Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы Қыркүйек Күні: Тобы: Ортаңғы «Балдәурен»



бет97/97
Дата30.01.2022
өлшемі136,49 Kb.
#116137
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Тех карта музыка

Әдіскер:___________ Ж.А.Айтбай


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы
Мамыр

Күні:____________________________________________________

Тобы: Ортаңғы «Балдәурен», «Ақжелкен», «Ботақан»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу қызмет түрі: Музыка

Оқу қызмет тақырыбы: «Біздің оркестр»

Мақсаты: Шығарманы зейін қойып тыңдауға, аспа дыбыстарын ажырата білуге, ырғақпен ойнай білуге

дағдыландыру. Оркестр туралы мағлұмат беріп, аспаптарда ойнау тәсілін үйрету,

шығармашылыққа баулу.

Көрнекілік: Оркестр, дирижер суреттері, ұлттық музыкалық аспаптар.

Сөздік жұмыс: Дирижер, оркестр, концерт.


Оқу іс-әрекет кезеңі


Саз жетекшінің іс - әрекеті


Балалардың іс - әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларға «Қазақ маршы» (Е.Затаевич) әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Шеңберден шықпай, тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.

Асығып жүгіріп саспайық,

Көңілді жаттығуларды бастайық!

«Жаттығу» (А. Райымқұлова, А.Асылбек) әуеніне шебер бойымен тұрып, ән мәтініне сай аяқ топылдатуды, қол шапалақтауды көрсетіп, үйретеді.

Балаларды екі топқа бөліп, кезекпен жаттығуды орындауды ұсынады.

Балалар тізбектеле, шеңбер бойымен, әуен екіпінімен жүреді.

Бастарын көтеріп, аяқтарын нық басады. Балалар шеңбер құрып тұрады.

Жаттығу көрсеткендер – ішкі шеңберге, шапалақтап тұратындар – сыртқы шеңберге тұрады.

Ырғақты сезіне қол шапалақтайды, аяқ топылдатады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға оркестрдің суретін көрсетіп, әртүрлі аспаптар туралы түсінік берді. Балалардан таныс аспаптарын атап, көрсетулерін сұрайды. Барлық аспаптардың қосылып, үндесіп, әсем әуен шығаратыны жеткізеді. Дирижердің суретін көрсетіп, атқаратын қызметі туралы ұғындырады. Бірнеше оркестр суретін көрсетіп, мәлімет береді.

Музыка тыңдау: «Сарыарқа» күйін («Құрманғазы» оркестрінің орындауында) үнтаспадан тыңдатады. Күйді сезіне тыңдап, әңгімелеулерін сұрайды.

-Балалар әнді әдемі айту үшін, даусымыз жарқын шығуы үшін не істейміз?

Дауыс жаттығуы: «Керней» (Д.Ботбаев, А.Асылбек) айтылып, «та-ра буындарын анық айту үшін бірнеше рет қайталатады.

Біз өнерпаз баламыз,

Біз де билей аламыз,

Аспаптарда ойнаймыз,

Ән де шырқап саламыз!

Ән үйрену: «Біздің оркестр» әнін балаларға орындап береді. Әнді зейін қойып тыңдатып, не туралы айтылатынын сұрайды.

Әннің 1-шумағын орындап, балаларға қосылып айтуды ұсынады.

Әуенді-дидактикалық ойын: «Сырнай мен даңғыра». Ойын шартын түсіндіреді. Балалардың имитация түрінде аспаптарда ойнау қимылын бірге көрсетулерін сұрайды, әнді ырғағымен, әндете айтуларын қадағалап, ескертеді.

Суретке қарап, оркестр, дирижер туралы түсінік алады.

Таныс аспаптарды атап, суреттен көрсетеді.
Күйді тыңдап, әсерленіп, көңіл күйлері көтеріледі.

Дауыс жаттығуын әндете, дауыстап айтуға талпынады. «Р» әрпін анық айтуға, дұрыс тыныс алуға тырысады.

Көңілді әнге еліктеп, аспаптар атын бірге әндетеді.

Әннің мазмұнын түсініп, жеткізе білуге әрекеттенеді. Балалар ойынға белсене араласады. Әннің әуенін дәл келтіріп, аспаптарда ойнауды имитация арқылы көрсетеді.


Рефлек

сиялық- түзетушілік

«Еркем-ай» әнін оркестрде ойнауды ұсынып, балаларға өздері қалаған аспаптарын таңдауға мүмкіндік береді.

-Оркестрде қандай аспаптар ойнайды?

-Дирижер деген кім?

-Біздің оркестрімізде қандай аспаптар бар?

-Жаңа әннің сипаты, екпіні қандай? Сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітеді. Балаларды мадақтайды. Үйде қатты қағазға домбыра суретін салып, қиып әкелуді ұсынады.

Балалар аспаптар таңдап алып, әннің ырғағымен өз партияларын орындайды. Сұрақтарға толық жауап береді. Концерт, теледидардан көрген, тыңдаған оркестрлері туралы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже: Өтілген сабақты пысықтау

Біледі: Ұлттық ұрмалы аспаптар түрін, дыбысын ажырата білуді, әр ырғағын сезінуді.

Игереді: Аспаптарда еркін ойнап, үндестікті сезінуді және өз шығармашылықтарын көрсетуді.

Меңгереді: Оркестр, дирижер туралы білімді.

Әдіскер:___________ Ж.А.Айтбай

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет