Сіздің емдеу тактикаңыз. Науқасқа жедел түрде комплексті ем жүргізуіміз керек. Консервативті ем: Эластикалық бинтпен орау немесе Эластикалық нәски кию, физикалық ауыр жұмыс атқаруды қатаң түрде доғару. - Микроциркуляцияны жақсарту
-Венаның тонусын жоғарылататын дәрілер тағайындау
-Склероздау әдісін жас ерекшелігіне байланысты бұл пациентке қолдана алмаймыз!
10.Артериялық эндоартериит
Науқас О. 76 жаста қабылдау бөліміне аяғының саусақтарыңдағы іріңді жаралардың пайда болғанына, аяқ басының үнемі суықтануына және қатты ауруына шағымданып келді, анамнезіңде аяғындағы жаралар 1 ай бұрың пайда болған, жергілікті емханада күнделікті хирург дәрігерінде ем қабылдаған, ем нәтижие берменген. Сонымен қатар 15 жылдан бері Қантты диабетпен диспансерлік бақылауда тұрады. Қарап тексергенде тері жабыңдылары бозарған. Пульс 102 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм с.б. Жергілікті қарағанда аяқ терісінде цианоз белгілері бар, ұстап қарағанда аяғы тізеден төмен суық, тізе астында және аяқтың басында пульсация сезілмейді. Аяқтың 1,2,3 саусақтары қарайған, жарадан іріңді бөлінділер, жағымсыз иіспен.
Болжама диагноз: Облиттендіруші эндоартериит»»»»аяқтың 1,2,3 саусақтарында ылғалды гангрена дамыған.
Себебі, артерияның толық бітелуінен аяқтарда пульс жоқ
Жергілікті аяқтың аймағында трофикалық өзгерістер тудырып, жара пайда болған
Диабетпен ұзақ жылдар бойы ауырғандықтан, атеросклерозбен де қолқа қуысын толық бітеп қалуы мүмкін
Диабетке байланысты және жасқа байланысты бұл пациентте жараның жазылуы өте жай немесе жазылмай гангренаға ауысып кетуі мүмкін.
Сіздің тағайындайтың лабараториялық инструментальды зертеулер.
-Жалпы қан анализы (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы)
-Биохимиялық қан анализы
-Жалпы зәр анализы
-Осцилография
-допплерлік УДЗ
-Рентгенконтрастты артериография
-Капилляроскопия
-Және де дәрігер науқасқа бірнеше сынама жүргізуі керек. Олар: «Әскери жүріс немесе марштау, Д.М.Панченко, В.М.Ситенко мен Г.В.Шамов» сынамалары
Сіздің тағайындаған еміңіз.:
- Науқасқа симптотикалық ем жүргізу: ауыру басатын дәрі, қан тамырларының тонусын төмендететін вазодилататорлар.
- Антибитикотерапия.
-Науқастың саусақтарында гангрена дамығандықтан, демаркация сызығы немесе шекарасы білінген жағдайда тез арада ампутация жасау
-Тамырды протездеу
Достарыңызбен бөлісу: |