Жүйе және құрылым ұғымдары Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілері 5


Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілері



бет3/5
Дата11.10.2022
өлшемі31,95 Kb.
#152680
1   2   3   4   5
Байланысты:
Баяндама Тіл мен ойлаудың өзара байланысы

2. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілері


Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.


Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн. Құрылымдық қасиет пен жүйелiк қасиет тiлге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тiлге қатысты мынадай мазмұнға ие болады: құрылым бүтiннiң бойындағы әр тектес элементтердiң арақатынасынан және бiрлiгiнен тұрады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс (фонема), ә) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердiң арасындағы айырмашылықтар – сапалық айырмашылықтар. Демек, аталған элементтер бiр-бiрiнен сапасы жағынан ажыратылады. Әрбiр элементтiң сапасын оның қызметi айқындап белгiлейдi.
а) Дыбыстар (фонемалар) – "құлаққа естiлетiн жай ғана дыбыстар емес", тiлдiң материалдық таңбалары (терминдiк емес, қарапайым мағынадағы таңбалар). Тiл дыбыстары (фонемалар) бiрiншiден, есту мүшелерi арқылы қабылданады, екiншiден, бiр сөздi екiншi сөзден, бiр морфеманы басқа морфемалардан ажыратады. Мысалы: т, д дыбыстары тән, дән деген сөздердi бiр-бiрiнен ажыратса, н, ң дыбыстары тон, тоң деген сөздердi бiр-бiрiнен ажыратады. Бұларға қосымша мына мысалдарды салыстырыңыздар: күн, түн, жүн; күз, күң, күш, құс, құл, күт; жүк, жүр, жүз; жан, жон, жөн; бас, бес, бос, бөс; досым, досың, досы; доспын, доссың және т. б. ә)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет