«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»


Ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді мынадай



бет12/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану

Ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді мынадай қоймаларда сақтайды:

• контейнерлерге ұқсас аласа ашық алаңдар;

• жабық қоймалар (атмосфералық жауын-шашын залал келтіретін жүктер).

Ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді сақтау әдісі - қатарлап және сәкіде ( негізінен сортты металл және ұзын өлшемді прокат) сақтау.

Ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктермен жұмыс істейтін құралдар жүк көтерімділігі 10 тс төрттағанды (КДКК-10, ККС-10, КК-12.5)және арқалы крандар, темір жол жүрісіндегі бұрмалы крандар және жүк көтерімділігі 10 тс Г төрізді бұрмасы бар автотиеуіштер (4008,4028).

Жабық вагондармен тасымалданатын АСЖ-ны жабық қоймаларға немесе қалқаларға түсіру үшін ашалы электр тиеуіштер мен автотиегіштер қолданылады. Жүктерді бүлайша түсіруге оларды вагондарға тиейтін кезден-ақ дайындау керек (табандықтар, төсемдер, ашалар ілетін ілмектер және т.с.с.)

АСЖ-ны ашық платформаларға немесе алаңға түсіруде шығырсыз блоксыз кран бұрмасы бар автотиегіштер пайдаланылады. Жабық қоймаларда ұзын өлшемді прокатты тиеп-түсіру және сақтау үшін арқалы қалағыш крандар мен сәкі крандар қолданылады. Көптеген темірбетон бұйымдар айтарлықтай ұзын болғандықтан, оларды ұзындығы 30 м арнайы жартылай тіркемелермен, ферма тасығыш-трейлермен, панель тасығыштармен тасымалдайды.

Өнеркәсіп орындарының кірме жолдарында теміржол, автомобиль және пневмодоңғалақ жүрісті бұрмалы крандар қолданылады. Мұндай крандар әр түрлі жүктерді тиеп-түсіруде, сондай-ақ тиеп-түсіру алаңы әр түрлі пункттерде орналасатын жағдайларда тиімді болады.

Металл прокатын және ұзьшдығы 6-11 м болатын басқа да ұзын өлшемді ауыр жүктерді тасымалдау үшін ЗИЛ-ММЗ-13ОВ сүйретпесінің жүк кетерімділігі 10,5 тс бір осьті металл тасығыш жартылай тіркемесі ұсынылған.

Жүк ауласында немесе пункттерде төрттағанды және бұрмалы крандармен ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді тиеп-түсіруде жүкті іліп алатын тетік ретінде әр түрлі сым арқандар, автоматты және жартылай автоматты ілгіш құрылғылар, грейферлі -тістеуік ілгіштер, электр магниттер мен траверстер, рамалы - сым арқылы ілгіштер қолданылуы тиіс. Мұндай тетіктер тиеп-түсірілетін жүктердің салмағы мен пішініне сәйкес болуға тиіс. Машиналарда оларды көтеру үшін рама немесе ілмекті ілгіштер көзделеді. АСЖ-ны бекіту жөне босату уақыты 2-3 мин, кейде 5-6 мин. АСЖ-мен жұмыс істейтін бригада бір кран машинисінен (rмех = 1) және екі, төрт стропалыциктен (rжұм =2) тұрады.

Ауыр салмақты және үзын өлшемді жүктерді түсіру кезінде олардың құрылымдары майысып, зақымданбауына айрықша көңіл бөлу керек. Көтеретін жүк консолінін ұзындығын кеміту және құрылымьшың иілуіне жол бермеу үшін оны кем дегенде екі нүктеден бекітеді.

9 Дәріс тақырыбы: Орман материалдары.
Құрылыс, таукен, ағаш өңдеу және қағаз-целлюлоза өнеркәсібі, сондай-ақ көлік машиналарын жасау саласы ағаш материалдарын басты тұтынушылар болып табылады.

Ағаштар қылқан жапырақтылар (қарағай, шырша, балқарағай, самырсын, майқарағай, арша) мен жапырақтыларга (емен, шамшат, қайъщ, көктерек, жөке, шаған, қызылқайьщ, жаңғақ, тал, шегіршін, терек, қандыағаш) бөлінеді.



Ағаш материалдарын жүмыр ағаш, кесілген ағаш, шпал, ағаштан жасалған бұйымдар деп бөледі.

Ағаштардың діңдерін кесу, сыртын дұрыс өңдеу жөне бүтақтардан тазарту нәтижесінде алынатын бөрене, дөңбек, бағаналар жұмыр агашқа жатады.

Ағаш материалдардың атаулары мен сорттары стандартқа түсірілген.

Жұмыр ұзын ағаштың диаметрі 220-360 мм, ұзындығы 6-18 м.

Орташа өлшемді жұмыр ағаштың диаметрі 140-220 мм, ұзындығы 4-6,5 м.

Жұмыр қысқа ағаштың диаметрі 200-260 мм, ұзындығы 1,5-5,5 м. Сақтауға қойылатын жұмыр ағаштың жоғарғы бүйірінде мемлекеттік стандартқа сәйкес таңбасы болуы тиіс.

Кесілген материалдар тақтайға және қырлы ағашқа бөлінеді.

Тақтайда В<2δ, ал қырлы ағашта - В<2δ {В - ені, мм; δ - қалыңдығы, мм). Ені В = 80-200 мм тақтайдың қалыңдығы δ = 13-22 мм, адымы ∆ δ = 3 мм. Қалыңдығы 32 және 40 мм тақтайдың ені тиісінше 80-250 және 100-250 мм. Ені 80-100 мм қырлы ағаштың қалыңдығы 40, 50, 60 мм, ені 130-250 мм болса, қалыңдығы - 130-250 мм. Тақтай мен қырлы ағаштың ұзындығы L = 1 - 6,5 м.

Тиісінше 0,5 және 0,25 м болып жіктелуіне қарай жұмыр және кесілген ағаштардың ұзындығы жоғарыда көрсетілген ұзындық өлшемдері шегінде арта береді.

Өңделу әдістеріне қарай кесілген материалдар тілінген және тілінбеген материалдар болып бөлінеді.

Ағаш материалдары сапасына қараи 4 сортқа және сортсыз материалдарға бөлінеді.

Жіңішке, жұқа тақтайшаларды (клепка), кереге шабақтарды (дранка), ыдыс жасайтын тақтайшаларды және т.с.с. кесілген материалдарға жатқызады.

Ағаш сүрегін сақтау және тасымалдау жағдайына әсер ететін оның негізгі қасиеттері - ылгалдылыгы, тыгыздыгы, пішіні және бойлық өлшемдері.

Ылгалдылық дәрежесіне қарай ағаш материалдары қургақ (ылғалдылығы 10-18 %), жартылай қүргақ (18-25 %) және жаңа кесілген дымқыл (>25 %) материалдар болуы мүмкін. Жүктің ылғалдылық дәрежесі ағаштардың түқымына, дайындалған жеріне, жыл мезгілдеріне байланысты.

Тыгыздыгы:

құрғақ материалдар үшін - 0,35-тен (майқарағай) 0,76 (қызыл қайың) т/м3-ге дейін;

жаңа кесілген материалдар үшін - 0,71 -ден (жөке) 1,02 (емен) т/м3-ге дейін;

ылғалдылық дәрежесіне қарай 1 м3 ағаштың массасы қылқанды ағаштар үшін 0,45-тен 0,86 т-ға (жаңа кесілген) дейін өзгереді.

Қатарлап тиеу габаритінің коэффициенті немесе қалау тығыздығының коэффициенті бөренелердің жуандығы мен оларды қалау әдістеріне байланысты 0,47-ден 0,72-ге дейін ауытқиды.

Қылқаңды ағаштар діңінің үзындығы 9 м дейінгі және жоғарғы бүйірінің қалыңдығы 80-150мм кесінділері төсеніш материалдар деп атала-ды. Қалыңдығы 3-70 мм осындай кесінділерді сырғауыл деп атайды.

Жақтау материалдары, плинтус, түтқалар, еденге салынатын тақтай секілді дайын материалдар үй-жайдың өлшеміне сай келетін үзын пакеттермен жеткізілуі тиіс. Есік пен терезе блоктары қоймаға құрастырылған және бояуға дайын күйінде келуі тиіс.

Темір жолдың жүк айналымында ағаш материалдарының үлес салмағы 7 %-дан асады. Тасымалданатын ағаш материалдардың шамамен 50 %-ын жүмыр ағаштар, 23 %-ын кесілген материалдар, 5 %-ын -шпалдар мен қырлы ағаштар және 22 %-ын қапған материалдар мен ағаштан жасалған бүйымдар қүрайды. Тасымалданатын барлық ағаш материалдардың жартысына жуығы темір жолдың үлесіне келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет