Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет6/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифрын,қыс мезгілінің ерекшеліктерін

Игереді:математикалық жұмбақтарды шешуді 5 цифрын нүкте бойымен бастыра салуды, заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды, (сол жақта, оң жақта, алдында, артында);

Меңгереді: 5 саны мен цифры туралы түсінікті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №18
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: 5 цифрытуралы өткенді бекіту, 4-5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікте бағдарлау. «алдында, үстінде, астында, артында»..

Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, бір-бірінен әртүрлі ара-қашықтықта орналасқан заттар тобын теңестіруді үйрету, айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету, «алдында, үстінде, астында, артында» түсініктерні бекіту.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.

Үлестірмелі материал: әр үстелге ұсақ ойыншық салынған 2 қорап қойылады (ұзын, қысқа шыршалар). Әр баланың қолына 2 бос жолағы бар карточка беріледі.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: бағдарлау жұмыстары

Қостілділік компонент/билингвальный: алдында-впереди, артында-задий

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Сан және цифр» ойыны

Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар жиынтығын береді. Педагог балаларға - саны жағынан әртүрлі зататрдың суреті бар (1,2,3,4,5) карточкаларды кезекпен көрсетеді.

Балалар тиісті жазылған карточкаларды көрсетуі тиіс.



Балалар тиісті цифрлар жазылған карточкаларды көрсетеді


Ұйымдас-

тырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға сұрақтар және тапсырмалар береді:

-Әр қатарға сол жақтағы цифрға сәйкес фигураны жапсырыңдар

-Неше сопақша салдыңдар?

-неше шаршы салдыңдар?

2-тапсырма.

Педагог суретті мұқият қарап шығуды тапсырады. Содан соң барлық заттардың геометриялық фигураларға ұқсайтынына балалардың назарын аударады. Педагог балпаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Заттардың атын атаңдар.

-Геометриялық фигураларды атаңдар.

-Заттардың өздеріне ұқсайтын геометриялық фигуралардың суретімен қосыңдар. Қай фигураны қандай затпен қостыңдар?

Сергіту минуты.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Айналып билейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам

Айналып билейміз.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог тапсырма береді:

«Менің қолымдағы карточкада неше дөңгелек бар екен, санап шығыңдаршы, балалар. Содан соң карточканың жоғарғы жолағына биік 4 шыршаның суретін салыңдар ((4 дөңгеоегі бар карточка көрсетеді)»

Сосын 5 дөңгелегі бар карточканы көрсетіп, тағы бір тапсырма береді:

-Мына карточкада неше дөңгелек болса, төменгі жолаққа сонша қысқа шырша салып шығыңдар.

3-тапсырма.

Педагог балалардан сұрайды:

-Жоғары жолақта

Неше шырша түрі бар?

-Төменгіде ше?

-Олардың саны туралы не айтуға болады?
-Олардың саны тең, яғни бес-бестен болуы үшін не істеуіміз керек?

Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір шырша бүрінің суретін салуды сұрайды.

-Енді олардың саны туралы не деуге болады?

Әр қатардағы суреттердің ара-қашықтығына назар аударады.

Педагог былай деп нақтылайды: шырша бүрінің ара-қашықтығы әртүрлі болғанына қарамастын олардың саны тең, бірдей.

4-тапсырма

Педагог балаларға мынандай тапсырма береді:

Шаршының ішіндегі шеңберді жасылмен, шаршының сол жағындағы шеңберді көкпен бояңдар.


Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді

Бес сопақша салдық

Төрт сопақша салды


Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді. Доп, сағат, тоңазытқыш, қалпақ, қияр.

Шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрыш.

Сағатты шаршымен, допты дөңгелекпен, тіктөртбұрышты тоңазытқышпен, үшбұрышты қалпақпен, сопақшаны қиярмен қостық.

Балалар өлең мазмұнына қарай жаттығу жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.

Төрт шырша

Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда шырша бүрінің саны кем, ал төменгіде жоғарыға қарағанда шырша бүрінің саны кем, ал төменгідежоғарыға қарағанда артық. Жоғарғы жолаққа тағы біреуін саламыз.

Енді олар теңесті.


Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифры, дөңгелек, шаршы т.б. фигуралары

Игереді: заттардың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіруді, 4-5 сандарын салыстыруды.

Меңгереді: геометриялық пішіндер туралы түсінікті, кеңістікте бағдарлауды,»алдында», «үстінде», «астында», «артында».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №19

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы.

Мақсаты: 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беру. Қағаз бетінде бағдарлауға үйрету, заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету, 5 затты ұзындығына сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру (заттың ішінен ең ұзынын (қысқасын) алу керек деген ережені ұстану керек).

Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы 20-дан 12 см-ге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру керек.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қағаз бетінде бағдарлау жұмыстары

Қостілділік компонент/билингвальный/: жолақша-полоски, ұзындық-длина

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


Педагог балаларға тақтада жұмыс істеуді ұсынады:

-Балалар , менің үстелімде жатқан цифрлардың арасынан 3 пен4 сандарын табыңдар және солар туралы тақпақ айтып беріңдер.


Балалар 3 пен 4 цифрларын табады және тақпақ айтады:

Бұл-3 саны...

Бұл-4 саны...

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Педагог алдымен қай балада неше жолақша барын және олардың түсін анықтауға көмектеседі. Олардың ұзындығы туралы қандай пікір айтуға болатынын түсіндіреді.

-Кәне балалар ең ұзын және ең қысқа жолақшаны көрсетіп беріңдер.

-Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін қағаз бетіне жайып қойыңдар. Содан соң педагог 2-3 баланы шығарып, жолақты жоғпрыдан төмен, төменнен жоғарыға жылжыта отырып, өлшемін ретімен атауды сұрайды, ал қалған балалардан сәйкес жолақтарды саусақпен санап отыруды сұрайды.

Соңында педагог мынандай сұрақ қояды: «Барлығы неше жолақша бар екен? Оларды қандай тәртіппен орналастырдық?»

«Аппақ, аппақ...» сергіту минуты.

Аппақ, аппақ қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ,

Қырау-қырау тал аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

«Қолғапқа жасырынған кім ойыны?»


1-тапсырма

Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және мынандай сұрақтар қояды:

-Балалар, суретші мына суретті қай ертегіге арнап салған?

-Бұл ертегіге бірінші болып кім келеді?

-Екінші ше?

Бесінші болып келген кім?

-Суретші ненің суретін салуды ұмытыпты?

Берілген тапсырма бойынша балалар екінші және төртінші келген аңдарды бояуы тиіс.

2-тапсырма

-Балалар сол қолдарыңмен оң құлақтарыңды, ал оң қолдарыңмен мұрындарыңды ұстаңдар.

балалардан Маратқа тіктөртбұрыштың ортасында дөңгелек, жоғарғы оң жақ бұрышында шаршы, төменгі оң жақ бұрышында үшбұрыш, жоғарғы сол жақ бұрышында тіктөртбұрыштың суретін салуды сұрайды.

-Тіктөртбұрыштағы фигуралар қалай орнаалсқан?

«Қоян қандай фигуралардан құралған?» ойыны.

3-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Дөңгелек те, емес

Шеңбер де, емес,

Бірақ соған ұқсап тұр. Бұл не?

суретті мұқият қарап шығып, қоянның қандай фигуралардан құралғандығын сұрайды.

Содан соң қоян құрастырылған геометриялық фигураларды бояуды тапсырады.

-Неше дөңгелек боядыңдар? (2)

-Неше сопақша боялды? (5)

4-тапсырма


Балалар жолақшалармен жұмыс істейді.


Балалар жаттығуларды өз бетінше орындайды.
Балалар суретті қарап шығады және сұрақтарға жауап береді.

«Қолғап» ертегісіне.

Тышқан

Бақа

Қасқыр

Ит

Балалар бақа мен түлкіні бояйды.
Балалар суретті қарап шығады және сұрақтарға жауап береді.


Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Сопақша


Қоян сопақшалар мен шеңберлерден құралған. Екі. Бес.

Рефлексивті -түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Суретші «Қолғап» ертегісінен неше аңның суретін салыпты?

-Түлкі нешінші келді?

Педагог балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

Бес аңның суретін салады.

Түлкі төртінші келді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 саны көлемінде санауды, заттардан геометриялық фигураларды табуды.

Игереді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді, қағаз бетіне бағдарлауды.

Меңгереді: ұзындығы бойынша 5 зат арасындағы қатынасты қою туралы түсінікті, қалған заттардың арасынан ең ұзынын (ең қысқасын) таңдау қажеттігін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №20

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы : «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Мақсаты: реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.

Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекі құралдар: көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: геометриялық пішіндес заттарды қарау

Қостілділік компонент/билингвальный/: көлік-транспорт


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


«Жұмбақтың шешуін тап» ойыны.

Педагог балаларға екі, үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады:

Екі аяғым оны

Кезек-кезек тебеді,

Тепкен сайын

Алысқа желеді.

Педагог сұрақ қояды:

-Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектеседі.


Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі: велосипед
Екі, үш, төрт, бес


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға тапсырма береді:

-Балалар, гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар. Біріншісін қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен.

-Гаражға барлығы неше машина кірді?

Педагог гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші, ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады.

Педагог гараждан шығып келе жатқан машинаны бояуға тапсырма береді.

-Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?

-Ал қызыл ше?

-Екінші қатардағы сары машина нешінші?

-Бірінші қатардағы қызыл машина ше?

-Бірінші қатардағы жасыл машина нешінші?

Сергіту минуты.

Оңға бір қадам

Солға бір қадам

Айналып билейміз

Алға бір қадам

Артқа бір қадам

Айналып билейміз

2-тапсырма

Педагог сұрақ қойып тапсырма береді.

-Үшбұрышта неше дөңгелек бар?

-Дөңгелекте неше шаршы бар?

-Шаршы мен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер?

-Үшбұрыштағы, дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар.

3-тапсырма

Педагог балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады:

-Бесікарба қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-Бесікарбада қанша фигура болса, шаршыларға сонша геометриялық фигураның суретін салыңдар.

-Неше фигура салынды?

4-тапсырма

Балаларға машиналардың суретін көрсетеді:

-Балалар, суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа алаңдаймын деп, кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда тұрған машинаны мұқият қарап шығып, төмендегі машиналарға жетпей тұрған бөлшектерді салып шығайық.


Балалар көліктерді бояйды

Гаражға үш машина кірді

Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді.

Бірінші

Екінші

Екінші

Бірінші

Үшінші

Балалар жаттығу жасайды:

Оңға бір қадам

Солға бір қадам

Айналып билейміз

Алға бір қадам

Артқа бір қадам

Айналып билейміз


Бес дөңгелек бар

Бес шаршы бар

Әртүрлі орналасқанына қарамастан дөңгелек пен шаршының саны тең

Арба үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш

Балалар фигуралардың суретін салады.

3 үшбұрыш, 2дөңгелек, 2 тіктөртбұрыш.

Балалар машиналардың жетпей тұрған жерлерін салып шығады.


Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет