II. Жаңа сабақ
Балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.
Балалар, «Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, жай- күйін , қадір –қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде ала беруіміз керек.
Ендеше балалар, төрт түлікке қандай түліктер жатады:
Жылқы, Ешкі, Түйе, Қой, Сиыр
Пір - деген өте қасиетті сөз. Пірлік деп белгілі бір саланың маманын, маманы болғанда да жетілген адамын атайды. Пірлік кереметтей ілім иесі болса, қарамағындағы халайыққа тәлім тәрбие беретіндей, жол көрсететіндей, ауыру сырқауы, жолдан адасқаны, басына әлде қалай ауырлық түскені, жаны күйзелгенде қолтығынан алатындай дәрежелі адам болған. Қазақтың төрт түлігінің пірі, иесі, киесі болған адамдар сол саланың маманы болған адамдар деп түсінуіміз керек.
19-ғасырда өмір сүріп «Түркі қауымдары тарихы» атты кітапты жазған Татар ғалымы Хасан Ата Абуший адамзат дамуын үш сатыға бөледі.
Бірінші - «Вахшият» яғни жабайы дәуір, адамдар жеткен жерінде жатып, тапқанын жеп күн кешеді. Тіршілік қамымен адамдар қоғамдаса бастайды. Әрине қауымның алғашқы түрі жан ұялық ата-әке-бала, немере деген секілді тұыстық жүйемен келіп бөліне бастайды.
Екінші - Бадауият, бұл дәуірде адамдар малды қолға үйрете бастайды. Мал өнімдерін тері, жүн, сүйек, сүт пайдалануды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |