96
оқуға мүмкіндігі болуы үшін жоба негізінде оқыту ұйымдастырылады. Ол
арқылы оқушының ақпаратты өздігінен игеруіне және сыни ойлаудың дамуына
мүмкіндік алады.
Оңтүстік Корея
мемлекетінің білім алушыларында физика, биология,
математика, технология облыстары бойынша мәселе туындады. PISA
қорытындысы бойынша ғылыммен байланысты қызығушылығы,
ынтасы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басқа елдеріне қарағанда
төмен болды [189].
Оңтүстік Кореялық ғалымдар Х.Ли және K.Парк бастауыш сынып
оқушылары ғалымдар мен инженерлер туралы нақты түсінікке ие
болмағандығын айтып өтеді.
1957 жылы негізі қаланған негізгі миссиясы ғылыми мәдениетті ілгерілету
және шығармашылық таланттарды тәрбиелеу болып табылатын Корея ғылым
мен шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу қоры (Korea Foundation for the
Advancement of Science and Creativity) Оңтүстік Кореяның білім,
ғылым және
техника министрлігі STEAM пәндеріне интегративті көзқарас мектептегі білім
беруді қайта құрылымдаудың негізгі элементі болып табылады деген пікірге
келді. АҚШ-тың STEAM білім беру тәжірибесін талдағаннан кейін, Оңтүстік
Корея ғалымдары Г. Якман және Х. Ли ғылыми білімді дамытудың,
жетілдірудің кілті гуманитарлық ғылым элементтері деп санайды. Олар:
эстетика, эргономика,
әлеуметтану, психология, философия және т. б.
гуманитарлық ғылымдар. Дегенмен, интеграцияға қарамастан, әр пән өзінің
білім беру базасын сақтауы маңызды деп көрсетілген [190].
Сонымен қатар, Г. Якман, Х. Ли STEAM –
білім берудің әрбір бағыты
бойынша өз анықтамаларын ұсынды.
Ғылым
табиғатта бар және оған сырттан әсер етуші.
Технология
адамзаттың қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи
ортаның түрленуі, өзгеруі.
Инженерия
бұл адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
объектілерді, үдерістерді және жүйелерді жобалау.
Математика
бұл сандарды, символдық қосылыстарды, үлгілерді,
формаларды, белгісіздік пен аргументтерді зерттеу.
Өнер
өз кезегінде бейнелеу, тіл, гуманитарлық
және физикалық өнерді
қамтиды. Ең алдымен тілдік өнер
коммуникацияның және байланыстың
барлық түрлерін, олардың қалай түсіндірілетінін меңгеру; музыка өнері;
физикалық өнер
атлетикалық өнер; гуманитарлық өнер (әлеуметтік
ғылымдар)
білім беру, тарих, философия,
саясаттану, психология,
әлеуметтану, теология және т.б; бейнелеу өнері
өркениеттің ең көне, тұрақты
мәдениеттерін оқытатын эстетика.
STEAM оқушыларға тәртіптік ойлау дағдыларын (discipline-specific
thinking) және функционалдық сауаттылықты, яғни білімді бір қызмет
саласынан екінші қызмет саласына тарату қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Функционалды сауатты адамдар пәндер арасындағы байланысты көре
алады. STEAM бойынша білім алатын оқушылар бір салада ғана емес, бірнеше
97
саланың үйлесімінде де сауатты болады. Steam
бағдарламасының оқушылары
өмір бойында болып жатқан өзгерістерге оңай бейімделе алады және жаһандық
қауымдастықты жетілдіре алады.
Сондай-ақ, STEAM басқа пәндер мен мәдениеттерге қатысты адамдар мен
ұғымдарды жақсы түсінуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: