Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкен, кіші, кішкентай деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
Игереді: 5 көлеміндегі сандарды санауды, заттарды көлеміне қарай салыстыруды;
Меңгереді: шаршының көлемі жағынан әртүрлі болатынын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру (4 және 5) Тәулік бөліктері. Сол жақта, оң жақта, ортада.
Мақсаты: заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (5 саны көлемінде); екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету саны жағынан бірдей, бірақ әртүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықттау; тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету.(Сол жақта, оң жақта, ортада)
Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, салыстыруға арналған заттар тобы, тәулік бөліктерін бейнелейтін суреттер.
Әдіс-тәсілдер: практикалық, сұрақ-жауап, демонстрациялық.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: тәулік бөліктері жайлы слайд қарау
Қостілділік компонент/билингвальный/: тәулік-сутка, сол –левый, оң-правый
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педогогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-ояту бөлімі
|
Педагог баларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
-Балалар, суреттерді қарап шығыңдар. Содан соң суретшінің қай суретте таңертеңгі уақытты, қайсысында кешті суреттегенін табыңдар. Неліктен?
|
Балалар суреттермен жұмыс істейді.
Мынау-таңертен, өйткені...
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
Педагог төменгі сөреге 4 аю, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды.
Балаларға мынандай сұрақ қояды: «Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз): аю ма, әлде тиін бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба?Олардың санын тең болуы үшіни не істеу керек?»
Педагог балалардың айтқан ұсынысын орындайды. 1 тиінді алып тастайды, олардың теңескенін 1 аюдың астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді. «Аю қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.
1-тапсырма.
Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.
Тақия нешеу? Етік ше?
Қайсысы артық, қайсысы кем? (Артық , кем сөздерін қолдануға үйрету).
Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек?
Педагог балалардан төменгі сөйлемді аяқтауын тінеді:
Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды....жасаймыз.
Таңғы асты таңертен , ал түскі асты.... ішеміз.
Түскі асты күндіз, ал кешкі асты... ішеміз.
Кешке тамақ ішеміз, ал ... ұйықтаймыз.
Енді тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдерші.
2- тапсырма.
Балалар , дөңгелек ішіндегі суреттерге қарашы. Суретші қай жерде қателесіпті?
Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суреттің тиістісіне қосуды тапсырады. (таңертең, күндіз, кеш, түн).
«Қарғалар» сергіту минуты
Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді.
Санауды біз білеміз,
Сандарды да біліміз,
Сондықтан да атамның
Құстарын санап береміз,
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Бірден санап шеш!
Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді.
Тордың ішінде неше құс бар?
Ағашқа неше құс қонып тұр?
Қайсысы артық, қайсысы кем?
Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса, сонша дөңгелек салыңдар.
Ағашта қанша құс болса, төменгі жолаққа сонша жолақ салыңдар.
Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар. Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айта аласыңдар?
4-тапсырма.
Педагог өлең оқиды:
Азамат, Марат, Айдар,
Келді аралап базар.
Әрқайсысы өлшеп,
Сатып алды көйлек.
Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматтың оң жағында сары жейде киген Марат тұр, ал сол жағында қызыл жейделі Айдар тұр. Педагог балалардың киімдерін бояуды тапсырады. Сол жақтағы баланың жейдесі – қызыл түсті, оң жақтағы баланың жейдесі- сары, ортадағы баланың жейдесінің түсі қандай?
|
Балалар ойыншықтарды санайды.
Аюлар мен тиіндерді, 4 пен 5 сандарын салыстырады.
Содан соң екеуін теңестіру үшін жоғарғы сөреге бір аю қосу керектігін қосу немесе тиіннің 1-еуін алып тастау керектігін анықтайды.
Балалар заттарды санап шығады.
Бес тақия, төрт етік.
Етікке қарағанда тақия артық, ал етік тақиядан кем.
Теңестіру үшін тағы бір етіктің суретін салу керек. Балалар сөйлемді аяқтайды.
Таңертең.
Суретші суреттердің орнын ауыстырып алған. Бірінші суретте- күндіз, екіншісінде – кеш, үшіншісінде- таңертең, ал төртіншісінде түн
бейнеленген. Бірінші таңертең, екінші күндіз, үшінші кеш, ал төртінші түн тұру керек. Содан соң балалар суреттердіосы тәулік бөліктерімен қосады.
Балалар өлеңнің мазмұнына сай жаттығулар жасайды: жүгіреді, қолдарын бұлаңдатады, тізерлеп отырады, қолдарымен иегін таянады.
Балалар сурақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды.
Төрт
Бес
Ағаштағы құс артық,ал тордағы құс ағаштағыдан кем.
Балалар енді дөңгелектердің саны бойынша салыстырады
Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды.
Балалардың жейделерін бояйды.
Сол жақта – қызыл жейде,оң жақта – сары жейде,
Ортада – жасыл жейде.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Тақия нешеу?
Ал етік ше?
Тақия мен етіктің санын теңестіру үшін не істедіңдер?
Тәулікте неше бөлік бар екен?
Педагог балаларды мақтайды.
|
Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.
Төрт.
Тағы бір етіктің суретін салдық.
Төрт бөлігі бар: таңертең, күндіз, кеш, түн.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тәулік бөліктерін, өзіне қатысты тұрғыда заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (сол жақта,ортада,оң жақта);
Игереді: саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған затты қоса білуді; саны бірдей,бірақ түрлі заттардан құралған топтардаы теңестіруді;
Меңгереді:тәулік бөліктері туралы түсінікті; заттарды санауды (5 көлемінде).
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №5
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы:«Таным».
Бөлімі:ҚМТҚ.
Тақырыбы: Сол жақта,ортада, оң жақта. Шеңбер,шаршы туралы
өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында);геометриялық фигуралардың орналасуы ретін түсіндіру; 1цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып,1 санын жазып үйрету; 1 цифрын өзге сандардың арасынын табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, практикалык.
Қажетті көрнекі құраладар: шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт-бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: шеңберге ұқсас заттарды қарау
Қостілділік компонент/билингвальный/: шеңбер-круг, шаршы-квадрат
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-ояту бөлімі
|
Суретпен жұмыс.
Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда тұрған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады. Оның қалып қойғанын байқамай анасы алдыға түсіп жүріп кете береді.
Қыз нешеу?
Арыстын нешеу ?
|
Біреу.
Біреу.
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
1-тапсырма.
Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін, 1 санының таңбасы 1 цифрымен танысады. Педагог 1 цифры туралы өлең оқып беріп, оны балаларға жаттатады.
Бір дегенің бірінші,
Тұрады ғой қатарда.
Көтеріп ап танауды,
Бастайды ол санауды.
Педагог балаларға сандар қатарынан 1 цифрының орнын тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады.
2-тапсырма.
Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 1 санын тауып, оны қоршап сызуға тапсырма береді.
|
Балалар өлеңді жаттайды.
Балалар бір моншақты бояйды.
Балалар 1 санын қоршайды.
Балалар қолдарын көтеріп, шынтағын бүгеді, күшін көрсетеді.
|
|
« Арыстан». Сергіту минуты.
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы.
Жауымның соғысқан
Күл болған қаңқасы.
3-тапсырма
Педагог балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады.
Сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?
4-тапсырма
Педагог балаларға бірінші және екінші қатардағы фигуралардың қалай орналасқанына назар аударуды ұсынады.
Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен
орналастыра отырып, қатарды жалғатырыңдар.
|
Жұдырығын түйіп сермейді.
Балалар суреттерді қарап шығады.
Киіз үй сол жақта, сандық ортада, камзол оң жақта,камзол сол жақта,сандық ортада, киіз үй оң жақта, сандық сол жақта, киіз үй ортасында, камзол оң жақта.
Бірдей суреттерді сызықпен қосады. Балалар фигуралардың қндай рет бойынша орналасқанын айтады: бірінші қатарда –
шеңбер, шаршы, шеңбер.
Екінші қатарда – шаршы, шеңбер, шаршы.
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық-түзету бөлімі
|
Өзін-өзі бақылау және өзі
атқарған жұмысқа баа беру.
Біз қандай цифрмен таныстық?
Бір санытуралы тақпақ айтып беріңдер
|
Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.Біз 1 деген цифрмен таныстық. Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: цифрын таниды; өзіне қатысты тұрғыда заттардың
кеңестікте орналасуын анықтауды (оң жақта , сол жақта,ортасында );
Игереді: цифрын көптеген цифрлардың арасынан табуды;
Меңгереді: цифр туралы түсінікті; геометриялық фигураларды ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№6
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным »
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Балалардың 1 цифры туралы білімін бекіту . Тез - баяу.
Үшбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).
Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау ; цифрды заттың санымен салыстыруға уйрету ; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге уйрету ; «тез», «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау: таныс заттарды көлеміне қарай ( үлкен, кіші, кішкентай) салыстыру және оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Қажетті көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам журетін аңдар суреті.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, ойын, заттық суреттер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: заттарды санау
Қостілділік компонент/билингвальный/: бір-один,тез-быстро, баяу-медленно
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-ояту бөлімі
|
Педагок жұмбақ жасырады:
Таңғажайып кірпішті,
Бір – біріне қаладым.
Ұнамаса құлатып ,
Қайта – қайта қаладым.
(Текшелер)
Доп – домалақ іші қуыс пәле,
Қайта – қайта семіруде,әне.
(Доп)
Кезікті кербез сұлу,
Бір жануар.
Үстінде
Екі тауы бар
(Түйе)
|
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
1-тапсырма.
Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» - деп сұрайды . 1 деген цифрдың бір затты білдіретін түсіндіреді.
Балаларға 1 дөңгелек пен 1 ыифрын бояуды ұсынады.
2– тапсырма.
Педагог сол жақта тек бір цифры жазылғанын көрсетеді.
Балаларға бір цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі.
Неше шәйнекті боядыңдар (1), неше тақия (1) , неше Күн (1) боядыңдар ?
Сергіту сәті .
Педагог өз қалауынша ұйымдастырады.
3– тапсырма.
Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі.
Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін ?
Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?
Педагог «жылдам – баяу»
Түсініктерінсөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Педагог балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді.
4– тапсырма.
Педагог жұмбақ жасырады:
Үш бұрышы,
Үш қабырғасы бар
Бұл қандай фигура?
Балаларға мынадай сұрақ қояды :
Суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар ?
Үшбұрыштардың өлшемі қандай ?
Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен , кішілеуін көкпен , ал, ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар.
|
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар 1 цифрына сәйкес бояйды.
Бір шәйнек, бір тақия, бір күнді бояйды.
Бірінші арыстан жетеді.
Өйткені арыстан жылдам жүгіреді,
Тасбақа баяу жүреді.
Балалар арыстанды бояйды.
Үшбұрыш.
Балалар суреттен үшбұрыштың үш бұрышын , үш қабырғасын көрсетеді.
Үш үшбұрыш бар.
Үлкен , кіші, кішкентай. Балалар үшбұрыштарды бояйды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Өзін – өзі бақылау және өзі аткарған жумысқа баға беру.
Тасбақа тез жүре ме , арыстан ба?
тез,баяу жүретін аңдарды атауын сұрайды.
|
Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Арыстан тез жүгіреді, тасбақа баяу жүреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |