Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы Қыркүйек Күні: Тобы: Ортаңғы «Балдәурен»



бет95/97
Дата30.01.2022
өлшемі136,49 Kb.
#116137
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Тех карта музыка

Дауыс жаттығуы:

«Домбыра үні»айтылып, жаттығу барысында фразалар арасында дұрыс тыныс алуларын қадағалайды. Дауыс ырғақтарын тыңдап, бақылайды.

Дауысымыз ашылды,

Бұлбұлдай сайраймыз,

Көңілді ән айтып,

Жадырап жайнаймыз.

Ән айту: «Домбыра»(Ж. Тұрсынбаев, А.Асылбек) әнін қайталау.

Жетекші ән мазмұнын түсіндіріп, көңілді ырғақты сезінулеріне ықпал етеді.

Әннің мәтіні туралы сұрап, балаларды әңгімеге тартады.

-Тойымызды қызықты ойындармен қыздыра түсейік, - деп ойынға шақырады.

Ойын: «Тақия тастамақ», «Киіз үй» ойындары ұйымдастырылады. Балаларға өздері ұнататын билерін таңдап, өз беттерінше билеуге ерік береді.

Би: «Асатаяқпен би», «Кел, билейік» билері қайталанады.

Балаларға ұнататын аспаптарын таңдап алуға мүмкіндік беріп, ұлттық ұрмалы аспаптардан өз оркестрін құрайды. Балалар оркестрде «Еркем-ай» әнінің әуенін ойнайды.

Әуен ырғағымен аспаптардың өз ретімен ойналуын қадағалайды.

Әуен ырғағымен аспаптардың өз ретімен ойналуын қадағалайды. Балаларға аспаптарды ұстау тәсілін үйретіп, әдемі әуен шығара білулерін бақылайды.

Балалар күйді, әуендерді тыңдап, әсерленеді.
Түрлі сипаттағы әуендерді қызыға тыңдайды, екпінін ажыратп, әңгімелейді.
«Дығы-дығы, дың-дың» буындарын анық, әуенімен айтуға үйренеді
Бірнеше рет қайталап, дауыстарын ашады, еркін әндетеді. Көңілді әнді шырқата айтып, шаттанады. Жақсы әсер алады, көңіл күйлері көтеріледі. Ән мазмұнын әңгімелейді Ойынды қызыға ойнап, белсене қатысады. Ойын шарттарын сақтап, ептіліктерін көрсетуге тырысады. Үйренген билерін қайталап, көңілденеді. Би ырғақтарын жеңіл жасап, бірге қимылдайды. Балалар өздері аспаптарды таңдап алады.

Аспаптардың үндестігін тыңдап, ойнауға талпынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет