Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акцияларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.
Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.
Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [25].
Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың бір жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.
Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:
- тұрақты шығындар сомасын азайту
- айнымалы шығындар сомасын азайту
- жедел амортизацияны пайдалану
- пайдаланылмайтын мүліктерді сату
- сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24].
Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:
-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.
-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.
-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз.
Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].
Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.
Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [27].
Біз 2.2. “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін тал-дау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.
Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.
Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.
М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:
а)жарғылық капиталды арттыру;
ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;
б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;
в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;
д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;
е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).
Мен бұл дипломдық жұмыста активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:
1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.
2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.
Жоғарыдағы айтылған жолдардың бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.
Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша обли-гациялар шығарумен алуға болады.
Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.
Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.
Жіргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 8-кестеден көруге бо-лады.
Кесте-8 - Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер
Көрсеткіштер
|
Өзгеріске дейін
|
Өзгерістен кейін
|
Өзгеріс
|
Меншікті айналым қаражаттары
|
52 625
|
52 625
|
0
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
2,2
|
2,2
|
0
|
Аралық өтімділік коэффициенті
|
0,98
|
1,4
|
+0,42
|
Абсолюттік өтімділік коэффициенті
|
0,1
|
0,5
|
+0,4
|
Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.
Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады.
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.
Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төменде-гі 9-кестеден көруге болады.
Кесте-9 - Екі әдісті қатар пайдаланудың нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер
Көрсеткіштер
|
Өзгеріске дейін
|
Өзгерістен кейін
|
Өзгеріс
|
Меншікті айналым қаражаттары
|
52 625
|
67 625
|
+15000
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
2,2
|
3,7
|
+1,5
|
Аралық өтімділік коэффициенті
|
0,98
|
2,4
|
+1,42
|
Абсолюттік өтімділік коэффициенті
|
0,1
|
0,9
|
+0,8
|
Кесте мәліметтерін қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорын-ның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттыра-ды. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.
3.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Біз 2.3. “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау” параграфында кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігі қанағаттандыратындықтай екенін анықтадық.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [31]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;
•қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді. Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады [26].
Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс [28].
И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолда-рын атап көрсетеді:
1. Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақы-лау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады[29].
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Екінші бөлімде мен компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табысты- ғына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесі-дей кемшіліктер анықталды:
Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.
Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.
Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.
Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шы-ғын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге ні-мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсы-ныстар жасадық. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шара-лар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі жә-не сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.
Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады. Талдау нәтижелері кәсіпорында негізгі проблеманы анықтады: төлем қабілетсіздік және рентабельсіздік.
Осы проблеманы шешуде мен екі әдісті ұсындым:
Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл меншікті айналым қаражатта-рының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 0,7 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,1 пунктке өсуіне алып келді.
Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл аралық өтімділік коэффициентінің 0,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,4 пунктке өсуіне алып келді. Екі әдісті қатар пайдалану меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 1,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,8 пунктке өсуіне алып келді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.
3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.
4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2005.
7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2016.
8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК»,2016.
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2003.
10. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2019.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2014.
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 2016.
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2016.
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.16 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 2016., №29.
17. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 1995.
18. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 2016.
19. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. - Ярославль, 2015.
20. Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/.- М.: Экономика, 2016.
21. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. — М.: Финансы и статистика, 2014.
22. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. — М.: изд-во «Перспектива», 2016.
23. Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. /Бухгалтерский учет. 2018 г., №5.
24. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -
Москва, Финансы и статистика, 2017.
25.Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2018. - №4.
26. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2019. -№3.
27.Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2016.
28.Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2016.
29.Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2016. - №1.
30.Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2015.
31.Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |