IV.«Миға шабуыл»
Төмендегі өлеңде тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып ,ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.
Тәтті шөпті таңдап жеп жылқы-сиыр
Тың-тоңы тұяқ кесті емес шиыр
Тай-тана бота тайлақ серкеш – тоқты
Барлығы тояр соның толып бүйір
Тойған мал көтерілді асыр салып
( -Неліктен мына өлең жолдарының тыныс белгілері қойылмаған, неліктен сіздер тиісті жеріне тыныс белгілерін қойдыңыздар, қоймай оқығанда қалай естіледі, қойып оқыған да ше? )
Тәтті шөпті таңдап жеп, жылқы сиыр,
Тың-тоңы, тұяқ кесті емес шиыр.
Тай-тана, бота тайлақ, серкеш – тоқты
Барлығы тояр соның, толып бүйір.
Тойған мал көтерілді асыр салып
Торпақ, бұқа, тай - құнан үйір алып.
Малдың, жанның барлығы көтеріңкі ,
Қыстан көрген зардабы ұмыт қалып.
Алты ай қыс ауырған көп жөтеліп,
Төсек сал , төсек кемпір бас көтеріп.
Қалың қар, қатты боран сары аяздың,
Барлығы бір-ақ күнде кетті өтеліп.
V. «Өз жұбыңды тап!» (оқушылардың қолына бөлек –бөлек үлестірмелі қима қағаздар беру, сол қағаздарға жазылған сөздер арқылы жұптастыру, тыныс белгісін ерекшелеу )
1. Ертең ел жайлауға көшеді. /нүкте/
2. Есен – саумысың? / сұраулы/
3. Қош келдің, ағатай! /леп/
4.Сен келгенде.....
Ә, оны айту міндетті емес. /көп нүкте/
5. Осылай боларын білдім бе мен?! /сөйлем соңына қаббаттасып қойылатын/
6. Мен Айдын,Әсем үшеуміз келдік. /үтір/
7. Айтарын білдім: тас- түйін боп алған. / қос нүкте/
8. Толғауы тоқсан қызыл тіл /Абай/
9. «Жас келсе іске» деген сөз / тырнақша
10. Үйде шешен ,-дауда жоқ. / сызықша/
Достарыңызбен бөлісу: |