4 цифрларын;заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды;

Игереді:математикалық жұмбақтарды шешуді;цифр мен заттың санын сәйкестендіруді;бір-біріне ұқсас заттарды салыстыруды және айырмашылығын табуды;

Меңгереді:геометриялық фигураларды ажырата білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №29

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау.Реттік санау.»сол жақ», «оң жақ», «үстінде», «астында»».

Мақсаты: 1-5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау;5-ке дейін реттік санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші»сұрақтарына дұрыс жауап беруге

үйрету;символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.

Қажетті көрнекі құралдар: геометриялық фигуралардан құрастырылған заттар суреті,цифрлар карточкасы.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ретпен санау және кері санау

Қостілділік компонент/билингвальный/: нешінші?-какой, қанша-сколько?

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Математикалық әліпби» ойын-жаттығуы.

Педагог кез-келген цифрды алып,сол туралы өлең оқып беруді сұрайды.

Үстелде 1-5-ке дейінгі сандар жатыр.Балалар қалауынша өлең оқиды.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог 1 цифрн қызыл түспен,2-ні жасылмен,3-ті көкпен,4-ті сарымен,5-тіқызғылт сары түспен бояуды ұсынады.

Тапсырма орындалғаннан кейін балалардан сұрайды:-3 цифрн қандай түспен боядыңдар?

-4-ті ше?
2-тапсырма

Педагог балалардан суретке мұқият қарап ,төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтінеді:

-Суреттегі заттардың нешеу екенін айтыңдар.Содан соң ретін анықтаңдар.Ол үшін қалай санаймыз?

-2-ші,4-ші тұрған заттарды ата.оларды боя.

3-тапсырма

Педагог мысық құрастырылған геометриялық фигураларды ғана бояуға тапсырма береді.

-Балалар,сендер неше геометриялық фигураны және қандай фигураларды боядыңдар?

4-тапсырма

-Айгүл сурет салуға көмектесулеріңді сұрап отыр.Қандай сурет салатыныызды қазір Айгүлдің өзі


айтып береді.

Педагог тапсырманы оқиды:

Жоғары оң жақ бұрышқа бұлттың суретін;

Төменгі сол бұрышқа үйдің суретін;

Ал төменгі оң жақ бұрышқа шыршаның суретін;

Ортасына гүлдің суретін саламыз.

Содан соң педагог балалардан сұрайды:

-Күнді қай жерге салдыңдар

-Шыршаны қай жерге салдыңдар?

-Бұлтты қай жерге салдыңдар?

-Үйді қай жерге салдыңдар?

-Гүлді қай жерге салдыңдар?



Балалар цифрларды бояйды.


4-заттың суреті берілген.олардың ретін анықтау үшін 1-ші,2-ші.... деп санаймыз.2-ші киіз үй,4-ші тостаған тұр.

Балалар геометриялық фигураларды санап,5 үшбұрышты бояйды.
Ары қарай екі кішкентай үшбұрыш құлағы,бір үлкен үшбұрыш денесі,т.б екенін айтады.

Балалар тапсырманы мұқият тыңдайды және оны дәптерге орындайды.
Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін,қай жерде не салғандарын айтып береді.



Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-5-ке дейінгі цифрларды; геометриялық фигураларды;

Игереді: «қанша?», «нешінші»сұрақтарына дұрыс жауап беруге

үйрету;символдық белгілерден геометриялық фигураларды табуды;

Меңгереді: қағаз бетңнде бағдарлау туралы түсінікті(сол ,оң жақта,жоғарыда,төмен).

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №30

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: заттың санын цифрмен сәйкестендіру;үлгі бойынша санау.Нақты заттарды геометриялықденелермен салыстыру.сол,оң жақта.

Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіру қабілетін нығайту;айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көру қабілетін нығайту; заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды үйрету.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, практикалық,демонстрациялық.

Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы,жемістер суреті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Заттарды санау

Қостілділік компонент/билингвальный/: оң-правый, сол-левый

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

Педагог балардан 1-5 ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды.



Балалар педагогтің тапсырмасын орындайды.



Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балаларға тапсырма береді. Қалқанқұлақтың нені жинайтынын, ал қолтырауын Генаның нені жинайтынын бағдаршам мен көрсетіуі тиіс.Ол үшін ағаштардағы алмалармен алмұрттарды санап шығып, олардың қолындағы сәйкес келетін цифрға бағыт сызығымен қосу керек.Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Гена не жинады?

-Қалқанқұлақ не жинады?

2-тапсырма.

Педагог жолақтарға сол жақтағы цифрларға сәйкес келетіндей етіп фигуралар салып шығуларын сұрайды. Тапсырманың орындалу ретін қадағалап, сұрақ қояды:

-Неше үшбұрыш салдыңдар?

-Неге?

Осылай барлық жолақтар бойынша жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту минуты.

Жаттығулар балалардың қалаулары бойынша өткізіледі.

3-тапсырма:

Педагог балаларға геометриялық

фигураларды көрсетіп, олардың атын атап берулерін өтінеді.

-Неге оларды жазық фигуралар деп атайды?

-Біз өткен сабақтарда қандай көлемді фигуралармен таныстық, оларды кім атап бере алады?

Педагог дәптердегі тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды:

-Заттардың атын атаңдар?

Содан соң балаларға шар мен текшені өздеріне ұқсас фигуралармен қосуды тапсырады. Нақтылайды:

-Шарды немен қостыңдар?

-Текшені ше?

4-тапсырма:

Педагог:

-Қалқанқұлақ орманда келе жатыр.Ол сендерден жолдың оң жағы мен сол жағында кездескен заттардың атын атап шығуға көмектесулеріңді сұрайды.

Педагог балаларға Қалқанқұлақтың оң жағындағы заттарды бояуды тапсырады.Содан кейін олардан нені бояғандарын сұрайды.Нақтылайды:

-Қоянды қандай түспен боядыңдар?Неліктен?


Ағашта 5 алмұрт бар,ал Генаның қолындағы кестеде 5 саны жазылған.

Алма ағашында 4 алма бар, ал Қалқанқұлақтың қолындағы кестеде 4 саны жазылған.

Төрт.


Өйткені бір үшбұрыш салынған. Тағы төртеу салсақ, бесеу болады және сол жақтағы 5 деген цифрға теңеседі.


Өйткені олардың көлемі жоқ және біз оларды алақанымызбен жаба аламыз.

Текше және шар.
Қорап, доп, әріптер жазылған текше.

Шарды доп пе жібі бар шармен қосамыз.

Текшені қораппен, ойыншық текшемен.
Балалар заттарды қарап шығады және олардың атын атайды.


Қоян мен үйшік.
Сұр түспен. Өйткені ол жазда сұр болады.

Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балалардан мына нәрселерді еске түсіруді сұрайды:

-Текше мен шарға ұқсайтын тағы қандай заттар бар?

-Қолтырауын Гена нені жинады?Ал Қалқанқұлақ ше?

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.


Гена алмұрт, ал Қалқанқұлақ алма жинады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 5-ке дейінгісандарды, геометриялық фигураларды;

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, заттың орналасқан ретін сөзбен баяндауды;

Меңгереді: айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көре білуді, текше, шар сияқты геометриялық денелер туралы түсінікті;


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №31

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математиқалық жұмбақ. Алыс, жақын. Баланың зейінін дамыту».

Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету, логикалық тапсырмаларды көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді үйрету.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын

Қажетті көрнекті құралдар: қуыршақ театрының кейіпкерлері

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: зейінін аудару есептері

Қостілділік компонент/билингвальный:кейіпкер-герой.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі

Педагог:

Балалар, үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен өлең оқимын, ал сендер мұқият тыңдап соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды және тиісті цифрларды көрсетеді.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Қуыршақ театрының кейіпкерлері

-Қоян, тышқан және аю балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Олардың әңгімесіне педагог араласты. Сөйтсе, достар кімнің және қайда баратынын шеше алмай отыр екен. Педагог қонақтарға басу айтады және балалардан көмек сұрап көрелік деген ұсыныс жасайды.

Педагог балалардан сұрайды:

-Суреттегі көліктердің аты қандай және оның неше дөңгелегі бар?

Нақтылайды:

-Аңдардың кейімдеріндегі цифрлар ойыншықтың дөңгелегінің саны мен сәйкес болуы кеерк. Ендеше сан нешені көрсетсе, аңдар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді.

-Бағыт сызығы мен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер

-Қоян сұрайды:

-Машина кімдікі?

Тышқан сұрайды:

-Самокат кімдікі?

Педагог балалрдан:

-Велосипед кімдікі?- деп сұрайды.

Аңдар балаларға алғыс айтып, кетіп қалады.

Қоян балалармен бірге қалады.

2-тапсырма

Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді.

«Сұр қоян» сергіту минуты

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлнермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпақдап,

Көжегі екен өзінің

3-тапсырма

Қоян айтады:

-Менің үйім тиінмен кірпінің үйлері арасында. Кәне, балалар, айтыңдаршы, біздің қайсысымыз тиіннен алыс тұрамыз? Мен бе, әлде кірпі ме? Кәне, жауабын тауып көріңдер.

Педагог балалрға дәптердегі көмекті пайдалануды ұсынады.

Педагог қоянның тапсырмасын тағы бір қайталап оқиды, үймен оның қожайынын бояуға тапсырма береді.

Қоян бәріне рахмет айтып, кетіп қалады.

4-тапсырма

Педагог екі суретті мұқият қарап шығып, олардың айырмашылығын табуды сұрайды.

-Неше айырмашылықты тапсаңдар сонша дөңгелекті бояңдар.

Жұмысты аяқтағаннан кейін, педагог балалрдан сұрайды:

-Неше дөңгелек боядыңдар?

-Қандай айырмашылық таптыңдар?

Самокатта екі дөңгелек, велосипедте 3, машинада 4 дөңгелек бар

Аюдікі. Өйткені оның киімінде 4 деген цифр бар

Қояндікі, өйткені оның киімінде 2 цифры бар
Тышқандікі, өйткені оның киімінде 3 цифр бар
Балалар жасырынып тұрған қояндардың барлығын санап, 5 қоянды бой\яйды.


Балалар өлеңнің мәтіні бойынша қоянға тән қимылдарды жасайды

Балалар суреттен қоянның үйін тауып көрсетеді.

Тиіннен ең алыс тұратын кірпі. Өйткені кірпінің үйі менің үйімнен кейін тұр.

Қоян мен оның үйін бояды.


Төрт айырмашылықты тауып, төрт дөңгелекті бояйды. Сол жақтағы суретте күн, оң жақтағысында бұлт тұр, оң жақтағы суретте көбелек бар, сол жақтағыда жоқ.

Сол жақтағы суретте ағаштың жапырағы бар, ал оң жақтағыда жапырақ жоқ.

Оң жақта тұрған суретте гүлдің жапырақтары бар, ал сол жақтағы суретте гүл жапырағы жоқ.

Рефлексивті-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалардан қорытынды шығаруды сұрайды: 4 артық па,5 артық па?

Балалар қорытынды шығарады: 5саны 4-тен үлкен, 4саны 5-тен кіші..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет