ЖұманМерей Тобы: 240жм қабылдаған: Рахимбекова Г. К


Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу



бет7/7
Дата09.10.2023
өлшемі1,77 Mb.
#184240
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ішкі аурулар пропед

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

  • Пункция (лат. punctio - укол) - шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықты немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы: іш кепкенде, құрсақ ішіне сарысу жиналғанда және жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасаймыз .Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады. Диагностикалық пункция адам тінінде немесе ағзасындағы патологиялық процестерді зерттеу мақсатында, сол ағзадан не тіннен сұйықтық (ірің, сарысу) алу үшін жасалады.

Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу

  • Стернальды пункция - төс сүйегіне пункция жасап, сүйек миын зерттеуге алу. Алынған сүйек миынан жағынды дайындап, Романовский-Гимзе бойынша бояп, сосын клеткаларды санап зерттейді,, қорытындысы миелограмма деп аталады.
  • Көк бауырдың пукциясы лимфогранулематозды , лимфоманы, лимфосаркоманы, эритремияны, созылмалы миелолейкозды және т.б. ауруларды анықтауға көмектеседі.

Радиоизотоптық зерттеу

  • Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады.

Цитохимиялық әдіс

  • Цитохимиялық әдіспен лейкоциттерді зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады. Науқатардың қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны, сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды.

Қорытынды:

  • Жалпы қан анализі – қан элементтерінің санын, сапасын анықтау; эритроциттердің санын, эритроциттердегі гемоглобин мөлшерін анықтау; лейкоциттердің жалпы санын және лейкоциттердің әртүрінің қатынасын анықтау (лейкоцитарлық формула), тромбоциттердің санын , ЭТЖ . Дені сау адамда қанның клеткалық құрамы тұрақты, сондықтан, әрбір өзгерістің диагностикалық маңызы зор. Сонымен қатар тамақ ішумен ,физикалық күштемемен байланысты тәулік бойы қан құрамы өзгеріп тұрады. Осы факторлардың әсерін жою үшін, қанды таңертен, аш қарында алу қажет. Қанды алу техникасы; қан зерттеуге сол жақ қолдың IV саусақ басынан алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет