Жүктілік физиологиясы. Жүктілік диагностикасы. Триместрдегі жүктіліктің барысы және оны басқару. Ұрықтану



бет53/71
Дата04.01.2022
өлшемі107,79 Kb.
#109379
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
3-7ТЕМА АКУШЕР

Егіз жүктілікті анықтау:

  1. Жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді.

  2. Жүкті әйел нәресте қимылын ерте сезінеді.

  3. Жүкті әйелдің дене салмағы 14-16 апталық жүктіліктен бастап артық өсе бастайды.

  4. Жатырдың жиырылуы жоғары болады.

  5. 20-24 апталық жүктіліктен бастап анемия белгілері пайда болады.

  6. Жатырдың әр жерінен нәрестенің екі жүрек соғуы естіледі.

  7. Нәрестенің жатырда үш ірі бөлігі анықталады (екі бас және бір жамбасы)

  8. УДЗ зерттеу арқылы егіз жүктілікті 6 аптадан бастап анықтайды.

  9. Жүктіліктің 20-22 апталығынан бастап фоноэлектрокардиографияны қолдана отырып, егіздердің жүрек соғуын анықтауға болады.

7 тақырып бойынша дәріс

Акушерлік қан кетулер.

Акушерлік қан кетулер - жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде кездесетін түрлі акушерлік асқынулардың ішінде ана өлімі көрсеткішіне ықпалы өте жоғары мәселе болып саналады.  Жыл сайын әлемде акушерлік қанкетулер 14 миллион жағдайда тіркеледі, олардың басым көпшілігі босанғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Нәтижесінде, 128,000  әйел  көз жұмады 

Қан кету -  500,0 мл-ден жоғары немесе дене салмағының 0,5% құрайтын қан жоғалту. Қан кету көлемінің маңыздылығы бастапқы гемоглобин деңгейімен байланысты. Гемоглобин көрсеткіші қалыпты пациенттер қан кетуге барынша төзімді болып келеді.

Анемиясы бар пациенттерде дене салмағының  0,3% құрайтын көлемде қан жоғалту қан кету болып саналады (ДДҰ, 2002 жыл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет