Незігі белгілер: Түрлі қарқынды қынаптық қан кетулер, іш маңында тұрақты немесе қайталамалы ауырсыну, ұрық дистресі немесе жүрек соғуының болмауы, әйел жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бұзылулары.
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауында жүкті әйелдерді жүргізу алгоритмі: Көмекке шақыру, жедел бос персоналдың барын жұмылдыру. Әйел жағдайының негізгі көрсеткіштерін жылдам бағалау (тамыр соғысы, қан қысымы, дем алысы, температура, диурез). Плацентаның төмен орналасуының жоқтығына көзіңіз жетпесе (анамнез, УДЗ) және оталы бөлімнің толық дайындығынсыз қынап арқылы зерттеуді жүргізбеңіз. Егер есеңгіреу (шок) байқалса, жедел емін бастаңыз. Егер әйел жағдайының негізгі көрсеткіштерін бағалауда есеңгіреу белгілері байқалмаса да оны есте ұстаңыз. Себебі, жағдайы кенеттен нашарлап кетуі мүмкін.
Көк тамыр арқылы құюды бастаңыз және сұйықтықтар енгізіңіз, талдауға және сәйкестікті анықтауға жүргізілетін сынамаларға қан алыңыз. Қан ұю қабілетін бағалаңыз, төсек жанында жүргізілетін тестті пайдалана. Егер тест барысында қанның ұюы 7 минуттан аса созылса немесе жұмсақ, оңай шашырайтын түйіршік байқалса, коагулопатияны болжаңыз. Барынша босандыруды жылдамдатыңыз.
Жатыр жыртылуы - оның қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы. Жиілігі, жалпы босану санынан 0,015-0,1% аралығында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |