98
тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, теория
мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады.
Баламалы шешім.
Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені
ерекше шеше алу,
шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға
ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан
ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады.
Оқушылардың дұрыс
шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді,
мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.
Шешімнің дәлелдігі.
Мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады.
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың алға қойған мақсаты айқын, бағдары
жүйелі. Зиялы азаматты – әлеуеті жоғары дамыған,
жаңашыл ойлай білетін,
рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды
тәрбиелеуге ұмтылатын білім беруде тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста
болады.
Ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі
– заманауи ақпараттық қоғамдағы
жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында
когнитивті үдерістердің және педагогикалық
мақсаттардың тізімі төмен
деңгейлі когнитивті үдерістерден неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті
үдерістерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай ұстанымы бойынша берілген.
Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне
алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін
дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау
дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда?
қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. Сонымен бірге
неғұрлым ауыр талдау және бағалау дағдыларын дамытатын сұрақтар да қосу
қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі
тілдік
құрылымдарды пайдалануды қарастыратын,
Достарыңызбен бөлісу: