- Қарағым, балам. Қайт әулиенің басына. Қайтпасаң әкпеңді аламын. Өзің екі аяқтан қаласың. Сол жерге отырғыздырып қоямын. Қайтып барсаң әкпеңнің жасы ұзақ болады. Бірақ, бір қолы кем болады. Балам, әлі саған қастасқандардын бәрін тәуелді қылып алдыңа алып келемін.
- Асылбек пен Даниярға бере берші, керегі жоқ, - деп айтысып отыр екенмін, сонда маған:
- Балам, саған берген ілімді оларға бергенімде, сені аяқпен емес басыңмен жорғалатар еді. Болды, қайт орныңа!-деді. Оянсам, таң атып қалыпты. Дәрет алып, намаз оқыдым. «Бұнысы несі» екен деп ойлап жүрдім. Таңғы шай ішіп отырғанымда жиенім келді.
- Мамам больницаға түсті. Бір жағынан ұстап, миына қан кетіп жатыр. Врачтар адам болмайды дейді – деп жылады. Дереу жиналып ауруханаға бардым. Барсам әкпем ес-түссіз жатыр. Қолымнан не келеді? Әйтеуір өлсе Алла алдынан жарылқасын деп дем салдым. Ертеңіне ең үлкен бауырым келді.
- Әй молда, жүр. Әкпеңді көрейік, - деді. Қарындасын көріп врачтармен сөйлесіп келіп айтқаны:
- Жібекті адам болмайды, дайындала беріңдер, - дейді врачтар, мына күйеу балаға ауыр болады. Ағайынды үшеуіміз малын алайық. Балалары кішкентай, не көріп кетті.
Бауырым сол сөзді айтып тұрғанда көрген аяндық ойыма сақ етіп түсе қалды.
- Әкпем өлмейді, өмір-жасы ұзақ болады. Мен кеттім әулиеге. Өлсем өлігім сол жерден шығады, - деп кетейін дегенде Рымкүл айтты:
- Әні, аға көрдіңіз бе? Айттым ғой сізге, әулие деп кетеді бала-шағаға қарамай. Сол жерде келген әйелдермен шай ішкеніне мәз болады. Сізге айтып едім ғой,- деді. Сонда бауырым:
- Не бар сол жерде? Әулие жоқ деп жатыр ғой. Мына имамдар Аят та айтып жатыр Әбдірәсіл күнәһар болады дейді. Сен шынымен жынды болған шығарсың. Олардың дипломы бар. Қайдағы әулие? – деді. Айтқан сөздеріне ыза болып, қолымды сілтеп әулиеге жаяу кетіп қалдым. Келе жатып өз-өзіме серт бердім. Өлсем өлігім осы жерден шығады тек,бауырларыма кесірім тимесе болды деп. Әулиеге келсем будканың ішінде Асылбек пен марқұм Айнаш екеуі ортаға бір бөтелкені алып, арақ ішіп отыр екен.
- Айнаш, осы жерде сен менің басымды жарып едің. Асылбектің сөзін сөйлеп жүргенің осы екен ғой. Құртыңдар көздеріңді,- деп будкадан қуып шықтым. Осы күннен бастап Асылбек өштесті, қастығын үдейтті, кетіп бара жатып:
- Көреміз сені, не істейсің? Менің қайынағам Махмұд тұрғанда қолыңнан келгеніңді істеп ал! Бәрібір бұл әулие де, жер де менікі болады, - деп Айнаш екеуі күліп, қол ұстасып кетті.
Сол күні Жібек әкпемді ауруханадан шығарып алып кетті. Мен әулиеге қайтып келгеннен соң әкпем жайлап өз-өзіне келе бастады. «Өледі» деген әкпем он күннен кейін қол-аяғы қимылдап, тілге келді. Бірақ, сол қолының басы ғана кем болды.
«Әулие аяндықпен шақырды. Біз күтеміз» деп Асылбектің жиендері Биғазы, Бауыржан, қарындасы Шолпан, күйеу баласы Қуат жүрді. Бұлармен бірге Жарқын деген жүрді,бұларға Батыр, Санат, Ескендір деген жігіттер қосылды. Ол кезде қыз-келіншектер, жігіттер осында түнеп, мен қонаға үйге кетіп қалатынмын.
Данияр мен Асылбек сол кезде тура айтқан екен. Себебі олар көп, мен жалғыз. Жалғыз болғаным сол, отасқан 15 жыл бірге тұрған әйелім Рымкүл ол да қарсы болды. Оған шешесі Зина қосылды. Неше түрлі сөзге қалдым. Қазақ атам айтқан екен:
«Жаман қатын жақсы еркектің төрдегі басын есікке сүйрейді,
Жақсы қатын жаман еркектің есіктегі басын төрге сүйрейді» деген. Дұшпандардың сөзіне ілесіп көршілері тағы бар, мені ұрып өлтіретін адам жоқ. Көзі ағып жылай берген соң, 8 айдың айлығын алып, сонау Құмөзектен енем Зинаны үйдің қасына көшіріп әкеліп едім. Сонда менің не шекем қызғаны бар еді? Зина көшенің арғы бетінде тұрады, мен бергі бетінде тұрамын. Менің үйіме 5 минут сайын келіп, не бір өсекті Рымкүл екеуі айтатын. Сонда мені бауырларымның алдында, ағайын, жора-жолдастарымның сол кезде дос дейтін дос та жоқ, бүкіл халыққа мені жексұрын, оңбаған, қатын ұрғыш, еркектің жәлебі, дуакеш атандым.
Күндердің күнінде бір жақтан Данияр ас береміз деп, мына жақтан Рымкүл қыз асырап аламын деп жүрді
- Мен де өңкей ұл туғанмын. Қыз асырап аламын -деп бой бермей қойды. Айттым:
- Әй, құдайға шүкір. Ұлдарың бар ғой. Тумаған ол қыз кейін қандай болады? Қойсаңшы .-десем, көнбеді.
- Мейлі, алсаң ал, бірақ мына ас өтсін, - дедім.
- Мақұл- деп келісті.
Бұрын осы әулиеге бір келіншек келіп-кетіп тұратын Гүлфайрус атты. Анда-санда келіп қонып, құран-намаз оқып үйреніп жүрген. Сол қыз босаныпты, қызды тастаймын дегенін Рымкүл қайдан естігенін ауруханаға барып сөйлесіпті. Сонда Даниярдын айтқаны есіме түсті:
- Елге күлкі, мазақы боласың, - дегені.
- Бұлар не істейін деп жүр?- деп ойладым. Аста Данияр телевидениесін әкеліп қойды. Асылбек тәуіптерімен келді. Бәрі қайта-қайта жиналып, сөйлесулері көбейді.
Жағынып,күнелткенше жауыздарға,
Құзғын боп,қу сүекті жалғыз қарма.
Ішкенше арамзанын бал-шәрбатын,
Арпаңның күлшесін же, жалғыз қалда.
Ақыры, айхай-шу шықты. Менің жеңгем Қарлығаш кезінде менің Әскербек бауырымды менсінбей тастап кеткен еді. Әскербек ағам жесір қалған басқа әйелге қосылған. Кезінде отырып келген Қарлығаш жеңгем түрмеден «списать етіліп» ауырып, әулиеге келген еді. Осы жерден жазылып, намаз-құран үйреніп, сол жеңгем қолына пышақ алып жүгіріп, маған айтқаны:
- Сен оңбағансың! Менің босағамда тұрған мөр. Мөрді маған қайтар. Бермесең тура осы жерде сені қарабет қып, өзіме пышақ жұмсап өлемін,-деді. Елдер деген шуылдап, қайдан келгені, Қарлығаштың жиені Ескендір жүгіріп келіп қолындағы пышаққа жармасты.
- Тәте, пышақты беріңіз! – деп әйтеуір қолынан пышақты тартып алды. Сол кезде менің айтқаным:
- Қарлығаш, менің бауырымды «бай деген байпақ» тауып аламын деп едің ғой. Сен кеткен адамсың, басымды қатырма. Мөр тұрмақ саған тас та жоқ! – деп айтып бұрылып кеттім.
Сөйтіп осы әңгімемен ас өтті. Бұл жыр тек бастамасы еді. Асырап алатын қызды шешесімен үйге шығарып алып келіп, бала қырқынан шыққанша үйде қалжалайтын болдық. Гүлфайрус үйде болып, баланы еміздіріп отырды. Зина деген жүгіріп келіп:
- Оңбағансың! Бір қатынға бала таптырып. Ал енді сені жынды қылып мына қатынды баққызып отыр,- деп қызына ұрысты. Қайта айналып келіп:
- Сен қайыршысың! Елдің жеті теңгесіне қарап отырсың! Өңкей сайқалдармен «әулие» деп отырсың. Сен не, сол жерге ие боламын дейсің бе? Асылбектің тіреуін көрдің бе, қасында жездесі Басшыбай отыр. Астанада қайынағасы Махмұд, бауыры Қалмырзаев тұрғанда сенің қолыңнан не келеді? Сен жалғызсың, бейшарасың -деп талай небір сөздер естіп едім.
2002 жылдың ақпан айында Рымкүлдің мойнындағы алқасы жоқ болды.
- Рымкүл алқаң қайда? Екі-үш күн болды ғой, көрінбейді- деп сұрағаным сол-ақ екен.
- Турецкий ма? Сатып жібердім. Елдің байы сияқты үлде мен бүлдеге орап отыр ма едің?! - деп аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты. Құрысын деп, қолымды сілтеп үйге 3-4 күн бармай қойдым. Балам Ғалымжан келіп:
- Әке, мамамды скорыймен больницаға алып кетті. Скорыйдағыларға Зина:
- Справка беріңдер, байы ұрды, соқты деген. Әне, бүйрегін көгертті, - депті. Осыдан кейін мен үйге бардым, барсам үлкен ұлым Еркебұлан мен Ғалымжан екеуі үйде отыр екен. Ержан мен Мөлдірді Зина үйіне алып кетіпті. Үйге кіргенім сол Рымкүлдің сіңлісі марқұм Света Мөлдірді алып келіп, диванға лақтырып жіберді.
- Мә, ойнасыңды бағып ал! Көрейін сені, қай жәлептерің бағады екен? Өңкей сайыпқұрандар, - деп шығып кетті. Мөлдір шырқырап жылап жатыр. Мен өз-өзіме келе алмай біраз тұрып қалдым. Әйтеуір Мөлдірді алып жұбатып, не істеймін деп тұрдым. Құрысын, не болса о болсын деп әулиеге қарай кеттім. Қолыма ілінген жөргектері мен киімдерін жинай сала әулиеге келдім. Ол кезде Асылбектің жиендері барлығы жиналып кетіп қалған еді. Аяндықпен Сәлима мен Гуля бар еді. Екеуі мен балалармен үйге кіргенде:
- Не болды, Рымкүл қайда? - деген сұрақтарды жаудырды. Мөлдір жылап жатыр. Екеуі алып астын көріп еді, шылқылдап кеткен екен. Біреуі айтты:
- Аға, бала аш. Сүт керек - деді. Мен қайтадан үйге келіп, көршілерден сүт алып келсем ,екі қыз құсып жиіркеніп отыр екен.
- Не болды? - деп едім
- Аға, мына баланы қалай баққан, боқ-сідік сасиды, бала иісі болады ғой. Мына бала аш, тамақ бермеген – деді. Сүтін бөтелкемен беріп еді, кішкене ішсе болды, әлсіреп, қайта-қайта демалып әрең тауысты. Қарны тойғаннан кейін екі қыз баланы суға түсіріп, майлап, таза матаға орап, бір уақытта бала былбырап ұйықтады. Қыздар киімдерінің бәрін түгел жуып, жайып қойды. Мөлдір есін жия алмады. Арқасы көгерген. Сонымен не істерімді білмей отырғанымда Белбасардағы қарындасым Аманкүл келіп қалды. Ауруханаға Төле биге апардық. Врачтар көріп, дереу жатқыздырды. Мөлдірдің қасына Аманкүл жататын болды. Қатты ауырып, система, укол салдырып, сонда врачтар маған ұрысқаны:
- Бұл бала асырап алынған бала. Туған шешесі бір тастады, асырағаны екі тастады. Баланы алдыма лақтырып, тастап кетті. Ауру баланы қайда апарамын. Қарындасыммен бірге әкеліп отырмын - дедім. Әрі-бері қарап, тексеріп справка жазып берді. Диагнозы: ушиб мягких тканей ягодицы и спины.25.02.2002г. Ауруханадан шыққан соң қыздар кезек-кезек балаға қарап, кезек-кезек сүтін беріп, астын ауыстырып, сол кезде Мөлдір сегіз айлық еді. Сонда Гуля айтты:
- Бала керек деген адам, жақсылап бағуы керек. Мынау не, сегіз айлық бала деген дастархан жағалап жүремін дейтін уақыты. Мынау не? Әлі отыра да алмайды, - дейді. Бірақ ойласам, сөзінің жаны бар. Осыдан екі-үш күн өтпей милициядан повестка келді. Шақырған уақытысында бардым. Сондағы маған айтқаны:
- Бауырым, кел мен сені жақсылап бүйректен ұрып көрейін, көреміз бүйрегің көгерер ме екен, жоқ сен өлер ме екенсің? Не врачтар сондай заключение берді ме? – деп сұрадым.
- Жоқ аға, әйеліңіз арыз жазыпты. Ұрды, соқты, бүйрегімді көгертті- деді де, маған қарап тұрып:
- Аға, ондай әйелді неғыласыз? Жаман шатақ адам екен.
Сонан соң түсініктеме жазып мен кеттім. Март айының ондарында Ғалымжан сабақтан келіп:
- Әке, мамам больницадан шығыпты. Зинаның үйінде жүр, - деп келді. Сәлима естіп қуанды:
- Жақсы болған екен. Енді келіп баланы алып кететін болды -деп. Қыздардың екі көзі төрт болып көшедегі машинаны қараумен болды. Бірақ, Рымкүл келмеді. Бәрімізге, әрқайсысымызға неше түрлі ой келіп, уайымдап жүрдік. Біраз күннен кейін Ғалымжанды сабақтан күтіп, Шудағы үйде отырғанымда үйге Рымкүлдің інісі Талғат кіріп келіп:
- Жоқ, сен оңбаған әдейі оны тығып қойдың, - деп жүгіріп келіп мені ұра жөнелді. Талғат кеткен соң зорға дегенде далаға шығып, көршілерге айтып скорый шақырттым. Ауруханаға тіркеуге алынып, жатуға тура келді. Сөйтсем сол жақ екі қабырғам сынып, сотрясение алып, біраз жатуға тура келді. Осы жағдайлардан кейін, 3-4 күннен кейін Рымкүлдің бұрынғы күйеуінен туылған баласы Бахытжан повестка алып келді. Қарасам, сотқа шақырылыппын. Рымкүл ажырасуға, дүние-мүлікті бөлуге арызданыпты.
- Мейлі, болыпты- деп қойдым. Екі қыз:
- Аға, балаларға шеше керек. Оның үстіне мына қыз бар, обал. Кешірім сұрай салыңыз, неғыласыз, - деді. Бірақ, әрі-бері ойлап, мен Рымкүлді ұрған жоқпын деп ой түбіне жете алмай екі балама айттым:
- Рымкүлді қайрап отырған біреу бар. Ол ажырасуға арыз жазды. Енді не істерімізді білмей отырмын - деп едім,
- Әке, не болмаса ол болсын. Біз сізбен бірге қаламыз,- деді. Сонымен сотқа екі балам, мен, Гуля Мөлдірді көтеріп баратын болды.
- Бұл қызды неге асырап алады ажырасатыны бар. Жоқ, баланы мен тудым ба? Бұнысы несі, бұл қатынның,- деп Гуляның бұрқан-талқаны шықты. Не керек сотқа бардық. Рымкүл Гуляның қолындағы баланы көріп, түрі сұп-сұр болып кетіп, өңі қашып қасындағы тұрған Ғалымжанға:
- Баланы неге әкеледі? - деп қайта-қайта сұрай беріпті. Сот шақырды,кірдік. Сот Кенжебеков бізді сол жерде ажыратып, екі баладан кіммен қаласыңдар деп сұраған да жоқ. Сонымен сот Кенжебеков мырзаның арқасында мен арақ ішіп, жеңіл жүріске түсіп, басқа әйелден баласы бар ,үйден кетіп қалған деген атқа ие болдым. Екі шешімнің екі түрлі болғанының өзі заң бұзушылық. Біреуінде балалары жауапкерде қалғаны үшін, алым төлеуден босатылады делінген. Екіншісінде, жауапкерге үйді қалдыру үшін, ал осы үйдің жарты ақшасы 32 346 теңгені талапкер пайдасына өндіруге дегені тағы бар. Сонымен баланы көтеріп, сот Құрманбаев мырзаға бара жатыр едік, алдымыздан шықты. Сондағы ол кісінің айтқаны:
- Бейсеке, құтырғаннан құтылған деген. Неғыласың бұл қатынды, таста. Саған адам болмайды, - деп бұрылып кабинетіне кіріп кетті.
Сот Кенжебековтың неке бұзу туралы шешімінен үзінді
7 мамыр 2002 жыл
Ерлі-зайыптар 1992 жылы наурыз айының 19-нан өзара некеде тұрған. Араларында үш балалары бар. Екеулерінің араларында некелік қатынас ақпан айының 2002 жылдан бастап бұзылған, жауапкер арақ ішіп, жеңіл жүріске түсіп, басқа әйелден баласы бар, үйінен кетіп қалған, сол себептен талапкер некесін бұзуды сұрап сотқа арыз жазған.
Дүние-мүлікті бөлудің шешімі
Талапкер Куримбаева Рымкүл Дүйсенбековна мен жауапкер Джумасаев Бейсен Алашбаевич екеулерінің аралығындағы ортақ мүлікті бөлуге.
Жауапкер Б.А.Джумасаевқа Шу қаласы Панфилов көшесі №19 үй 1 пәтердегі үйді қалдыруға, ал осы үйдің жарты құнын 32 346 теңгені жауапкерден талапкер Р.В.Куримбаеваның пайдасына өндіруге.
Б.А.Джумасаевтан Р.Д.Куримбаеваның пайдасына талапкердің төлеген мемлекеттік алымын 647 теңге өндіруге және Б.А.Джумасаевтан мемлекет пайдасына 5000 теңге сот шығынын өндіруге.
Шешімге қарсы болған жақ 15 тәулік ішінде Жамбыл облыстық Шу аудан соты арқылы шағымдануға құқылы. Шу аудандық сотының судьясы: Кенжебеков К.А.
Шешім заңды күшіне 23 мамыр 2002 жылы енді. Қол хат
Мен Құрымбаева Рымкүл Дуйсенбековна жауапкер Джумасаевтың арамыздағы даулы үйдің жарты бағасын яғни 32 500 теңгені алдым.
Қоятын талапкерім жоқ.
17.05.2002ж.
Әулиеге келдік. Аң-таң болып бұл қалай болды деп әрі-бері талқыладық да қойдық. Бір күні Рымкүлдің сіңлісі марқұм Света және Бейбіт деген милицияда жұмыс істеген келіншекпен бірге келді. Сонда Бейбіттің айтқаны:
- Аға, неғыласыз. Кешірім сұраңыз. Балалар бар, мына қыз бар, асырап алған. Ақылға келіңіз, - деді. Света марқұмның айтқаны:
- Жезде, сен не жағдай жасап едің? Ылғи Рымкүл деген кесеменен мамамның үйінен шықпайды. Құмшекер, шай берші, таусылып қалды. Тамаққа қататын май берші деп. Ылғи жоқ деп жүретін, ал сен болсаң, әулие деп әйелдермен отырсың. Сен не жақсылық істеп жатырсың? Атауыңды ішкір, екі балаң жалмауыз, тамаққа тоймайды, істеген-істегеніңше жеп қояды,-деп кетті. Кеткен соң ойладым да қыздарға айттым, мына Светаға бір нәрсе көрінер. Әнеугүні Мөлдірді лақтырғаны көз алдымнан кетпейді. Ендігісі мынау. Бұл бала көтермей, менің босағамда түнеп жатып, жүріп көрген екі баласының жақсылығын көрмес. Мынаның түрі жаман деп, қатты ренжідім.
Халқым деген, айналайын. Бес саусақ бірдей емес. Неше түрлі адам келеді. Бірі:
- Қыз туып берген қатының мынау ма? Әй, сайқал, сен бе едің? Үш ұл туған әйелді тастатып, не көрінді- деп біреүі келсе.
Екіншісі бәрін көріп, біліп, соның ішінде жүріп, сыртқа шығып бұрмалап, теріс сөйлегендері де болды. Сөйтіп жүргенде ауылымыздың суырып салма ақыны Әміржанов Серік деген жігіт келіп, қасында тағы да ілесіп келгендері бар. Өзара әңгімелесіп отырғанда, сырттан тағы да бөтен жігіттер келді. Олар неше түрлі әңгіме айтып, біреусін таныдық. Әкімшіліктен еді, оның айтқаны:
- Сен сияқты оңбаған адам отыратын жер емес. Сені ит қосып қуу керек, - деп біраз айқайласып қалдық. Олар кеткен соң Серік:
- Мынау масқара ғой, өткенде біреулер айтқанда сенбей қойып едім. Рас екен ғой, әулие басы айхай - шу, сұмдық қой, - деді. Содан отырып, өткен-кеткенді айтып, соттың қағаздарын көрсеттім. Оқып алып, таң қалып бола алмады. Біраз отырып, қағаз-ручка сұрап алды да, жазғаны: