Ал, Жиренше шешен жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан шыққан (баспаға әзірлеген жазушы Балғабек Қыдырбекұлы) кітабында былай жазады: "Бір жетім баланы, Қарабай қолбала етіп алыпты, - дейді Сенкібай шал, Сеңкібай Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз "Менің әкем Бәкір, оның әкесі Тілеубай, оның әкесі Атай, оның әкесі Шақ, оның әкесі Жиренше" - деп сайрайды"[3]. Бұл Жиреншенің өзінен бергі үрім-бұтағы. Ал, шешеннің өзінен арғы ата-бабалары әлі беймәлім.
Жәнібек хан жолға шығар кезде Жиреншемен әрдайым: "Ананы қайтеміз, мынау қалай болады" деп ақылдасып алады екен. Содан соң Жиренше қалай мәслихат жасаса, тіл қатпай, оның дегенін істеуге өмір қылады екен. Бір күні хан асығыстау жолға шығайын деп қызметшілеріне:
- Тез күймемді дайындаңдар, күймеге қып-қызыл күрең алты нар жегіңдер, - деп өмір беріпті. Қызметшілер жылдамдатып алты қызыл күрең нар жегіп, күймені тұп-тура хан шығатын есіктің алдына әкеп қойыпты. Содан соң хан:
- Жиреншені шақырыңдар, меніменен бірге жүрсін, - дейді. Хан қызметшілерінің бірі жүгіре басып Жиреншеге жетіп келеді:
- Ау, Жиренше, хан жолға дайындалып, сізге тез келсін, меніменен бірге жүрсін деп жатыр, - дейді. Сонда Жиренше:
- Ханның жеккені не? - депті.
- Жеккені қып-қызыл алты нар өзір түр.
Жиренше айтыпты:
- Қазір барамын, ханға сәлем айт, күн бұлт екен де, - деп. Содан шақырушы ханға:
- Тақсыр, Жиреншені шақырдым, ханға сәлем айт, қазір барамын, күн бұлт екен деп айт деді, - дейді.
Айтулы сөздің астарын түсіне қойған хан қызметшілеріне:
- Алты нарды доғарып, күймеге алты тұлпар жегіңдер! - деп бұйырады. Тұлпарлар жегіліп әзір болған кезде Жиренше де келіпті. Сөйтіп хан екеуі жолға шығыпты. Жолда құбыладан қара бұлт көтеріліп жаңбыр құйыпты. Жер батпаққа айналыпты, соған қарамастан жануарлар сыдырта желіп отырыпты. Сонда Жиренше ханға қарап: - Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы: түйе малының мынадай ми батпақта жүруі қиын, мен соны ойлап айтқан едім, - депті.
Жиренше шешен жайлы аңыз
Жәнібек хан тағы бір әңгіме үстінде: - Бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болмақ? - деп сұрайды. Сонда Жиренше шешен:
- Бұл дүниеде жүйрік аты, қыран құсы бар, өзі сұлу, мінезді қатыны, бес атар мылтығы бар жігіттің төрт құбыласы тең болады, ханым, - депті.
Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:
- Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? - деп сұрайды: Сонда Жиренше:
- Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, - депті
Назарларыңызға рақмет
Достарыңызбен бөлісу: |