ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Ж.Қ. Қуанышева п.ғ.к., аға оқытушы
Адамның табиғатқа шексіз әсер ететін ғылыми-практикалық прогресс эпохасында экологияның маңызы еселеп артып отыр. Қазіргі кезде өркениеттің негізгі міндеті өмір сүру қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуі мен тұрақты дамуы үшін адамзаттың дұрыс жол және тура бағытты таңдауында.
Жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі көкейтестілігімен сипатталуында /1/.
Жаратылыстану кешенінің ішінде химия қоршаған ортаны қорғауда, планетадағы экологиялық апаттарды болдырмауда, адамзаттың денсаулығын жақсартуда, генофондты сақтауда үлкен рөл атқарады. Химияны оқып білу табиғаттың заңын терең түсінуге, материя қозғалысының химиялық формасы туралы ойын қалыптастыруда, заттардың құрамы, құрылысы және олардың табиғаттағы айналымы, элементтердің табиғаттағы айналымындағы үрдістің механизмін ашуда, қоршаған ортадағы химиялық элементтердің рөлі, экологиялық себепкер туралы білімді кеңейту мен оны тереңдетуде, айнала қоршаған ортадағы шекті құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие берудегі бастапқы курстардың бірі химия курсы болып саналады. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру химияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар үшін өз өлкесінің табиғатын қорғау жөнінде нақты шаралар белгілеп, әрбір тақырыпты оқытуда оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыру қажет /2,3/.
Экологиялық білім беруге, химияны оқытуда экологиялық ұғымдарды қалыптастырға байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілген. Оларда экологиялық білім берудің қажеттігі, мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен принцптері зерттелді, экологиялық ұғымдар жүйесі анықталды А.Е. Хрупало, А.Н. Беккер, В.И. Колесников, В.М. Назаренко, А. Е. Сармурзина, С.К. Ерімбетова, Н.Н. Нұрахметов, Қ. О. Шайхеслямова т.б. еңбектерінде қарастырылады. Сонымен қатар, химияны оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдаланып, сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық тәрбие беру мәселесімен айналысқан зерттеушілердің: А.Д. Болтаев, Д.У. Жангельдина, О.Т. Танабаев, Г. Сабденалиева, К.Ж. Бұзаубақова, Қ. Қаңлыбаев т.б. ғылыми еңбектеріне шолу жасалды.
Оқушылардың экологиялық білімін тереңдету және олардың осы мәселеге қызығушылығын тудыруды оқу бағдарламасы шеңберінде тек сабақ барысында ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл мәселе оқушылармен әртүрлі жұмыстар жүргізіп және оларды сол жұмыстарға белсене қатыстырып, экологиялық жағдаяттарды оқушылардың өздеріне шештіре отырып, қарастырылғанда ғана өз нәтижесін беретіндігі айқын. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, болашақта олардың мамандықты еркін таңдауына көмегін тигізеді.
Сыныптан тыс жұмыстар негізінде химияда белгілі бір тақырыпқа мазмұндалатын сабақты пәнаралық байланысты қолдана отырып, экологиялық мәнін ашып, жүйелік оралымын құруға болады. Алдымен химия курсындағы экологияға байланысты тақырыптарды бір жүйеге келтіреді (1 кесте).
1 кесте - химия курсы бойынша экологиялық білім беретін негізгі тақырыптар
№
|
Бөлім
|
Табиғатты қорғау бағытына қатысты сұрақтар
|
Қарастырылатын экологиялық түсініктер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Алғашқы химиялық түсініктер
|
8 сынып
Қоршаған ортаның бірлігі және жүйелігі
|
Жай және күрделі заттар. Табиғи орта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Оттегі. Оксидтер, жану.
|
Оттегінің айналымының гео-химиясы және оның табиғи ортаның бірлігін сақтаудағы орны, табиғаттағы заттардың тепе-теңдік күйі.
|
Зат айналымы. Биосфера, озоносфера. Қоршаған ортаны ластаушылар. Табиғатты қорғау.
|
3
|
Сутегі. Қышқылдар. Тұздар.
|
Қоршаған ортадағы қышқылдардың орны.
|
ШШК (шегі рауалы концентрация).
|
4
|
Су. Негіз. Ерітінді.
|
Су айналымы және оның қоршаған орта бірлігі мен жүйелігін сақтаудағы орны. Су қоймаларына ластаушылардың тигізер әсері. Жергілікті жер материалдарын қолдану (су қорларына байланысты).
|
Зат айналымы. Су қорларын ластаушылар. Табиғи қорларды жүйелі пайдалану.
|
5
|
Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.
|
9 сынып
Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелігі. Табиғатты қорғаудың саяси әлеуметтік жайы (ядролық қарудың қауіптілігі). Семей қасіреті.
|
Қоршаған ортаны қорғау. Халықаралық келісімдер.
|
6
|
Галогендер
|
Заттардың сапалық өзгерісінің сандық өзгерісіне тәуелділігі
|
Ластаушылар. ШШК (шегі рауалы концентрация).
|
7
|
Оттегі топшасы
|
Органикалық және бейорганикалық әлемдегі күкірт қосылыстарының орны. Ластаушы күкірт қосылыстары. Қоршаған ортаны күкірт қосылыстарынан қорғаудың жолдары.
|
Ластаушы заттар. Қышқылды жаңбыр.
|
8
|
Химиялық реакциялар жылдамдығы, химия-лық тепе-теңдік.
|
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың өтпеуінің бірден-бір әдісі каталитикалық үрдістер.
|
Катализ.
|
9
|
Күкірт қышқылын өндіру
|
Табиғатты және адамзатты қорғаудағы әлеуметтік-экономикалық аспекті.
|
Ластаушылар. Өндіріс қалдықтары.
|
10
|
Электролиттік диссоциациялану теориясы
|
Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелілігі. Табиғаттағы зат айналымы (қышқылдар, тұздар, гидроксидтер)
|
Ластаушылар. Айналамыздағы өтіп жатқан химиялық үрдістер. (Металдардың жемірілуі т.б.)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
11
|
Химиялық элементтердің периодтық кестесіндегі 5- ші негізгі топша элементтері.
|
Табиғат тепе-теңдігіндегі азоттың айналымы, оның қоршаған ортадағы орны. Табиғи ортаны азот қосылыстарының ластануынан қорғау.
|
Зат айналымы. Қышқылды жаңбырлардың түзілу механизмі.
|
12
|
Минералды тыңайтқыш-тар.
|
Тыңайтқыштардың артық мөлшерінің суға, экожүйеге әсері.
|
Макро- және микро- элементтер. Табиғи циклдердің, заттардың айналымының бұзылуы.
|
13
|
Көміртегі және кремний.
|
Табиғаттағы көміртегі айналымының бұзылуы. Силикат өнеркәсібінің ғылыми жетістіктері. Қоршаған ортаны қорғау.
|
“Көшетханалық” эффект
|
14
|
Металдар.
|
Металлургиялық өндірістің дамуы, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы.
|
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануынан қорғайтын шаралар.
|
Бейорганикалық химия курсындағы экологияға байланысты тақырыптарды бір жүйеге келтіргеннен кейін, солардың негізінде экологиялық тақырыптардағы сабақтардың оралымын құруға болады. Оны мына төмендегі 2- кестеден көруге болады.
2- кесте - экологиялық тақырыптағы сабақтар жиынтығы
Сабақтың тақырыбы
|
Негізгі экологиялық білім
|
Өткізу түрі
|
1
|
2
|
3
|
1.Сыртқы қоршаған ортаның химиялық ластану мәселесі
|
Сыртқы орта, оның сапасы, өлшемдерінің өзгерісі (О2, СО2, NO2) химиялық ластанудың түрлері, оның тірі ағзаға әсері, зат айналымы.
|
Дәріс. Баяндама.
|
2. Оттегі және озон.
|
Ауа құрамындағы оттегінің азаюына әсер ететін себепкерлер, оттегінің айналымы. Озондық қабаттың маңызы, оның ерекшеліктері. Озон қабатының жұқаруы.
|
Семинар, сарамандық сабақ, ойын сабағы.
|
3. Күкірт және оның қосылыстары
|
Күкірттің табиғаттағы айналымы. Қышқылдық жаңбыр. Оның табиғатқа тигізетін кері әсері.
|
Семинар, сарамандық сабақ.
|
4. Көміртегі қосылыстарының сыртқы ортаға әсері.
|
Атмосфераның табиғи құрамы. Көміртегі оксидтерінің табиғатқа әсері.
|
Семинар, сарамандық сабақ
|
5. Тыңайтқыштар.
|
Тыңайтқыштардың табиғаттағы заттар айналымына әсері. Оның өсімдіктер әлеміне тигізетін пайдасы мен зияны.
|
Семинар, танымжорық.
|
6. Табиғат – өз үйіміз.
|
Экология ғылымының маңызы. Табиғатты химиялық ластанудан қорғаудың стратегиясы. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен таныстыру
|
Пікір талас. Пікір алысу.
|
7. Экология және балалар.
|
Қазақстан Республикасының территориясындағы экологиялық мәселелері.
|
Конференция.
|
Оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың формалары да онда қолданылатын әдістер де сан-алуан. Олардың формаларына: табиғатқа танымжорық, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар КВН, дөңгелек үстел, пікірсайыс және т.б. сыныптан тыс жұмыстар түрлері жатады. Соның ішінде оқушыларға экологиялық білім мен біліктілікті қалыптастыруда – үйірме жұмысын ұйымдастыруға өте үлкен мән бердік. Үйірме жұмысы оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдетіп, біліктіліктерін яғни алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды /4,5/.
Оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін қалыптастыруды дұрыс жолға қою мақсатын жүзеге асыру үшін “Жас химик-эколог” атты үйірменің жұмыс бағдарламасы жасалды.
Үйірме бағдарламасының мазмұны мектептегі химия пәнінің мазмұнына сәйкестене отырып, пәнаралық байланысты күшейтуге бағытталды. Үйірменің жұмысы кезінде оқушылар экологиялық мәселелермен қатар агрохимиялық мәселелермен де танысады. Осыларды бір-бірімен байланыстыра қарастыру оқушылардың табиғи ортаға антропогенді факторлардың әсер ету себептерін, оның көлемін, табиғатқа тигізетін әсердің тиімді-тиімсіз тұстарын, экологиялық жағдаяттарды шешу жолдарын, экологиялық мәселелерді шешудің ғылыми бағыттарын талдап таныстырады [6, 7].
3 кесте – “Жас химик-эколог ” атты үйірменің тақырыптық жоспары
№
| Тақырып |
Жұмыстың формалары мен әдістері
|
1
|
Химия және экология
|
Дәріс, семинар, сауалнама, бақылау
|
2
|
Қоршаған орта және оны ластаушылар
|
Дәріс, семинар, бақылау, сауалнама
|
3
|
Қоршаған ортадағы металдар
|
Дәріс, зертханалық, көрнекілік тәжірибелер, сарамандық жұмыстар
|
4
|
Қоршаған ортадағы металл еместер және оның қосылыстары
|
Дәріс, семинар, зертханалық, көрнекілік тәжірибелер, сарамандық жұмыс, химиялық кеш
|
5
|
Энергетика және химиялық экология
|
Дәріс, семинар, дөңгелек үстел
|
6
|
Ауылшаруашылығы және химиялық экология
|
Дәріс, зертханалық, көрнекілік тәжірибелер, сарамандық жұмыстар, танымжорық
|
7
|
Ауа және оны қорғау
|
Дәріс, сарамандық жұмыстар, мониторинг, танымжорық
|
8
|
Су және оны қорғау
|
Дәріс, зертханалық, көрнекілік тәжірибе, танымжорық, экологиялық турнир
|
9
|
Оқушылардың өз беттерімен орындайтын жұмыстары
|
Сызбалар жасау, компьютерді пайдаланып білімдерін тұжырымдау, қорытынды жасау
|
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған үйірме экологиялық білім беруге байланысты алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың міндетінің орындалуы үшін төмендегідей ұсыныстар жасаймыз:
Экологиялық білім мен біліктілікті қалыптастыруда жергілікті жер, туған өлкенің экологиялық мәселелерін ескеру. Оқушылардың экологиялық білім мен біліктілігін қалыптастыру жұмыстарының формасы мен әдістерін одан әрі жетілдіру;
Химия пәні оқулықтарының мазмұнын қазіргі мәселелерге сай жаңа экологиялық материалдармен толықтыру;
Химияны оқытуда әр тақырыпты экологияландыру арқылы пәнаралық кіріктіруді жүзеге асыру.
Қолданылған әдебиеттер:
Экология, охрана природы, экологическая безопасность: учеб. пособие / под общ. ред. А.Т. Никитина, С.А. Степанова. – М.: Изд-во МНЭПУ, 2000.
Келлер. Медицинская экология. – М., 2000.
Кумачев А.И. Глобальная экология и химия. – Минск, 1991
Мырзабаев А., Турбекова Н. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. – Алматы: Рауан, 1993.
Зверев И.Д., Захлебный А.М. Экологические знания: на уроках и после уроков // Народное образование. – 1985. – № 2.
Программа средней общеобразовательной школы. Химия / сост. Н.Е. Нурахметов, К.Жексембина, А. Темирболатова – Алматы: Мектеп, 2003.
Мукушева Г.К. Методика проведения химических экспериментов экологической направленности на лабораторно-практических занятиях в средней школе: автореф. … канд. пед. наук. – Алматы, 1999.
Түйіндеме
Бұл мақалада орта мектеп оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар көмегімен экологиялық білім мен білікті қалыптастыру және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті материалдарды теориялық дайындау әдістері қарастырылған.
Кілт сөздер: химия, үйірме, тақырыптық жоспар, экология, қоршаған орта
Резюме
В данной статье рассматриваются методы формирования экологических знаний и навыков школьников средних школ с помощью проведения внеклассных работ по химии, а также подготовка теоретических основ для организации кружковых работ при использовании местных материалов.
Ключевые слова: химия, кружок, тематический план, экология, окружающая среда
Summary
In this article methods of formation of ecological knowledge and skills of school students of high schools by means of carrying out out-of-class works on chemistry, and also preparation of theoretical bases for the organization the kruzhkovykh of works when using local materials are considered.
Keywords: chemistry, circle, thematic plan, ecology, environment
Достарыңызбен бөлісу: |