Жүктілік физиологиясы. Жүктілік диагностикасы. Триместрдегі жүктіліктің барысы және оны басқару. Ұрықтану



бет58/71
Дата04.01.2022
өлшемі107,79 Kb.
#109379
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
Байланысты:
3-7ТЕМА АКУШЕР
3-7ТЕМА АКУШЕР
Жатыр мойнының түзілістері.

Жатыр мойны қатерлі ісігі - экзофитті (түсті капуста тәрізді) және эндофитті  түзілістер (бөшке пішінді жатыр мойны).

Цервикалдық каналдың полиптері. Децидуальдық полип – децидуальды тіннің ұлғайып, өсуі және оның цервикальды каналға түсуі.

Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетулер:

1. Плацентаның төмен орналасуы;

2. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы;

3. Жатырдың жыртылуы.

Плацентаның төмен орналасуы

q  Жиілігі  – 0,2-0,6%

q  АӨ – от 0 до 0,9%

q  Ана ауруы – 23%

q  Мерзімінен бұрын босану- 20%

q  Перинатальды өлім – 17-26%

Плацентаның төмен орналасуы - қалыпты жағдайда плацента жатыр денесі немесе түбінде, артқы, сирек алдыңғы қабырғасында, бүйір қабырғаға созылып және жатыр мойнының  ішкі  ернеуінен 7 – 8 см жетпей  орналасады. Плацентаның толық және толық емес төмен орналасуы болып ажыратылады.   

Аралық түрі - плацентаның төмендеу орналасуы, бұл жағдайда плацентаның жиегі  жатыр мойны ішкі  ернеуінен 7 см дейін қашықтықта орналасады

Плацентаның төмен орналасуының жетекші белгісі – қайталамалы жатырдан қан кету. Басталуы кенеттен немесе дефекация акты, қынап арқылы зерттеу, жөтел, ауырлық көтерумен және т.б. байланысты басталуы  мүмкін. Қан кету әрқашан сыртқа болады.

Жамбас қуысының кіреберісіне орныққан ұрық бөлігінің жоғары орналасуы және жатыр түбінің жоғары болуы тән болып табылады. Диагноз УДЗ арқылы нақтыланады. Плацентаның толық орналасуында қынап арқылы зерттеу тек қана оталы бөлімнің толық дайындық жағдайында  жүргізіледі.

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы - жиілігі 0,4-1,4%, перинатальды өлім 16-50% (орта есеппен 20-40%), өте аз салмақпен балалардың туылуы –   80%, ана өлімі– 1,6-15,6%.

Жүктілік кезінде, босанудың бірінші және екінші кезеңдеріндегі плацентаның жатыр  қабырғасынан  толық немесе  жартылай ажырауы болатын  жүктілік  асқынуы.

Этиология: артериальды гипертензия; бүйрек аурулары; асқынған акушерлі-гинекологиялық  анамнез; жатыр  миомасы; көпұрықтық, ірі ұрық және суегіз кезіндегі жатырдың шапшаң босауы; іш жарақаты; дискоординациялық босану қызметінде, негізсіз  босануды үстемелеуде, қысқа кіндікбау және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет