Үлкен ми сыңарлары(ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80 %-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар. Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау
қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері