ЖұманМерей Тобы: 240жм қабылдаған: Рахимбекова Г. К


Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді



бет6/7
Дата09.10.2023
өлшемі1,77 Mb.
#184240
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ішкі аурулар пропед
Презентация- лаборатория 1- Ахатұлы Жанғали ИС -22-1к

Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.

Гематокрит жоғарылау себептері: Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет)

Гематокрит төмендеу себебі: Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы;

Лейкоцетарлы формула

Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды.

  • Нейтрофилдер
  • Сегментоядролы форма 47-72% Таяқшаядролы форма 1- 6%
  • Эозинофил 0,5-5%
  • Базофил 0-1%
  • Моноциттер 3-11%
  • Лимфоциттер 19-37%
  • Лейкоциттер формуланың ығысуы

Эритроциттер тұну жылдамдығы

  • ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) қанның плазмаға және эритроциттерге бөліну жылдамдығын анықтайтын лабараторлы анализ
  • Зерттеу мақсаты: эритроциттер плазмадан және лейкоциттерден қарағанда ауыр болып келеді, сондықтан жердің тартылыс күшінен олар пробирка түбіне түседі. Сау адамдарда эритроциттер мембранасы теріс зарядта болып, бір бірінен тебіледі (алшақтайды). Бұл олардың тұну жылдамдығын баяулата түседі.Бірақ кейбір ауруларда қанда келесідей өзгерістер туындайды: Фибриноген мөлшері көбейеді. Сонымен қатар альфа- және гамма-глобулин және С-реактивті белок жоғарылайды. Бұлар эритроциттер бетіне жабысып, олардың салмағы жоғарылауына алып келеді. Альбумин концентрациясы төмендеу. Мұндай жағдайда эритроциттер жабысуына кедергі туады. Қанның электролиттік балансы жоғарылайды. Соның әсерінен эритроциттер заряды өзгеріп, олар бір бірінен тебілмейтін болады. Осындай өзгерістер нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктері бір бірімен жабысады. Біріккен және ауырлаған эритроциттер пробирка түбіне жылдам түсетін болады. Нәтижесінде ЭТЖ жоғарылайды.

ЭТЖ жайлы не білуіміз керек?

    • ЭТЖ көптеген ауруларда қан белок плазмаларының сапалық және сандық өзгерістері әсерінен жоғарылауы мүмкін.
    • ЭТЖ аурудың бірінші күні жоғарыламайды, тек екінші күнінен бастап жоғарылайды;
    • Аурудан жазылғаннан кейін ЭТЖ бірнеше апта, кейде 1 ай бойы жоғары сақталуы мүмкін
    • Кей кезде сау адамдарда ЭТЖ 100мм/сағ дейін жоғарылауы мүмкін
    • ЭТЖ тамақ ішкеннен кейін 20 мм/сағ дейін жоғарылайды.
    • Сондықтан анализді аш қарынға алу аса маңызды.
    • Егер лабараторияда температура 24 граддустан жоғары болса, эритроциттер жабысу процессі бұзылып, ЭТЖ төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет