Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 цифрын, реттік санауды, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын.
Игереді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыруды.
Меңгереді: санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №21
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Сан заттың көлеміне бағынбайды. Санның, заттардың шамасына тәуелсіздігі. Реттік санау. «кең»,«тарлау», «тар», «ең тар» ұғымдары
Мақсаты: заттарды санымен сәйкестендіру, санның, заттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру. 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырату, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру, заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыру және сол белгілері арқылы біріктіру, оқиғаның ізбе-ізділігі (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын үйрету.
Үлестірмелі материал: әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар тарату
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Тәулік бөліктері: слайд қарау
Қостілділік компонент/билингвальный/: тәулік-сутка, таң-утро, день-күндіз, кеш-вечер, түн-ночь
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-ояту кезеңі
|
Сандар қатарымен жұмыс істейміз (1-ден 5-ке дейінгі сандарды қойып шығу керек)
Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды рет-ретімен үстелдеріне қойып шығуды сұрайды.
|
Балалар тапсырманы орындайды
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
1-тапсырма
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
-Жоғарыдағы тіктөртбұрышта неше кесе бар?
-Төменгі тіктөртбұрышта неше кесе?
-Олардың саны туралы не айтасыңдар?
-Әр тіктөртбұрыштағы кесе санын білдіретін санды нүкте бастырып жазыңдар
Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
«Сөйлемді аяқта » ойыны
Педагог балалардың сөйлемді аяқтауды сұрайды:
Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты... ішеміз. (кеште)
-Түнде ұйықтаймыз, ал ... жаттығу жасаймыз (таңертең)
-Күндіз күн шығады, ал ай ... шығады (түнде)
-Кешкі асты кеште , ал түскі асты... ішеміз (күндіз)
2-тапсырма
Педагог сұрақ қойып тапсырма береді.
Бұл өлеңде тәуліктің қай бөлігі туралы айтылған
-Бұдан басқа тәуліктің қандай бөліктері бар?
-Педагог тәуліктегі уақыттың бірінен кейін бірі тұрғанын және олардың ешқашан өзгермейтіндігін айтады.
Педагог әр суреттің қасындағы тәулік бөлігінің ретіне сәйкес келетін цифрды бастырып сызады. Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Сендер бір деген цифрды қай суреттің қасында жаздыңдар?
-2 цифрн ше?
-3 ті ше?
-4 цифрын ше?
3-тапсырма
Педагог суреттегі барлық ленталарды мұқият қарап шығып, ені бірдей ленталарды бір-біріне қосу жөнінде тапсырма береді
-Балалар , ленталарды қалай қостыңдар?
4-тапсырма
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Қасқырдан да құтылды,
Аюдан да құтылды
Ақыр соңында
Қу түлкіге тұтылды
Ол не?
Педагог балаларды мұқият қарап шығып, суретшінің қатесін табуларын сұраййды. Содан соң сұрақ қояды:
-Бауырсаққа кездескен аңдарды рет-ретімен атап беріңдерші, балалар.
Педагог балалрға тапсырма береді және мынандай сұрақтар қояды:
-Бауырсаққа кездескен аңды боя? Қай аңды боядың?
-Бауырсаққа кездескен үшінші аңды боя?
Бауырсақ кімді төртінші кездестірді? Суретін боя.
-Бауырсақ орманда неше аңға жолықты?
|
Балалар сұрақтарға жауап береді
Бес
Бес
Үлкен кесе де, кішкентай кесе де бесеу, яғни тең.
Балалар жаттығуды өз бетінше жасайды
Балалар толықтырады.
Кешке
Түн
Күндіз
Танертең
Күндіз, кеш, түн
Балалар тиісті санды салады.
Таңертең
Күндіз
Кеш
Түн
Балалар суретті қарап шығып, ленталарды қосады.
Балалар түсіндіреді:
Ені кең лентаны кеңімен, ені тарлауды тарлау лентамен, одан тарлауын дәл сондай лентамен, ені ең тар лентаны дәл сондай лентамен қостық.
Балалар жұмбақты шешеді: бауырсақ
Ертегіде бауырсақ бірінші қоянды, содан кейн қасқырды, сосын аюды, ең соңында түлкіні жолықтырады.
Содан соң суретпен оқиға ретін белгілеп көрстеді.
Қоян
Аю
Қасқыр
Төрт
|
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі
|
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.
|
Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сан заттың көлеміне бағынбайтындығын:1-ден 5- ке дейінгі реттік санауды.
Игереді: заттардың айырмашылығымен ұқсастығын таба отырып,ені бойынша салыстырудыжәне сол белгілері арқылы біріктіруді;оқиғаның ізбе-ізділігін анықтауға (тәулік бөліктері) берілген логикалық тапсырмаларды орындауды.
Меңгереді:тәулік бөліктерін,1-ден 5- ке дейінгі цифрлар туралы түсінікті; «кең», «тар», «тарлау», «ең тар» ұғымдарын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №22
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы :«Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: «Үлгі бойынша санау.1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау,цифрды санмен салыстыру. «алдымен», «кейін» ұғымдары.Шар,текше».
Мақсаты:үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену;цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; «алдымен» «кейін» ұғымдарын айыра білуге,оларды дұрыс қолдануға үйрету;шеңбер,сопақша,тіктөртбұрыш,шаршы сынды геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау;шар,текше сынды геометриялық денелермен таныстыру;оқулықтағы тапсырманы түсініп, оны өз бетінше орындау қабілетін қалыптастыру.
Үлестірмелі материал:әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: үлгі бойынша санау
Қостілділік компонент/билингвальный/: шар-шар, текше-куб
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотвациялық-ояту кезеңі
|
Сандар қатарымен жұмыс істейміз.педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды.
|
Балалар педагогтың тапсырмасын орындайды
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
1-тапсырма.
Балаларға кірпілер мен саңырауқұлақтарды санап,оларды теңестіруді тапсырады.балалар қанша саңырауқұлақ болса,соншакірпінің суретін салуы тиіс.
Балалардан сұрайды:
-Неше саңырауқұлақ салуларың керек?
-Неге?
-Кірпілер мен саңырауқұлақтардың саны туралы не айтуға болады?
2-тапсырма
Педагог балалардан 1-5 сандары туралы өлеңдерді еске түсіріп,қайталауды өтінеді (бұрынғы сабақты қарау).
-Балалар,дөңгелектеріңнің саны мен қызыл қоңыздың үстіндегі нүктелері сәйкес келетін карточкаларды цифрмен қосыңдар.
Сергіту минуты.
3-тапсырма.
Педагог алдымен балаларға плакатты көрсетеді.Мұқият қарап, қайсысының «бірінші»,қайсысының «кейін» пайда болғанын айтып беру керек.
Егер балалар қиналып жатса,педагог
оларға көмектеседі.
Содан соң педагог дәптердегі жанып тұрған шырағдандарды мұқият қарап шығып,олардың қыйсысы 1-ші,қайсысы 2-ші,қайсысы 3-ші,4-ші жағылғынын айыруды тапсырады.
Балалардан шырағданның қасына ретін көрсетуді сұрайды.Содан соң нақтылайды:
-Жоғары оң жақ бұрыштағы шырағданның қасына қандай цифржаздыңдар?
- Жоғары сол жақ бұрыштағы шырағданның қасына қандай цифр жаздыңдар?
-Төменгі оң жақ бұрыштағы шырағданның қасына қандай цифржаздыңдар?
- Төменгі сол жақ бұрыштағы шырағданның қасына қандай
цифржаздыңдар?
Геометриялық фигуралармен жұмыс.
Педагог балаларға геометриялық фигураларды көрсетіп, атын атауды сұрайды. Фигураларды тақтаға қойып, олардың жазық фигура екенін түсіндіреді.
Педагог бұған көз жеткізу үшін фигураларды балалардың қолдарына береді. Содан соң педагог балаларға көлемді фигуралар- шар мен текшені көрсетеді. Олардың атауы мен таныстырып, оларды геометриялық жазық фигуралармен салыстырады. Олардың көлемді дене екеніне көздерін жеткізеді. Бұлардың геометриялық денелер леп аталатынын айтады. Балалардан шар мен текшенің қандай заттарға ұқсайтынын сұрайды.
4-тапсырма
Педагог балаларға тапсырма береді:
-Шарды қызыл қарындашпен текшені көкпен боя
|
Балалар кірпілерді санайды және жетпей тұрған саңырауқұлақтың суретін салады
Төртеу
Өйткені, теректе бір саңырауқұлақ тұр. Олар теңесті.
Кірпі қанша болса, сонша саңырауқұлақ болды.
Балалар цифрлар туралы өлеңдер оқыды.
Балалар цифрды дөңгелектер саны мен қызыл қоңыздың үстіндегі нүктелері сәйкес келетін карточкалармен қосады.
Балалардың жауабы: алдымен жұмыртқа, содан кейін балапан пайда болды.
Бірінші жұлдыз құрт, содан кейін көбелек пайда болды.
Алдымен гүл содан кейін алма пайда болды.
Екі цифрын
Үш цифрын
Бір цифрын
Төрт цифрын
Балалар геометриялық фигураларды атайды. Балалар фигураларды қолына алып, олардың жазық екендігіне көз жеткізеді
Балалар жаңа фигураларды қарап шығады. Шар мен текшенің дөңгелек пен шаршыға ұқсайтыныны айтады.
Қызыл түспен шарды текшені көк түспен бояйды.
Басқа фигуралардың атауын айтады.
|
Рефлексивті- түзетушілік кезеңі
|
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Сабақты қорытады:
-Сендер бүгін қандай геометриялық денелермен таныстыңдар?
Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.
|
Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1,2,3,4,5 цифрларын; шар, текге, цилиндр сияқты көлемді фигураларды;
Игереді: цифрларды санмен сәйкестендіруді; үлгі бойынша санауды ; «алдымен», «кейін», ұғымдарын ажырата білуді,сол сөздерді дұрыс қолдануды;
Меңгереді: оқулықтағы тапсырманы түсіндіріп, оны өз бетінше орындайдауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №23
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде), сандық және реттік санауды ажырата білуді , «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру, цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді қайталау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын.
Қажетті көрнекті құралдар: цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, камзол суреті.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: пішіндер еліне саяхат
Қостілділік компонент/билингвальный/: пішін -фигура
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-ояту кезеңі
|
Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды.
|
Балалар педагогтың тапсырмасын орындайды.
|
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
|
1-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Шар- Маратқа,
Ал торсық-Қайратқа,
Домбыра – Азаматқа,
Ал камзол- Қымбатқа.
Содан соң педагог былай деп сұрақ қояды:
Балалар неше сыйлық жасалды?
Балаларға тапсырма береді:
Төртінші сыйлықты жасыл түспен, біріншісін қызылмен, екіншісін көкпен, төртіншісін сары түспен бояу керек.
Нақтылайды:
Суретте домбыра нешнші тұр№
-Торсық нешінші тұр?
-Камзол нешінші?
«Жұмбақтар мен олардың шешуі» ойыны.
Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар қажет
Педагог балаларға математикалық жұмбақтар жасырады.
Балалар жұмбақты шешкен кезде, оның жауабын тиісті цифрмен көрсетуі тиіс.
Қарындаштың бірі Мақсатта, екіншісі Ғабитте. Балалардың қолындағы барлығы неше қарындаш бар?
Мысықтың аяғы су болмас үшін
оған неше жұп етік қажет?
Қабырғаның жанында күбі тұр. Олардың әрқайсысының ішінде бір-бір бақа бар. Егер бес күбі болса бақаның саны нешеу болар еді.
2- тапсырма
Педагог балаларға «етікші» деген өлеңді оқып береді:
-Етіктер жыртылып қалды, енді олардың әр қайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Ол үшін пішіні жағынан етіктің жыртығына сай келетін жамау мен етіктің арасын сызықпен қосу керек.
Педагог сұрақ қояды:
-Етіктің жамаулары қандай пішінде?
«Санамақ » сергіту минуты
«Дұрыстап қос» ойыны.
3- тапсырма
Балаларға цифр жазылған шаршы мен карточкаларды ондағы заттар мен дөңгелектер саны сол цифрға сәйкес келетіндей етіп, сызықпен қосу туралы тапсырма береді.
|
Балалар өлеңді тыңдайды.
Төрт сыйлық
Үшінші
Екінші
Бірінші
Төртінші
Балалар жұмбақтарды шешеді және жауабын
цифрмен көрсетеді.
Біріншісінің жамауы
-дөңгелек, екіншісі-шаршы, үшіншісі- үшбұрыш, төртіншісі- тіктөртбұрыш, бесіншісі-сопақша
Балалар тапсыраны орындайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік кезеңі
|
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды мадақтайды.Педагог балалардан сұрайды:
-Сендер етіктерге қандай пішінде қиылған жамауларды таңдадыңдар?
-1,2,3,4,5, цифрлары неше затты білдіреді?
|
Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |