Оқу іс-әрекет кезеңі
|
Саз жетекшінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсыалады. Амандасады. Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Келіп шыққан күнге.
Күніміз жарық болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Көктем, көктем,көктемде
құстар келіп жеткенде,
біз қуанып қаламыз,
әнмен қарсы аламыз.
Көктем көріністері бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жыл мезгілі бейнеленгенін сұрайды.
|
Балалар көңілді әуенмен кіреді.
Шаттық шеңберін жасап,бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Музыка тыңдау: «Бұл қай кезде болады? Көктем».
-Балалар, қандай жыл мезгілі?
-Көктемде қандай құбылыстар болады?
-Қар, мұз қай кезде ериді? Ағаштар қай кезде бүршік атады? Сендер тағы қандай құбылысты байқадыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар, күн жылиды, мал төлдейді,
жауын жауады.
Өткен әндерді қайталау. Ән айтар алдындағы ережелерді еске түсіріп, бойды тік ұстап,қатты айғайламай, ерқін айту.
Дауысты жаттықтыру. Әндердің мәтінің қайталап, нақышына келтіріп айту.
Ән үйрену: «Көктем»
музыка жетекшісі әнді нақышына келтіріп орындап береді. Алдымен мәтінін қайталап,содан кейін әніне қосып айтады. Балалардан ән не туралы екенін сұрайды. Ән көңілді, жеңіл орындалады.
Әуенді-қимылды ырғақ: «Қақпа»
бірінші бөлімде балалар қақпа жасап, шеңбер бойында қолдарын жоғары ұстап тұрады. Ортада бір бала қақпадан кіріп-шығып жүгіріп жүреді. Музыка аяқталғанда қақпа жабылып, балалар қолдарынтүсіреді. Бала қақпаның ішінде қалып қойса, екінші бөліміндегі музыка
әуенімен билейді. Шеңбердегі балалар қол шапалақтайды. Ойын қайталанады.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Көктем.көктемде күн жылиды, ағаштар бүршік атады. Сұраққа толық жауап беруге тырысады.
Балалар өткен індерді естеріне түсіріп, бірнеше рет қайталайды.
Балалар жаңа әннің не туралы екенін түсініп, әуенін еске сақтауға тырысады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Айыпты болған бала би билейді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |