Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит



бет5/9
Дата03.09.2023
өлшемі392,67 Kb.
#180090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жм17-11-2 Абдуханова Д. Аппендицит

6.Жарықтар
№1 Есеп. 56 жастағы әйел адам, ауруханаға ішінің ақ сызығында орналасқан операциялық тыртығы аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданып түсті. Осыдан 3 жыл бұрын деструктивті холециститке, перитонитке байланысты операция жасалған. Операциялық жарасы іріңдеп, екіншілік тартылыумен жазылған.
Обьективті: ішінің ортаңғы сызығында семсер тәрізді өсіндіден кіндікке дейін операциядан кейінгі тыртық бар, оның ортасында көлемі 15 см болатын, эластикалық консистенциялы, құрсақ қуысына еркін енетін ісік тәрізді түзіліс анықталады. Обьективті тексергенде басқа аурулары жоқ.

Тапсырма:
1.Неғұрлым сәйкес келетін алдын-ала қойылған диагнозыңыз:
Жауабым: Операциядан соң пайда болған іштің ақ сызығы жарығы(кіндік үсті аймағы).
2. Осы ауру кезінде Сіз қандай обьективті симптомдарды анықтайсыз?
Жауабым: Объективті зерттеуде жарық шығатын іштің ақ сызығында көзге көрінетін томпашық анықталады. Ол науқас түрегеліп тұрған қалыпта, жүк көтергенде, күшенгенде жарықтың көлемі ұлғаяды да, олар жойылысымен жарық қабындағы заттардың орнына түсу салдарынан оның көлемі кішірейеді.Бұл белгі жарық ауруына тән, сондықтан ол жарықты анықтауда және оны басқа аурулардан ажыратуда аса маңызды.
Пальпациямен жарық қабына шыққан ағзалардың іш қуысына қайта түсуін байқаймыз. Егер жарық орнына түскен жағдайда бұл әдіспен жарық ауруына тән, «саусақты итеру феномені» белгісі анықталады.
Ажырату диагнозы: Щеткин-Блюмберг симтомын тексергеміз. Ауру сезімі бар жоқтығына назар аударамыз. Іштің ақ сызығы жарығында да ауыру сезімі әлсін-әлсін ғана болуы мүмкін. Ал, ойық жара, ісікте ауыру сезімі пальпация жасағанда қатты болуы немесе одан әрі күшеюі мүмкін. А.И. Савицкий(1974) қатерлі ісіктің «кіші белгілер синдромы» деген тұрақты ауру сезімі, науқас психикасының бұзылысы, себепсіз арықтап, салмақ жоғалту, еттен дайындалаты тағамдарға тәбетінің төмендегеніне аса назар аудару керек
3. Мұндай жағдайда науқасты жүргізу тактикасы қандай?
Жауабым: Аллотрансплантация, Сапежко, Троицкий, Вознесенский, Напалков операциялары қолданылады.
7.Ішек түйілуі
40 жастағы әйел кісі, хирургияның қабылдау бөліміне ішінің ұстамалы ауру сезіміне, бірнеше рет құсуға, ішінен жел шықпауы мен үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті. Осыдан бір жыл бұрын науқасқа жедел аппендицит және ішектің жабысқақ ауруына байланысты екі рет операция жасалған.
Обьективті: науқас арықтаған, терісі мен склерасы қалыпты түсті, пульсі минутына 88 рет. Тілі құрғақ. Іші кепкен, жұмсақ, төменгі бөлігі аздап ауырсынады, сол жақ бөлігінде ауру сезімі күштірек. Перитонеальді белгілері жоқ, шылпыл шуылы естіледі, сол жақ гипогастрий аймағында ішек перистальтикасы күшейген. Үлкен дәреті болмаған. Ішінен жел шықпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет