Іздену ұйымдастырушы
|
Дәптерімізді ашып, құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейміз. 4 цифрын табамыз.
Педагог 4 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.
Іздегенде табады
Зер салса егер мынаған:
Тура «4» боп қалады.
Орындықтар құлаған.
Цифрды бастырып сызамыз.
Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: қысқа қисық сызықты жоғарыдан төмен қарай, содан соң көлденең сызықты солдан оңға қарай, сосын ұзын тік сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз.
Сергіту минутын (4рет секіру,оң аяқпен 4рет, сол аяқпен 4рет жерді тебу, 4рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 4рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, 2-тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1,2,3 сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады.). Тәрбиеші 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.
Содан соң №2 тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы сабақтардан жақсы таныс. Тәрбиеші балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды.
|