Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
-Жарайсыңдар, балалар!
Енді аспаптарды жинайық, отырып демалайық! Жайғасып отырыңдар.
-Әуенді сандықшаны ашып көрейік. Сандықша ашылып, әсем әуен естіледі.
Педагог сандықшаға құлағын тосып тыңдағандай болады.
-Балалар, ғажайып сандықша «Әуенді тыңдап, ажырат» - деген тапсырма ұсынды. Әуенді мұқият тыңдап, сипатын анықтайық.
Әуенді-дидактикалық ойын: «Ырғағын ажырат». «Итальяндық полька» (С. Рахманинов), «Бесік жыры» (Халық әні), «Жалаушамен жаттығу» (Е. Брусиловский) музыкалары ойналып, балаларға ырғағын ажыратуға тапсырма беріледі.
Дұрыс жаттығуы:
«Сағат пен елек» айтылып, балалардың дауыс ырғақтарын бақылайды. Сандықшаны қолына алып, келесі тапсырманы ұсынады.
Мен өнерпаз баламын,
Шырқап әнге саламын.
Өскенімде ертең-ақ
Әнші, биші боламын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |