10-апта 1 кредит сағат 10-практикалық сағат Тақырып:Сөйлеу мәдениеті
Практикалық сабақтың мазмұны: Қазіргі қоғамның адамы өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілу үшін батыл іс-қимыл жасай білуі және шұғыл шешім қабылдай алатын тәуекелшіл адам болуы керек екендігі белгілі. Сонымен қатар заман талабына сай кез-келген іскер адам көпшілік алдында сөз сөйлей білгені жөн. Сөз сөйлей білу дегеніміз айтар ойыңды нақты да дәл, көпшілікке түсінікті тілмен сауатты жеткізе білу. Қазақта «Сөз бастау қиын» деген сөз бар, яғни көпшілік алдында шешен сөйлеу де барлық адамның қолынан келе бермейді.
Қазақ тілі – бай тіл. Тілде әр алуан ойды жеткізуге көмектесетін бояулы, бейнелі, астарлы сөздер, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер өте көп. Мәселе - әр аудитория үшін тіл байлығын қалай таңдай білуде.
Әрине, көбіне, сөйлейтін адам алдын ала дайындалып алады, да оны асықпай оқып береді.
Ал кейбір адамдар айтатын ойын қысқа мазмұнда жазып, тезис түріндегі сөзін қағазға қарамай, байыппен баяндап береді.
Шешендердің тағы бір түрі бар. Олар – дайын мәтінсіз көпшіліктің алдында еркін сөйлейді, тілдің бар байлығын пайдаланып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Американдық миллионерлердің бірі Ф.Армер жасы ұлғайған кезде: «байлығы асып-тасқан бай болғаннан гөрі айтулы шешен болғаным жақсы еді»-деген екен.
Психолог ғалымдардың айтуынша, көп адам жиналған аудитория алдында сөз сөйлейтін адамда ең алдымен қорқыныш болады.
Ал атақты Карнегидің айтуына қарағанда, көпшіліктің алдында сөз сөйлегенде батыл болу қажет, тіпті аудиторияда отырған әрбір адам Сізге қарыздар деп есептесеңіз, онда үлкен табысқа жетесіз.
Шынында, шешен қандай болу керек?
Мәселен, сіз бүгін көпшілік алдында бірінші рет сөйлейсіз. Немесе сіз белгілі саяси қайраткерсіз, парламент мүшесісіз. Белгілі бір тақырып бойынша Сіз Парламент депутаттары алдында баяндама жасайсыз немесе өзіңіз басқаратын ұжыммен жиналыс өткізіп, есеп беруіңіз керек. Дайындығыңыз қандай?
Сөз тіркестерін оқыңыз, орысшаға аударып жазыңыз.
Көпшілік алдында, дайын мәтін, астарлы сөз, саяси қайраткер, шешен маман, баяндап беру, өз мақсатына қол жеткізу, еркін сөйлеу, қысқа мазмұнда сөйлеу.
Мәтін оқып, түсінгеніңізді айтып беріңіз. Мәтінге қосар өз пікірлеріңіз қандай?
ғалымдардың айтуынша
маманның айтуына қарағанда
депутаттың айтуынша
сөйлеушінің айтуына қарағанда
басшының айтуынша
баяндамашының айтуына қарағанда
тілшінің айтуынша